Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай осы мәселеге назар аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұйымның 2026 жылғы қыркүйекте жарияланған мәліметіне сәйкес, 2023 жылы әлемде әр жетінші адамда психикалық бұзылыс болған. Ең көп таралғандары – мазасыздық пен депрессия. Атап айтқанда, 470 миллион адам мазасыздық бұзылысына шалдыққан. Олардың 146 миллионы – балалар мен жасөспірімдер. Ал депрессиямен өмір сүретіндер саны 322 миллионға жеткен. Оның 43 миллионы – кәмелетке толмағандар.

ДДСҰ мәліметінше, психикалық денсаулық мәселесі бар адамдардың көпшілігі тиімді ем ала алмайды. Мәселен, мазасыздық бұзылысы бар әр төрт адамның шамамен біреуі ғана ем қабылдайды. Бұған мамандардың жетіспеуі, медициналық көмектің қолжетімсіздігі және қоғамдағы теріс көзқарас әсер етеді.

Биыл Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні «Шынайы тәжірибе, шынайы дауыс, нақты өзгеріс» тақырыбымен өтіп жатыр. Ұйым психикалық қиындықтарды бастан өткерген адамдардың пікірін ескеруге шақырды. ДДСҰ мұндай азаматтар өздеріне қандай көмек қажет екенін жақсы білетінін, сондықтан денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдауға қатысуы керектігін атап өтті.

Ұйымның зерттеуіне сәйкес, психикалық денсаулық сақтау жүйесін ауруханадан тыс, адамның күнделікті өміріне жақын қызмет көрсету үлгісіне толық көшірген елдердің үлесі небәрі 9 пайыз. Ал есепке алынған психиатриялық ауруханаға жатқызу жағдайларының 49 пайызы пациенттің еркінен тыс жүзеге асқан. Ауруханада емделу жағдайларының 23 пайызында адамдар бір жылдан астам уақыт жатқан.

Осыған байланысты ДДСҰ 9 қазанда психиатриялық ауруханалардағы ұзақ мерзімді емдеуден адамның өз ортасында көмек алуына біртіндеп көшу жөнінде жаңа нұсқаулық жариялады. Ұйым мұндай өзгеріс адамдардың отбасымен байланысын сақтап, қоғам өміріне араласуына мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Мамандар депрессия мен мазасыздықты уақытша көңіл күйдің өзгеруімен шатастырмау керектігін ескертеді. Мәселен, адамның бұрын ұнатқан істеріне қызығушылығы жоғалып, көңіл күйі кемінде екі апта бойы төмен болса, бұл депрессияның белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгінген жөн.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары