Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Академик Сұлтан Сартаев атындағы аудитория ашылды

Академик Сұлтан Сартаев атындағы аудитория ашылды

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың есімі берілген аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

Бұл шара-заң ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлғаға деген құрметтің және жас ұрпаққа өнеге көрсетудің айқын көрінісі. С. Сартаев - азаматтық құқық, еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу салаларының дамуына ерекше үлес қосып, ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде қызмет атқарды. Оның ғылыми жетекшілігімен заң ғылымдарының докторлары және заң ғылымдарының кандидаттары дайындалды.

Академик өзіндік ұстанымы бар, өз ойын дұрыс жеткізе білетін тұлға еді. 

Ғалымның зерттеулері еліміздегі азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіруге, еңбек қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталды. Ол - бірқатар ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы, заң саласындағы тәжірибені жетілдіру ісінде белсенді қызмет еткен тұлға.

Академик Сұлтан Сартайұлы Сартаев атындағы аудиторияның салтанатты ашылуына факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және ғалымның әріптестері қатысты. Салтанатты жиында қатысушылар Сұлтан Сартайұлының құқықтық білім беру жүйесін дамытудағы еңбегін ерекше атап өтіп, оның ұстаздық жолы мен адамдық бейнесін мақтанышпен еске алды. Жаңа аудитория заманауи талаптарға сай жабдықталып, студенттер мен магистранттардың сапалы білім алуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне арналған.Мұнда құқық саласына қатысты дәрістер, пікірталастар және ғылыми кездесулер өтетін болады. С.С. Сартаевтың ғылыми еңбектерін оқып, зерттеу терең білімді әрі ерекше қабілеттің болуын қажет етеді. Оның еңбектерінің көпшілігі мемлекеттің құқықтық негізі мен қоғамдық құрылысына арналып жазылған. 

Сұлтан Сартаев Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуын терең әрі жан-жақты зерттеп, оның арықарай дамуының маңызы мен ерекшелігін терең талдаған ғалым.

Академик Сартаевтың есімі-отандық заң ғылымының мақтанышы, адалдық пен білімнің символы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған Сартаев атындағы аудитория – ғалымның өмір жолына тағзым әрі университеттің бай ғылыми дәстүрін жалғастырудың көрінісі. Бұл игі бастама жас заңгерлердің бойында адалдық, әділет және кәсіби жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Оқу орнының қабырғасынан талай білікті заңгерлер шығып,ұстаздың өнегелі жолын жалғастыра беретініне сенім мол.

Сулейменова С.Ж
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,

азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 12:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары