Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Міржақып Дулатұлы. Қазақ тілінің мұңы...

Міржақып Дулатұлы. Қазақ тілінің мұңы...

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ тілінің мұңы (Мыңбайұлы Жалау жолдасқа)

Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.

Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Әліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынұлы. — ред.) деген кісіден ғана естідім.

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.

Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Жаны жәндем кеткір миссионерлердің, молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, босқа куанған екенмін...

Жанның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін Білім кеңесі екеш Білім кеңесі де мені аямады. «Етістік», «сәрсендеме» деген жалаларды әкеп жапты маған. Бұйырмасын, біздің арамызда мұндай атты соғылғаңдар туғалы болып көрген емес. Не амалың бар? Құдай басқа салған соң көніп отырмыз. Кітаптарында, газеттерінде маған көрсетпеген қорлығы тағы жоқ.

«Қазақыландыру» деген бір пәлесі шықты да, көрген күнім бұрынғыдан да қараң болды. Бірдемені бұтып-шатып жазады да, міне, сені қазақыландырдық дейді. Жақын арада Қазалы дейтін қалада «кәператив күні» деген бір күн болып, жүрттың бәрі желігіп көшеге шықты. Ұялғаным-ай, кірерге тесік таба алмадым. Қолдарындағы қызыл туына сондағы жазғаны мынау: «Арзан тауара де дебенге һәм ауылдарға арзан астыт жұмыскерлер кетубі жақсу. Назыққанда амал би лелдік жеккуле-к пл! Жоғарлатуна керек канун есамклдің арзандауыға тауарлерде өсемен жегере уктабр іңқлаб».

Міне, жұртым, мені Қазалының «қазақыландырғандағысы» осы! Жасаған-ай, мұндай да қазақыландыру болады екен!

Енді, қайтемін? Бұл мұңымды кімге айтамын, кімге шағамын!...

Менің ойлап-ойлап тапқаным – Жалау жолдас, сен болдың. Сен өкімет басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазақтың бел баласы едің. Сен адырайған адай едің. Мұңымды мен жалғыз-ақ саған шағамын. Өзге комиссиялардың көбіне сенбеймін. Олардан да жақсылық көріп жүргенім жоқ. Газетке арнаған сөздерін сусылдатып орысша жазады да, шала-шарпы тілмаштарына аудартып, жанымды шығара жаздайды. «Тасты жапалаққа ұрса да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да жапалақ өледі» дегендей, бәз-баяғы менің сорым.

Жалаужан, мен саған жалынам, «Ауыл тілін» шығарамын, газетім нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жазылады дегенде, ішім елжіреп кетеді. Мұныңа тілектеспін. Жортқанда жолың болсын, жолдасың Маркс, Ленин болсын, сенің не керегіңе мен дайынмын. Бірақ, мені қорға, таза сақта, көрінген тілмәштарыңа тағы да қор қылма. Әсіресе, Қазалы сықылдылардың «қазақыландырғанынан» қорға. Азар коменес болып кетсең де, ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солардың тілі едім ғой, не жазығым бар, ая мені!

Міржақып Дулатұлы,
«Ауыл тілі», 27 июль, 1926 ж.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 18:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары