Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату процесі жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Украинадағы жағдайды реттеу жақындап қалғанын және бұл процестің жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Ресей мен Украина мәселесін шешеміз. Бұл процесс жылдам жүріп жатыр. Тағы екі соғысты аяқтауға жақын қалдым", – деді Трамп Нью-Йорк штатындағы Сиракьюс қаласында өткен митингіде. Ол бұл жиында губернатор сайлауына қатысатын Республикалық партия кандидатын қолдап сөз сөйледі.
Трамптың айтуынша, екінші қақтығыс Иранмен келісімге қол жеткізілгеннен кейін реттеледі.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз қызметі Владимир Путиннің жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Әңгіме барысында Украинадағы қақтығысты реттеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 19:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















