Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ғабдуллин атындағы дәріс залы ашылды

Ғабдуллин атындағы дәріс залы ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Академия басшылығы мен жеке құрамы, ардагерлер, әскери қызметшілер, зиялы қа­уым өкілдері, музей қызметкерлері және құр­метті қонақтар қатысқан салтанатты шара қонақтардың академия музейіне экскурсия жасауынан басталды. Мұнда олар Мәлік Ғаб­дуллиннің өмір жолы мен майдандағы ерлігінен сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты. Батырдың ел тарихындағы орны мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасы жаңа дәріс залын ашудың мәнін айшықтай түсті.

Жаңа залдың ашылу рәсімінде академия бастығы, генерал-майор Жұмабек Хасенов тарихи тұлға атындағы дәріс залын ашудың маңыздылығына тоқталып, бұл орынның тек білім алатын аудитория ғана емес, жастардың бойына отансүйгіштік пен азаматтық жауап­кершілік қалыптастыратын рухани-танымдық орта болатынын атап өтті.

Шара барысында Ақмола облысы Ақ­сақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов, әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Жәмбек, 5510 әскери бөлімінің командирі, полковник Берік Қожахметов, тарихи-өлкетану музейінің директоры, ақын Құдайберлі Мырзабек және Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, ақын Мұхамед Қонқаев сөз сөйлеп, игі бастамаға ізгі тілектерін білдірді.

Академия майоры Марлен Бахтияр жаңа дәріс залын таныстырып, оның мүмкіндіктері мен алдағы жұмыстарының бағыт-бағдарына тоқталды. Енді бұл жерде дәрістер мен ашық сабақтар, ғылыми кездесулер, пікірталастар және патриоттық бағыттағы тағылымды іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.

Салтанатты жиынның мазмұнын шығар­машылық бағдарлама одан әрі аша түсті. 4-курс курсанты Сапар Нығмет Баянғали Әлім­жановтың «Мәліктің мейірімі» атты туындысын орындап, батырдың адамдық болмысын көрерменге көркем тілде жеткізсе, «Достар» мәдениет сарайының өкілі Мағжан Кәрібай күй орындап, ұлттық өнердің әсем сазын тарту етті. Ал академия курсанттары ұсынған «Ерлік рухы – ұрпаққа аманат» атты әскери-патриоттық қойылым Мәлік Ғаб­дуллиннің өмірі мен ерлігін сахналық көрініс арқылы әсерлі жеткізді.

Жаңа дәріс залының ашылуы – бір ғимараттың немесе бір аудиторияның есігін айқара ашумен ғана шектелмек емес. Бұл – тарих пен бүгінді жалғаған, ерлік пен білімді ұштастырған іргелі бастама. Өйткені Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы – Отанға адал қызмет етудің, қиындыққа мойымаудың, білім мен ғылымға ұмтылудың жарқын үлгісі болып қала бермек.

Ендігі жерде осы залда білім алатын кур­санттар батырдың ерлікке толы өнегелі өмі­рімен танысып қана қоймай, оның елге деген сүйіспеншілігінен, қайсарлығынан және азаматтық ұстанымынан бастау алмақ. Өйткені ел тарихында өшпес із қалдырған ердің есімін ұлықтау – ұрпаққа аманат. Ер есімі ел жадында сақталған жерде оның ерлігі де, өнегесі де ешқашан ұмытылмайды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 03:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары