Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін беретін «Стоп-кредит» қызметінің бар екенін еске салады. «Стоп-кредит» болған кезде қаржы ұйымы қарыз беруден бас тартуға міндетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен бірге заңнамада «Стоп-кредит» қолданылмайтын ерекше жағдайлар көзделген.
Егер:
тұтынушылық қарыз сомасы тікелей тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына аударылып, ал тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің алынғанын қарыз алушы растайтын болса (тауар кредиті);
банктік қарыз қарыз алушының сол банктегі басқа қарыз бойынша берешегін өтеу үшін берілсе (ішкі қайта қаржыландыру);
банктік қарыз төлем картасы бойынша 150 АЕК-тен (648 750 теңге) аспайтын мөлшерде белгіленген кредиттік лимит шеңберінде берілетін болса (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге төлем жасау үшін жаңартылатын кредиттік лимит);
банктік қарыз ақшаны тиісті мақсатына қарай аудару арқылы тек салықтар, айыппұлдар немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу үшін берілетін болса, банктік қарыздар үшін тыйым салу қолданылмайды.
«Стоп-кредит» болған кезде мыналар:
- тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тікелей сатушыға (өнім берушіге) төлем жасау;
- сол микроқаржы ұйымындағы берешекті қайта қаржыландыру;
- салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеу үшін микрокредит беруге болады.
Ломбардтар беретін микрокредиттерге «Стоп-кредит» қолданылмайды.
Егер банктік қарыз (микрокредит) «Стоп-кредитті» бұзу арқылы берілсе, қаржы ұйымы несие берешегін есептен шығару, кредиттік тарихты түзету және қарыз алушыдан өндіріп алынған соманы қайтару жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
«Стоп-кредит» тетігі банк немесе микроқаржы ұйымы банктік қарыз (микрокредит) беру кезінде сақтауға міндетті болатын басқа талаптардың күшін жоймайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 11:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















