Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

ChatGPT мен Gemini қазақ тілінің қанатын қатайтып, биік тұғырына қондыра ала ма?

ChatGPT мен Gemini қазақ тілінің қанатын қатайтып, биік тұғырына қондыра ала ма?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Aikyn.kz-тің лонгрид материалында қазақ тілінің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект кеңістігіндегі бүгінгі жағдайына назар аударылады, болашағы бағаланады.

Тілдің болашағы оның интернетте қаншалықты кең қолданылатынына, жаңа технологияларда қаншалықты еркін сезінетініне тікелей байланысты. Бұдан 5-10 жыл бұрын қазақ тілінде интернеттен қажетті ақпарат табу, сапалы автоматты аударма жасау немесе технологиялық құрылғымен ана тілімізде тілдесу оңай болмайтын. Қазір жағдай өзгерген. Жасанды интеллектің қарқынды дамуы қазақ тілінің цифрлық мүмкіндігін кеңейтіп, оны жаңа деңгейге көтерді.

Мәселен, ChatGPT, Gemini және басқа ірі тілдік модельдер қазақша қойылған сұрақты «түсініп», мәтін құрастырып, ақпаратты талдап, аударма жасайды. Ең маңыздысы – ақылды жүйелер сөздерді жеке-жеке аударумен шектелмей, сөйлемнің мағынасы мен контекстін түсінуге бейімделе бастады.

Қазақ тілінің жалғамалы құрылымы, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі байланысы технология үшін күрделі болғанымен, қазіргі модельдердің қазақ тіліндегі сауаты ай сайын жақсаруда. Бұл – ана тіліміздің жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуетін көрсететін маңызды өзгеріс.

Цифрландыру қазақ тілін үйретудің тәсілдерін де өзгертті. Tilqural, Tilmedia, Abai Institute пен Soyle.kz платформалары мен түрлі мобильді сервистер сөз жаттау, тыңдалым, грамматика және күнделікті сөйлеу дағдыларын онлайн дамытуға көмектеседі. Ал Leyo мен Talkio AI сияқты жасанды интеллект құралдары тіл үйренушімен қазақша диалог құрып, қатесін түсіндіріп, мәтінді оның білім деңгейіне қарай бейімдеп береді. Бұл қазақ тілін үйренгісі келетін жастарға, өзге этнос өкілдеріне және шетел азаматтарына өте қолайлы.

Бірақ технологияның қазақша сапалы сөйлеуі өздігінен жүзеге аспайды. Жасанды интеллект қаншалықты мол әрі сапалы қазақша деректермен оқытылса, оның жауабы да соншалықты дәл және табиғи болады.

Сондықтан интернеттегі ғылыми еңбектерді, әдеби шығармаларды, оқулықтарды, терминологиялық қорды және сенімді қазақтілді контентті көбейту маңызды. Әсіресе ғылым, медицина, құқық, экономика және технология салаларындағы қазақша цифрлық қорды кеңейту – уақыт талабы.ChatGPT мен Gemini қазақ тілінің қанатын қатайтып, биік тұғырына қондыра ала ма? 

Ана тіліміздің цифрлық кеңістіктегі дамуына тұсау болатын мәселелер әлі де бар. Қазақ тілінің цифрлық ортадағы проблемалары технологияларды нақты пайдаланғанда байқалады. Соның бірі – адамның сөзін автоматты түрде мәтінге айналдыру сапасы. Қазақ тілінде күнделікті әңгімеде орысша сөздердің араласуы жиі кездесетіндіктен, дауысты тану жүйесі бір сөйлемнің ішіндегі екі тілді бірдей дәл ажыратуы керек. Бұл мәселенің өзектілігін отандық зерттеулер де көрсетіп жүр.

Мысалы, Назарбаев Университетінің Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) ұсынған Kazakh Speech Corpus 2 жобасының ресми сипаттамасында корпусқа телебағдарламалар, радио, Парламент отырыстары және подкастардан жиналған 1 200 сағат аудио мен 600 мыңнан астам сөйлем енгізілгені айтылған. Корпуста қазақша-орысша аралас сөйлеу үлгілері де қамтылған. Бұл деректер дауысты тану жүйелерін қазақ тілінің шынайы қолданысына бейімдеу үшін қажет. 

Ал 2025 жылы жарияланған зерттеуде қазақ тіліндегі арнайы корпуспен қосымша оқытылған көптілді модельдің көрсеткіші 49%-дан 69%-ға дейін жақсарғаны баяндалады. Әрине, бұл нәтижені барлық жасанды интеллект жүйесіне ортақ көрсеткіш деп қабылдауға болмайды. Ол нақты зерттеу жағдайында, белгілі бір модель мен бағалау әдісі арқылы алынған нәтиже. Сондықтан қазақ тілінің цифрлық болашағы жаңа сервистерді қазақшалаумен ғана емес, жасанды интеллект «оқитын», «тыңдайтын» және үйренетін ұлттық деректер қорын ғылыми талаптарға сай үздіксіз толықтырумен тікелей байланысты.

Тағы бір мәселе – ЖИ жүйелерінің қазақ тіліндегі күрделі контексті әрдайым дәл түсіне бермеуі. Мысалы, ЖИ кейде тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді сөзбе-сөз түсіндіріп, олардың астарлы мағынасын жоғалтып алады. Қазақша сұрақ қойылғанда жауаптың арасында орысша сөздер мен калька тіркестердің кездесуі де толық шешілмеген.

Бұл жерде терминологияда да бірізділік жетіспейтінін мойындауға тиіспіз. IT саласындағы machine learning, prompt, cloud computing сияқты жаңа ұғымдардың қазақша баламалары әр ресурста әртүрлі беріліп жатады. Бұл тек оқырманды шатастырып қоймай, қазақша мәтіндермен үйретілетін ЖИ жүйелерінің жұмысына да әсер етеді. Технологияны қазақша «сөйлету» жеткіліксіз. Оның қазақ тілінің табиғи қолданысын, мәдени контекстін және тілдік ерекшеліктерін дұрыс түсінуіне үйрету де маңызды.

Келесі түйткіл – жиі айтылып жүрген сапалы цифрлық контент көлемі. Бүгінгі пайдаланушы қазақша медицина, инженерия немесе заманауи технологиялар туралы күрделі ақпаратты іздегенде, ағылшын, орыс тілдеріндегідей мол әрі әртүрлі дереккөз таба алмайды. 

Цифрлық дәуір қазақ тіліне сын-қатер ғана емес, мол мүмкіндік ұсынады. Ана тіліміздің болашағы енді кітап пен дәстүрлі медиамен шектелмейді. Қазақ тілі смартфонда, мобильді қосымшада, іздеу жүйесінде және жасанды интеллект платформаларында өмір сүруде. Smart-технологиялар қазақша неғұрлым еркін сөйлесе, ана тіліміздің жастардың өміріндегі орны да соғұрлым нығая түспек. Бұл – ұлттық құндылықты сақтаудың ғана емес, қазақ тілін заман талабына сай дамытудың төте жолы.

Яғни, ChatGPT мен Gemini қазақ тілін түсініп қана қоймай, оның ұлттық иірімдерін еркін меңгерген кезде ғана ана тіліміз цифрлық әлемде қанатын кеңге жайып, биік тұғырына көтеріле алмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see152

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see141

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see133

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see133

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see131

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see127

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see123

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see115

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары