Салық қызметіне қазақстандықтардың маркетплейстердегі төлемдері туралы деректер беріледі бұл не үшін қажет
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстандықтардың шетелдік компанияларға, соның ішінде маркетплейстерге аударған ақшасы Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауында. Банктер мұндай төлемдер туралы мәліметтерді комитетке жолдап отырады. Салық органдарына бұл ақпарат не үшін қажет және ол қалай пайдаланылады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компанияларға жасалған төлемдерді не үшін тексереді?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, еліміздің тұрғындарына интернет арқылы тауар сататын немесе электрон қызмет көрсететін шетелдік компаниялар Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеліп, тиіс салықты төлеуге міндетті.
Анықтама: Қосылған құн салығы (ҚҚС) – тауардың, жұмыстың немесе қызметтің бағасына қосылатын жанама салық. Оны түптеп келгенде тұтынушы төлейді.
Алайда бұл талапты орындамайтын компаниялар да бар.
Осындай заңбұзушылықтарды анықтау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың шетелдік компанияларға аударған қаражаты туралы банктер ұсынған мәліметтерді талдайды.
Маркетплейстердің сайты қандай жағдайда бұғатталуы мүмкін?"Мұндай компанияларды анықтау мақсатында комитет екінші деңгейлі банктерден Қазақстан азаматтарының шетелдік компанияларға жасаған төлемдері мен ақша аударымдары туралы келіп түсетін мәліметтерге талдау жүргізеді", – делінген редакция сауалына берілген жауапта.
Егер салық органдары Қазақстанда ҚҚС төлеуге міндетті бола тұра, тіркеуден өтпеген шетелдік компанияны анықтаса, оған заң талаптарын орындау туралы хабарлама жібереді.
Компания белгіленген мерзімде тіркелмесе, оның сайтына Қазақстан аумағынан кіруге шектеу қойылуы мүмкін.
Wildberries, Ozon, Temu және AliExpress Қазақстанда салық төлей ме?"Шетелдік компания тиісті хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде шартты тіркеу талаптарын орындамаса, комитет заңнамада көзделген шараларды қабылдайды. Соның ішінде компанияның интернет-ресурсына Қазақстан аумағында кіруді шектеу үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жолданады", – деп түсіндірді комитет өкілдері.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Wildberries пен Ozon Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар арқылы жұмыс істейді. Сондықтан олар салықты елімізде белгіленген жалпы тәртіппен төлейді.
Ал Temu мен AliExpress арқылы қызмет көрсететін шетелдік компаниялар да Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркеліп, салық міндеттемелерін орындап отыр.
Осылайша, комитеттің мәліметінше, бұл төрт маркетплейстің ешқайсы қазір Қазақстанның салық заңнамасы талаптарын орындамаған шетелдік интернет-платформалар қатарында емес.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 16:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















