Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жамбыл облысының полиция департаменті 2026 жылғы 7 қазанда хабарлағандай, тәртіп сақшылары екі күн ішінде 254 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 88 шетелдік Қазақстаннан шығарылды.
"Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шара барысында халықаралық іздеуде жүрген бес шетел азаматы анықталды", – деп толықтырды полиция департаменті.
Шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларын бұзғаны үшін 57 қазақстандық та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жүргенін тексеру, көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу", – деп мәлімдеді ведомство.
"Нелегал-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2026 жылғы 10 қазанға дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)
Ал Жамбыл облысының Сарысу ауданында полицейлер мал ұрлығына қатысы бар үш адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды
16 Қазан 2025 15:14
Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік Түркістан облысында қолға түсті
16 Қазан 2025 11:15
Халықаралық іздеуде жүрген блогер ұсталды
13 Сәуір 2026 19:31
Қазақстанның сұрауымен Грузияда халықаралық іздеуде жүрген бес адамды ұстады
01 Сәуір 2026 13:03
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды
06 Қаңтар 2026 14:39
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 09:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















