Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Абай университетінде қазақ халқының көрнекті ағартушысы, тұңғыш математика оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында «М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының» тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ ғылымы мен білімінің іргетасын қалаған тұлғалардың рухани мұрасын жаңғырту, сондай-ақ ұлттық педагогика дәстүрі мен заманауи білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту. Дәрісхананың лентасын академик Мұрат Жұрынов пен әлемге танымал математик, академик Мұхтарбай Өтелбаев қиды.

Физика-математика факультетінің жанынан ашылған жаңа дәрісхана заманауи оқу жабдықтарымен, интерактивті тақтамен және ғылыми-әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілген. Аудиторияда Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын танытатын көрнекі ақпараттар, сирек басылымдардың көшірмелері және ағартушының әйгілі «Есеп құралы» атты еңбектерінің цифрлық нұсқалары орналастырылған.

Салтанатты басқосуды университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп ашып, Міржақып Дулатұлының педагогикалық және ғылыми мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. 

– Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатұлына дәрісхана ашуымыздың себебі айқын. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – тұңғыш жоғары оқу орыны. Ал осы тарихы әріден басталатын қасиетті қара шаңырақтың ашылуында Алаш арыстарының еңбегі өте зор. Ұлт мақтаныштары Ораз Жандосов, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Бәймен Алманов, Темірбек Жүргенов дәріс оқыды. Әліпбидің тұңғыш авторы Ахмет Байтұрсынұлы секілді олардың көпшілігі талай істің тұңғыштары саналады. Қазірде ҚазҰПУ – көшбасшы педагогикалық оқу орны ретінде Қазақстан мен Орталық Азияда алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан, Алаш арыстарының ішінде тұңғыш қазақ тіліндегі математика оқулығын жазған, биыл туғанына 140 жыл толған Міржақып Дулатұлының есімін физика-математика факультетінде дәрісханаға беру – толықтай заңды әрі орынды деп есептеймін, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп.

Шараның модераторы Абай университетінің профессоры, академик Алма Әбілқасымова «Міржақып Дулатұлы ХХ ғасырдың басында қазақ балаларына арналған тұңғыш математика оқулығы – «Есеп құралын» жазып, ұлттық бастауыш білім беру жүйесіне тың серпін әкелді. Біз оны «Қазақстанда математиканы оқыту сабақтастығының қалыптасу тарихы» атты оқу құралында жан-жақты жазып шықтық» деді.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған академик, ғалымдар М.Жұрынов, М.Өтелбаев, М.Қойгелдиев, А.Жарменов, М.Садыбеков, осы университет түлегі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев Міржақып Дулатұлының қоғамдық-саяси және ағартушылық тұлғасын барынша ашып берді.

Жиынның құрметті қонағы – Міржақып Дулатұлының жиені, аудиторияның жасақталуына демеушілік жасаған «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев университет ұжымына ағартушы есімін ұлықтауға бағытталған бұл бастама үшін алғысын білдіріп, біртуар тұлға ұрпақтары атынан ЖОО басшылығына және салтанатты жиынға қатысқан мәртебелі қонақтарға «Міржақып Дулатұлы» медалін табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, Міржақып Дулатұлы ана тілімізде жазылған тұңғыш романның ғана емес, мектеп оқушыларына арналған алғашқы «Есеп құралы» математика оқулықтарының да авторы. Сан мәрте басылып шыққан бұл оқулықтар – кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ және қырғыз мектептерінде математика пәнін оқытудағы негізгі оқу құралы болған. Бірнеше ұрпақ өкілдері олардың көмегімен ана тілінде математикалық сауат ашқан. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 18:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары