Тағы 20 станция: Астанада ЛРТ қалай кеңейтіледі
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астанада Tarlan Astana (ЛРТ) жобасының екінші кезеңі аясында тағы 20 станция салу жоспарланып отыр. Оның бесеуі оң жағалауда, тағы үшеуі Қосшы бағытында бой көтереді. City Transportation Systems (CTS) компаниясы қазіргі уақытта жұмыстардың қай кезеңде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оң жағалауда бес станция салынады: қазіргі жағдай қандай?
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына CTS компаниясының хабарлауынша, оң жағалауда бес станция салу қарастырылған. Олар Сарыарқа, Жеңіс даңғылдары мен "Астана-1" теміржол вокзалы ауданында орналасады.
Бұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев желіні "Хан Шатыр" СОО маңы, Кенесары және Жеңіс даңғылдары арқылы ескі теміржол вокзалына дейін ұзарту жоспарланғанын айтқан болатын.
Компания бұған дейін жарияланған жоспар өзгермегенін нақтылады.
Tarlan Astana. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Қазіргі уақытта оң жағалауда геологиялық ізденіс жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жасалып жатыр.
"Tarlan Astana желісін ұзарту учаскесіндегі негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары геологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін басталады", - деп хабарлады CTS.
Осылайша, қазіргі таңда оң жағалауда байқалып жатқан жұмыстар эстакада мен станциялардың тікелей құрылысы емес.
Tarlan Astana. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
CTS жұмыстардың құнын әзірге ашып айтқан жоқ. Компанияның мәлімдеуінше, ол қажетті процедуралардан өткен соң анықталады. Құрылыстың аяқталу мерзімі де нақтыланбаған - ол қаржыландырудың уақтылы бөлінуіне байланысты болмақ.
Қосшы бағытында эстакада салынып жатырTarlan Astana жобасының екінші кезегінің тағы бір учаскесі Қосшы бағытында салынып жатыр. Мұндағы жұмыстар анағұрлым алда: қазір тіректер мен эстакада тұрғызылып жатыр.
Желінің ұзындығы 9 шақырымды құрайды. Онда үш станция салу жоспарланған.
LRT екінші кезегінің құрылысы. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Бұған дейін CTS қаржыландыру болған жағдайда бұл учаскені 2027 жылдың соңына қарай аяқтауға болатынын айтқан еді. Редакция сауалына берген жауабында компания жұмыстардың нақты аяқталу мерзімін растамады, тағы да мерзімдердің уақтылы қаржыландыруға тәуелді екенін атап өтті.
Астанадағы LRT құрылысы. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Бұл ретте ескі вокзал мен Қосшы бағытындағы учаскелерді қатар салу жоспарланып отыр. Учаскенің құны да әзірге анықталмаған.
Үш бағытта 20 станция: жаңа желілер қай жерден өтеді?CTS мәліметінше, Tarlan Astana жобасының екінші кезегінің жалпы ұзындығы 26,51 шақырымды құрап, 20 жаңа станцияны салу көзделген.
Біздің сауалымызға берген жауабында компания оң жағалаудағы бес станция (Сарыарқа, Жеңіс даңғылдары мен "Астана-1" вокзалы ауданындағы), сондай-ақ Қосшы бағытындағы тоғыз шақырымдық желідегі үш станция туралы жеке-жеке айтып берді.
Tarlan Astana станциясы. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Сонымен қатар, екінші кезек тек осы екі бағытты ғана қамтымайды. Бұған дейін жаңа желілердің үш бағытта салынатыны: "Астана-1" теміржол вокзалына, Жағалау тұрғын алабына және Қосшы қаласына қарай жүргізілетіні хабарланған еді. Екінші кезектің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымға бағаланып, 20 станция салу қарастырылған болатын.
Екінші кезектің жобалық құжаттамасы Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық мәліметтер банкінде де жарияланды. Онда жоба үш жаңа желіге бөлінген.
48,91 шақырым және 38 станция: Tarlan Astana желісі қандай болмақ?CTS мәліметінше, бірінші және екінші кезектер іске асырылғаннан кейін Tarlan Astana желісінің жалпы ұзындығы 48,91 шақырымды құрап, станциялар саны 38-ге дейін артуы тиіс.
Қазіргі уақытта бірінші кезек 22,4 шақырым мен 18 станцияны қамтиды. Екінші кезек тағы 26,51 шақырым мен 20 станция қосады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Tarlan Astana жолаушылары пойыздар ресми түрде 23:00-ге дейін жүретініне қарамастан, кешкі уақытта кейбір станцияларға жібермейтініне шағымданған болатын. Біз ақпарат алу үшін City Transportation Systems (CTS) компаниясына жүгіндік. Онда жеңіл рельсті көліктің қандай кестемен жұмыс істейтінін түсіндірді.
Тағы оқыңыз: Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты бірнеше учаске жабылады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 08:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















