Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда А(H1N1)pdm09 маусымдық тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сонымен қатар соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық 10%-ға төмендеді. Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері 240 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Эпидемиологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, тұмаудың үш жағдайы Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Зертхана жағдайында барлығы 834 сынама зерттеліп, оның бесеуінен тұмау вирусы табылды.

Соңғы есепті аптаның ішінде елде 127 266 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 140 273 болған. Қыркүйек айының басынан бері ЖРВИ-дің 760 182 жағдайы анықталды.

Зертханалық мониторинг басқа да респираторлық вирустардың таралуын растады. Атап айтқанда, риновирустық инфекцияның – 68, маусымдық коронавирустық инфекциялардың – 47, бокавирустық инфекцияның – 50, парагриптің – 32, аденовирустық инфекцияның – 27, респираторлық-синцитиалды инфекцияның – 2 және метапневмовирустық инфекцияның 1 жағдайы анықталды.

Халықты тұмауға қарсы тегін вакцинациялау үшін «Гриппол®️ Плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасы сатып алынды. Оның құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға арналған ұсынымдарына сәйкес келеді. Вакцина еліміздің барлық өңіріне жеткізілді.

8 қазандағы жағдай бойынша тұмауға қарсы екпені 240 375 адам алды.

Бірінші кезекте тегін вакцинациялау қауіп топтарына жүргізіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар мен осы мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да санаттағы азаматтар бар.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау үшін қазан айы қолайлы кезең екенін еске салады. Себебі екпеден кейін иммундық қорғаныстың қалыптасуына шамамен екі апта қажет.

Вакцинациялау тұмаудың ауыр өту және асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.

Сонымен қатар қарапайым профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады: қолды үнемі жуу, бөлмелерді жиі желдету және науқас адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу.

Дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы немесе респираторлық инфекцияның басқа да белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, уақытылы медициналық көмекке жүгіну және өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізуді және еліміздің барлық өңірінде профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 17:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see154

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see141

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see133

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see133

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see133

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see132

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see131

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see131

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see130

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see129

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see128

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see128

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see128

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see128

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see128

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see127

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see126

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see126

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары