Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бағдарлама арқылы алынған 17 млн теңге қаражатқа күркетауық балапандары мен кәсіпке қажет жабдықтар сатып алынды. Қазір шаруашылық құс етін өндіріп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Кооператив төрағасы Айнагүл Ахмадбекова мемлекет қолдауы, жұмыс барысы туралы ой бөлісті. Айтуынша, 2017 жылы басталған кәсіпті тынымсыз еңбек арқылы дамытып келеді. Инкубатордың көмегімен құс өсіру, оның етін өндіру бағыты бойынша ізденіп, білім жинаған. Қазір ауыл азаматтарына тәжірибе бөлісіп, оқыту жүргізеді. Сондай-ақ кәсіпкер аудан тұрғындарына балапандарды дайын құрамажеммен бірге сатумен де айналысады.
Болашақта қаз, үйрек және тауық қауырсындарын өңдеп, жастық өндіретін цех салу жоспарланып отыр. Бұл жоба құс шаруашылығы қалдықтарын тиімді пайдалануға және қосымша өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2026 04:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















