Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақорда Оман Сұлтандығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы бірлескен мәлімдемені жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары Мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Оманның Сұлтаны Ұлы Мәртебелі Хайсам бен Тариқ 2026 жылғы 5 – 6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оман Сұлтанының Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынастарды дамыту тұрғысынан маңызды тарихи оқиға болды.

Сапар барысында келіссөздер жоғары деңгейде және табысты өтті, ол екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік береді. Көшбасшылар бірлескен жобаларды және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жолдарын, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Олар өзара құрмет пен сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастың достық ниеттегі әрі сындарлы сипатына ризашылығын, сондай-ақ өзара қызығушылық танытып отырған барлық салада ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға екі тараптың да мүдделі екендерін білдірді.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, әуе қатынасы туралы, Оман – Қазақстан іскерлік кеңесін құру туралы және бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімдерге, сондай-ақ Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы және түрлі саладағы ынтымақтастықты қамтитын бірқатар ведомствоаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Жоғары Мәртебелі Президент пен Ұлы Сұлтан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуын жан-жақты қарастыра отырып, бірқатар маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасып, мыналар туралы мәлімдеді:

1. Мемлекеттер басшылары Оман мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар достыққа, өзара құрметке және сындарлы ынтымақтастыққа негізделгенін атап өтіп, Қазақстан мен Оман арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады. Екі тарап көпжақты ынтымақтастыққа және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына, соның ішінде барлық мемлекеттердің егемендігіне, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына құрмет көрсетуге бейіл екендерін растады, даулар мен қақтығыстарды бейбіт, саяси және дипломатиялық жолдармен шешудің маңызын атап өтті.

2. Мемлекеттер басшылары екіжақты сауданы одан әрі кеңейту және әртараптандыру үшін айтарлықтай әлеует барын атап өтті. Олар екі ел арасында алмасатын тауарлар мен өнімдердің түрлерін кеңейтуге, қолданыстағы сауда кедергілерін жоюға және екі елдің өнімдеріне, бір-бірінің нарықтарына кеңірек қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдетуге бағытталған үйлестірілген шараларды жүзеге асыруға келісті.

3. Мемлекеттер басшылары энергетика, табиғи ресурстар, өндіріс, тамақ өңдеу, денсаулық сақтау, логистика, туризм, жаңартылатын энергия және тау-кен өндіру сияқты өзара мүдделі салаларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын растады. Екі көшбасшы энергетика, жаңартылатын энергия, тау-кен өндіру және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы бірнеше келісім мен меморандумды құптады.

4. Мемлекеттер басшылары басым экономикалық салаларда инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Олар өзара инвестицияларды арттыруға, жаңа өндірістік қуаттарды құруға, жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін, бірлескен экономикалық бастамаларды ілгерілететін айтарлықтай мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті. Екі тарап та Қазақстан – Оман инвестициялық қорын құруды құптады. Олар Астана халықаралық қаржы орталығы мен Оман халықаралық қаржы орталығы арасындағы іскерлік байланыс пен өзара тиімді серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

5. Мемлекеттер басшылары Қазақстан – Оман үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін атап өтті және оның өзара қызығушылық танытып отырған барлық салада екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтудегі шешуші рөлін құптады.

6. Мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Шығанақ елдері арасындағы көлік және логистика байланыстарын нығайтудың стратегиялық маңызын атап өтті. Олар Қазақстан мен Оманның Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка және басқа да негізгі аймақтар арасындағы нарықтарды байланыстыратын, тиімді және тұрақты көлік-логистика дәліздерін дамытатын айтарлықтай әлеуеті барын атап өтті.

7. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Оман арасында тікелей және тұрақты әуе қатынасын мүмкіндігінше тезірек орнату маңызды екенін атап өтті. Мұны екі ел арасындағы бизнес, туризм, мәдениет салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ететін маңызды фактор ретінде мойындады.

8. Мемлекеттер басшылары ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

9. Мемлекеттер басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өзара мүдделі екендерін растады. Тараптар энергетика, мұнай-химия, өнеркәсіптік өндіріс және өңдеу салаларында өзара тиімді бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеуге дайын екенін білдірді.

10. Мемлекеттер басшылары цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, инновациялар және адами капиталды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға айтарлықтай әлеуеттерінің бар екенін атап өтті. Тараптар екі елдің технологиялық компаниялары, инновациялық хабтары, академиялық және білім беру мекемелері арасында білім алмасу, инновацияларды енгізу және өзара тиімді бастамаларды жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимыл мен серіктестікті дамытуға дайын екендерін білдірді.

11. Мемлекеттер басшылары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, соның ішінде студенттер және оқытушылар алмасуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын ілгерілетуге қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және академиялық мекемелері, мәдени ұйымдары арасындағы институционалдық байланыстар мен алмасуларды одан әрі дамытуды қолдады.

12. Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог пен байланыстарды сақтауға дайын екендерін растады. Олар екі ел үкіметтері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды және үкіметтік ведомстволар мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ниетті екендерін білдірді.

Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы мәртебелі Сұлтан Хайсам бен Тариққа Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары үшін, сондай-ақ Қазақстан – Оман арасындағы сан қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын айтты.

Ұлы Мәртебелі Сұлтан Хайсам бен Тариқ өзіне және делегациясына құрмет көрсеткені, сондай-ақ жылы шыраймен қарсы алғаны үшін Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасымен достық қарым-қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ниетін растады және Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Оман Сұлтандығына сапармен келуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 15:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

04 Қазан 2026 22:31see134

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see134

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see134

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see132

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see132

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see131

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see129

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see123

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see123

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see121

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see118

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see117

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see117

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see116

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see115

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары