Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Әділет» партиясы өз қызметінде цифрлық технологияларды қолдану аясын барынша кеңейтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы мақсатта жасанды интеллект құралдарын әзірлеп, сынақтан өткізетін арнайы зертхана өз жұмысын бастайды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – жасанды интеллект мүмкіндіктерін заң жобаларын талдау мен заңнамалық бастамаларды әзірлеуде пайдалану.

Алғашқы кезеңде зертхана мамандары заңнамадағы қайшылықтарды анықтауға, заң жобаларын талдауға және заңнамалық өзгерістердің ықтимал салдарын бағалауға арналған құралдарды сынақтан өткізеді. Бұл технологияларды Құрылтай депутаттарының жұмысына енгізбес бұрын олардың дәлдігі, сенімділігі және заңнама талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексеріледі. Сынақтан сәтті өткен құралдарды e-Quryltai цифрлық жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Зертхана жұмысының тағы бір бағыты – деректерді талдау. Жасанды интеллект азаматтардың өтініштерін саралап, өңірлердегі өзекті мәселелерді анықтауға және оларды заңнамалық бастамаларды әзірлеу кезінде ескеруге көмектеседі.

Зертхананың алғашқы жобалары мен жұмыс бағыттары партия өкілдері және Құрылтай депутаттары Екатерина Смышляева, Үнзила Шапақ пен Снежана Имашева қатысқан кездесуде талқыланды.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушиннің айтуынша, жасанды интеллект заңнаманы талдау мен заңнамалық бастамаларды әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Зертхананың алғашқы жұмыс кезеңіне бес пилоттық жобаны іріктедік. Әуелі балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі мен дербес деректерді қорғауға қатысты заң жобаларын талдауға басымдық береміз. Сондай-ақ депутаттық сауалдардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеретін жасанды интеллект құралын сынақтан өткіземіз. Бұдан бөлек, заңнамалық өзгерістердің ықтимал салдарын бағалау әдістемесін әзірлеп, жасанды интеллектті заң шығару ісінде қолдану талаптарын айқындаймыз», – деді «Әділет» партиясы төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары Қаныш Төлеушин.

Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллектіні заң шығару ісінде қолдану үлкен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Сондықтан жаңа технологиялар заңнамамен тікелей жұмыс істейтін мамандардың қатысуымен мұқият тексерілуі тиіс.

«Зертхананың басты міндеті – жасанды интеллект құралдарын сынақтан өткізу, жетілдіру және оларды енгізудің нақты тәртібін әзірлеу. Бұл жұмысқа заң шығару үдерісін жетік білетін аппарат қызметкерлері мен депутаттар тартылды. Олар жасанды интеллект ұсынған нәтижелердің сапасына кәсіби баға береді», – деді Екатерина Смышляева.

Зертхана жұмысына заңгерлер, бағдарламашылар, ғалымдар мен салалық сарапшылар тартылды. Олар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін, заңнама талаптарына сәйкестігін және іс жүзінде қолдану тиімділігін бағалайды.

Алдағы уақытта зертхананың техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, заңнамалық дерекқорларды дамыту және ғылыми әрі сарапшылық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту көзделіп отыр. Пилоттық жобалардың нәтижелері жасанды интеллект құралдарын заң шығару ісіне одан әрі енгізуге және Құрылтайдың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға негіз болмақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 15:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see122

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see121

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see120

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see120

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see116

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see115

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see115

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары