Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Ауыл кітапханасы руханияттың мекені

Ауыл кітапханасы руханияттың мекені

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру дегеніміз – тек кітап санын көбейту немесе кітапхана ғимаратын жөндеу емес. Бұл – адамның білімге, ойға, шығармашылыққа ұмтылуына жағдай жасау. Президент бұл бағыттағы ұстанымын 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда атап көрсетіп, кітап оқу мәдениетін қоғамда орнықтыру қажеттігіне назар аударған еді.

Осы ойдың нақты көрінісін Абай облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылынан көруге болады. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атымен аталатын орталық кітапхананың жаңғыртылған ғимараты ел игілігіне берілді. Бұл нысанның есігі енді кітап іздеген оқырманға ғана емес, жаңа білімге, жаңа идеяға, жаңа мүмкіндікке ұмтылған барша ауыл тұрғынына ашылмақ.

Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы, Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Нұртай Сабильянов, Думан Орынбеков пен Мерей Қарт, TANA қоғамдық қорының төрайымы Кәмила Лұқпанова қатысты. Жиында сөз алған облыс әкімі кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың, әсіресе жас ұрпақты кітапқа баулудың маңызын атап өтті.

– 2027 жылы ұлы қаламгердің туғанына 130 жыл толады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың ашылуын алдағы мерейтойлы жылдың алғашқы іс-шарасы деп айтуға болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетіне айрықша мән беріп келеді. Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Демек, Қарауылда ашылып отырған жаңа кітапхана – ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан рухани саясаттың нақты көрінісі, – деді Берік Уәли.

Шын мәнінде, кітапханаға бүгін бұрынғыдан да үлкен міндет жүктеліп отыр. Өйткені ақпараттың түрі көбейгенімен, терең ойға жетелейтін мазмұнға сұраныс азайған жоқ. Керісінше, ақпарат тасқыны күшейген сайын адамның сенімді білім мен сапалы мазмұнға деген қажеттілігі арта түсуде.

Сондықтан кітапханалардың кейде оқырман­сыз қалуын кітапқа деген қызығушылықтың жоғалуымен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Кеңестік үлгідегі интерьер, өзгермеген атмосфера, за­ман­ауи технологиялар мен жасанды интел­лект құралдарының тапшылығы, ауыл тұрғын­дарының мәдениетке, технология мен білімге қолжетімділігінің шектеулі болуы, жаңа әде­биеттер қорының жеткіліксіздігі – мұның бәрі кітапхананың қоғамдағы рөлін қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі оқырманға тек кітаптың болуы аздық етеді. Оған кітаппен бірге жаңа әсер, жаңа орта, жаңа мүмкіндік керек.

Жаңғыртылған кітапханалар негізінде за­манауи Jaña Klub қоғамдық орталықтары құ­рылады. Жоба аясында 2026-2027 жылдары Абай облысының ауылдарындағы 30 кітапхананы жаң­ғырту жоспарланған. Биыл жыл соңына дейін 15 кітапхана жаңартылып, пайдалануға берілсе, келесі жылы тағы 15 кітапхана жаңа сипатқа ие болады.

Қарауыл ауылындағы Мұхтар Әуезов атын­дағы орталық кітапхана – осы ауқымды жұмыстың алғашқы нысаны. Үш қабатты ғимарат толық жаңғыртылып, бес үйірме жұмысын бастайды. Ал жоба аясында жаңартылатын кітапханаларда барлығы 20-дан астам жаңа үйірме ашу жоспарланып отыр. Яғни кітапханадағы тыныштық енді тек кітап парақтарының сыб­дырымен шектелмейді. Мұнда балалар сурет салады, кітап оқиды, интеллектуалды ойындарға қатысады. Жастар білімін жетілдіреді. Үлкендер пікір алмасады. Ата-әжелер жас ұрпаққа салт-дәстүрді үйретеді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 15 кітапхананы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және олардың кітап қорын жаңартуға қаржы бөлсе, жобаның операторы – TANA қоры кітапханалардың жаңа мазмұнын қалыптастыруға, жобалық басқаруға, қызметкерлерді оқытуға және мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруға жауапты. Ал Абай облысының әкімдігі ғимараттарды жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетті. Бұл – мемлекет, қоғамдық ұйым және қайырымдылық қоры арасындағы серіктестіктің нақты нәтижесі.

– Бұл жерде әр адам өзіне керегін, өзіне ұнайтын дүниесін табады. Балалар сурет салып, кітап оқып, интеллектуалды ойындар ойнаса, ата-әжелер жастарға салт-дәстүрімізді үйретсе, жастар келіп кітап оқып, білімін жетілдірсе – қандай тамаша! Осылайша, кітапхана ауыл тұрғындарының бос уақытын мәдени әрі рухани тұрғыда тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін ортаға айналады. Ауылда да, қалада да адамдарға қажетті заманауи әрі қызықты мүмкіндіктер бірдей қолжетімді болуы тиіс, – деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева.

Осы сөздің астарында ауыл мен қала ара­сындағы мәдени инфрақұрылым алшақтығын азайту мәселесі жатыр. Қазір цифрлық техно­логиялар адамның өмір салтын түбегейлі өзгертті. Жасанды интеллект күнделікті тіршіліктің түрлі саласына еніп келеді. Ал мұндай кезеңде ауылдағы кітапхана заманнан тыс қалған шағын ғимарат емес, керісінше, жаңа технология мен дәстүрлі білім тоғысатын кеңістікке айналуы тиіс.

Бұл ретте TANA қорының тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Қордың мәліметінше, 2017 жылдан бері Қазақстан бойынша 35-тен астам жоба жүзеге асырылған. Қазақстандағы алғашқы креативті хабтардың бірі – Alatau Creative Hub, сондай-ақ мектеп стадиондары, аутизм орталықтары мен жастарға арналған комьюнити-орталықтарды жаңғырту жобалары бар. Қор бұл бағыттағы жұмысын кітапхананы жай ғана кітап сақтайтын орын емес, қоғамдық кеңістікке айналдыру идеясымен байланыстырады.

Алматыдағы Alatau Creative Hub тәжірибесі бұл идеяның өміршеңдігін көрсетті. 2020 жылы ашылған орталықта кітапханамен қатар коуоркинг, балаларға арналған шығармашылық үйірмелер, IT және басқа да заманауи бағыттарға арналған кеңістіктер қарастырылды. Демек, Қарауылдағы жаңғыру – жекелеген бір ауылдың кітапханасын жөндеумен шектелмейтін үдерістің бастауы. Мұнда қалалық ортада қалыптасқан заманауи мәдени кеңістік моделін ауыл жағдайына бейімдеу мақсаты бар. Ең бастысы – оның сыртқы көрінісін емес, ішкі мазмұнын өзгерту. TANA қорының негізін қалаушы Кәмила Лұқпанова да осыған баса мән береді.

– Кітапхананы жаңғырту – тек ғимаратты жөндеп, ішін жаңарту емес. Біз үшін ең маңыздысы – оның мазмұнын өзгертіп, адамдардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуына, пікір алмасып, бірге уақыт өткізуге келетін заманауи орта қалыптастыру. Мұндай кеңістіктер кітап оқу мәдениетін нығайтып қана қоймай, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашып, жергілікті қауымдастық өмірінің маңызды бөлігіне айналады деп сенеміз, – деді ол.

Бұл ұстанымның мәні терең. Өйткені кітапхана – мемлекеттің рухани жадын сақтайтын орын ғана емес, қоғамның ертеңін қалыптастыратын орта. Кітап сөрелерінде ұлттың өткені тұрса, сол кітаптарды оқып отырған бала – оның болашағы.

Қарауылдағы жаңа кітапхананың есігін алғаш ашқан балалардың қуанышы да осыны аңғартады. Олар мұнда кітап оқумен қатар, түрлі үйірмеге қатысуға мүмкіндік алғанына риза. Ауыл тұрғындары үшін нысанның таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейтіні де маңызды. Бұл – ауылдағы мәдени өмірдің табиғи ырғағын өзгертетін фактор. Кітапхана енді жұмыс уақытымен шектелетін мекеме емес, күні бойы адам ағылып келетін қоғамдық кеңістікке айналмақ.

Мұндай өзгеріс кездейсоқ емес. Қоғамдық кеңістіктің сапасы адамның сол жерге қайта-қайта баруына әсер етеді. Ал адам жиі баратын жерде қарым-қатынас қалыптасады, пікір алмасу жүреді, бастама пайда болады. Бір бала кітап оқып отырып жаңа арманға қанат қақса, екінші жас үйірмеде жаңа қабілетін байқап көреді. Бір әже ұлттық дәстүрдің қыр-сырын үйретсе, енді бір ауыл тұрғыны өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісуі мүмкін. Осылайша, кітапхана кітаптан басталып, қоғамға ұласатын кеңістікке айналады.

Ұлылар жерінде мұндай жобаның басталуының символдық мәні де ерекше. Әуезовтің бүкіл шығармашылық жолы білімге, ізденіске, ұлттық сананы оятуға, адам мен қоғамның күрделі байланысын түсінуге үндейді. Ұлы жазушының есімімен аталатын кітапхананың жаңа тыныс алуы – сол рухани сабақтастықтың заманауи жалғасы іспетті.

Бүгін ауылға тек кітап жеткізу жеткіліксіз. Ауылға кітаппен бірге идея, технология, шығармашылық, пікір алмасу мәдениеті де баруы керек. Өйткені қазіргі ауыл жастарының талғамы мен сұранысы қаладағы құрдастарынан бөлек емес. Олар да әлемдік ақпарат кеңістігіне ұмтылады, жаңа технологияны меңгергісі келеді, шығармашылықпен айналысқысы келеді. Ендеше мүмкіндік те соған сай болуы қажет.

Бұл тұрғыдан алғанда, Абай облысында қолға алынған 30 кітапхананы жаңғырту жобасы ауылдың мәдени инфрақұрылымын жаңартудың бір мысалы ғана емес. Ол – ауыл тұрғындарының сапалы білім мен мәдениетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді қадам.

Мұнда тағы бір маңызды мәселе бар. Кітап­ханаға бала тарту – бір күндік міндет емес. Оны тұрақты әдетке айналдыру үшін қызықты орта, мазмұнды бағдарлама, сапалы кітап қоры және өз ісіне берілген маман қажет. Сондықтан Jaña Klub форматының мәні – кітап оқуды басқа да пайдалы істермен табиғи түрде ұштастыруында.

Президенттің «озық ойлы ұлт» туралы сөзі де осы жерден бастау алады. Кітап оқу – адам­ның жеке дамуының ғана емес, қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің де негізі. Ұлттық кітап күнінің белгіленуі де осы мәдениетті орнықтыруға бағытталған қадамдардың бірі болды. Ал кітапхана сол мәдениетті күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыратын орта болуы тиіс.

Абай облысында 30 ауыл кітапханасының жаңғыруы – осы түсініктің орнығып келе жат­қанын көрсетеді. Бүгін Қарауылда басталған жұ­мыс ертең басқа ауылдарға жалғасады. Әр жаңар­ған кітапхана – жаңа кітап сөрелері мен заманауи жиһаз ғана емес, жаңа қарым-қатынастардың, жаңа бастамалардың, жаңа армандардың мекеніне айналуы мүмкін.

Мұхтар Әуезов атындағы жаңарған кітапхана­ның шамы таңертеңнен кешке дейін сөнбейді. Оның есігінен мектеп оқушысы да, студент те, жас маман да, зейнеткер де кіре алады. Бірі кітап іздейді, бірі үйірмеге қатысады, бірі пікірлесетін орта табады. Ал ең маңыздысы – бәрін біріктіретін ортақ құндылық бар. Ол – білімге ұмтылыс. 

Эльмира Жүрсінбекқызы, Абай облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:50
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 06:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see147

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see137

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see126

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see126

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see118

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары