Мефедрон дайындау кезінде екі адам қаза тапты: есірткі тобының ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ресей Федерациясынан психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы – Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің Алматы аумағында және Қазақстанның басқа өңірлерінде мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені анықталды.
Ол 2021 жылдан бастап қылмыстық іс-әрекетке ақшалай қаражатқа мұқтаж адамдарды тартқан. Қатысушылар психотроптық заттарды дайындау, тасымалдау, өлшеп-орау және тарату бойынша түрлі функцияларды орындаған, ал олардың іс-қимылы Telegram мессенджері арқылы қашықтан үйлестіріліп отырған.
2024 жылы ұйымдастырушының нұсқауымен Алматыда бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған. Солардың бірінде психотроптық заттарды дайындау барысында екі қатысушы химиялық заттан ауыр уланып, көз жұмған.
Бұған қарамастан, қылмыстық әрекет жаңа орындаушыларды тарту арқылы жалғаса берген. 2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатты. Тінту барысында 24 келіден аса химиялық заттар, жабдықтар, қорғаныс құралдары мен дайын өнім табылды.
2025 жылдың шілдесінде күдікті Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жарияланымы (@prokuratura.govkz)
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 10:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















