Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Бақыттың мекені бар ма

Бақыттың мекені бар ма

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бақыт – өлшеуі қиын ұғым. Біреу оны отбасындағы тыныш өмірмен кәсібінің жемісінен табады, енді бірі саяхат пен еркіндіктен іздейді. Ал бүгінде бұл ұғым тек жеке сезіммен ғана емес, өмір сүріп отырған ортамен де тікелей байланысады. Шынында, адам өзін бақытты сезіну үшін тек ішкі күй ғана емес, мекен еткен қаласы да маңызды рөл атқара ма? Осы сауалға жауап іздеген халықаралық Time Out басылымы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар арасында зерттеу жүргізіп келеді. Биылғы зерттеуге 18 мыңнан астам адам қатысып, өз қалаларының өмір сапасы мен мәдени тынысын бағалаған. Респонденттерден қала өмірінің түрлі қырлары: мәдениет, көлік жүйесі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, табиғатқа жақындық, қауіпсіздік және күнделікті өмірдің ырғағы туралы сұралған. Ал басты сұрақ: «Сіздің қалаңыз сізді бақытты ете ме?» Сауалға берілген жауаптар әлемнің жүздеген қаласының ішінен жиырмасын ерекше бөліп көрсеткен. Ең қызығы бұл тізімде экономикалық алыптар да, саяси орталықтар да емес, адамға жайлы тыныс ұсынған қалалар көш бастаған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Бақыт қаласы қайда?

Time Out басылымының зерттеуіне сәйкес, бақыттың картасында бірінші орын Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу-Даби қаласына тиесілі. Мұндағы тұрғындардың 99 пайызы өз қаласы оларды бақытты ететінін айтқан, ал 93 пайызы «өмірімде мұндай жайлы ортада болмағанмын» деп жауап берген.  Зерттеу авторларының айтуынша, «Абу-Даби – адамдардың өз қаласына деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі ең жоғары деңгейге жеткен мекен». Тұрғындар мұнда күн сайын жаңарып жатқан инфрақұрылыммен қатар, ұлттық дәстүрдің сақталып отырғанына ерекше мән береді екен.
Көштің екінші сатысында – Колумбияның Медельин қаласы тұр. Бір кездері қауіпті аймақ саналған бұл шаһар бүгінде әлемге бейбіт өмірдің, мәдени жаңғырудың символы ретінде танылған. Медельин тұрғындарының 97 пайызы өз қаласынан күнделікті қуаныш табатынын айтқан. Бұл қалаға «мәңгі көктем қаласы» деген ат бекер берілмеген. Көшелерде кофе иісі мен музыка үні қатар естіліп,  ал қоғамдық кеңістіктерде өмір қайнап жатады деседі.

«Медельинде бақыт деген – тыныш таңертең, достармен кездесу, жымиыстан басталатын күн», дейді сауалнама қатысушысы.
Үшінші орында Оңтүстік Африканың інжу-маржаны саналатын Кейптаун. Мұнда тұратындардың 97 пайызы өздерін бақытты сезінетінін айтқан. Қала мұхит пен таудың арасында орналасқан, бірақ оның басты құпиясы табиғатында ғана емес ондағы адамдардың өмір сүру мәнерінде. Мұнда өнер мен еркіндік ерекше қадірленеді. «Кейптаунда әр күн – шабыт. «Таңертең теңізге қарап ойланасың, түсте базарда достарыңмен күлесің, кешке өнер галереясына барасың. Осы өмірдің өзі – бақыт», деген жергілікті тұрғын.

Ал 2025 жылғы рейтингтің алғашқы жиырмалығына Абу-Даби, Медельин, Кейптаун, Мехико, Мумбаи, Пекин, Шанхай, Чикаго, Севилья, Мельбурн, Брайтон, Порту, Сидней, Чиангмай, Марракеш, Дубай, Ханой, Джакарта, Валенсия және Глазго қалалары енген. Қарасаңыз, бұл тізімде бай да, кедей де мемлекеттердің қалалары бар. Демек, бақыт деңгейін экономикалық көрсеткіштер ғана айқындамайды. Зерттеу дәлелдегендей, адам өзін жайлы сезінетін орта – оның ең үлкен капиталы.

Бақытты орта, бақытты адам

Қазақта «Жерұйық» деген ұғым бар. Асан қайғы іздеген ол мекен жайлы табиғат пен әділетті қоғамның және рухани тыныштықтың нышаны еді. Қазіргі «бақытты қалалар» идеясы сол арманның заманауи көрінісі секілді. Зерттеу нәтижесі бақытты қала жасау үшін үлкен байлық керек емес, адамдардың бір-біріне деген сенімі мен қамқорлығы жеткілікті екенін көрсеткендей. Егер адам өмір сүріп отырған жерінен қуаныш тапса, сол мекен оның «Жерұйығына» айналады. Сәйкесінше, ондай ортада адам өзін қоғамның бөлшегі емес, оның жүрегі ретінде сезінеді. Бұл сезімге экономика да, саясат та әсер ете алмайды. Өйткені шын мәнінде, бақыттың мекені картада емес – адамның өз жүрегінде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 20:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары