Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кезінде экран арқылы көрерменге жол тартқан туынды енді кітап болып басылып, Алматыдағы Ұлттық кітапханада оқырманға таныстырылды. Туынды «Атамұра» баспасының қолдауымен жарық көріп отыр. 

– Мемлекет басшысының бастамасымен кейінгі жылдары әдебиет, мәдениет және білім саласында көптеген маңызды жоба жүзеге асып келеді. Соның бірі – «Кітап оқитын ұлт» жобасы. Осы бастаманы қолдау мақсатында «Атамұра» корпорациясы да жаңа кітаптарды жарыққа шығарып, оқырманға ұсынып келеді. Сондай құнды еңбектердің бірі – «Махаббат бекеті». Талғат ағамызбен ақылдаса келе, шығарманы кітап етіп шығарып, оқырманға ұсынуды жөн көрдік. Туындыдан автордың ел мен жерге, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына деген көзқарасын, өмір шындығын аңғаруға болады, – деді «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақым­ғали Құл-Мұхаммед. 

Автор туындыда кейіпкерлердің қуанышы мен өкінішін, үміті мен сағынышын суреттей отырып, оқырманды олардың ішкі әлеміне үңілуге шақырады. Өмірлік таңдау мен тағдырдың түрлі сынағы арқылы адам болмысының күрделі қырларын ашады. Кейіпкерлердің жан толғанысы арқылы оқырман өз өміріндегі таныс сезімдерді, айтылмай қалған сөздерді немесе уақыт өте мағынасы өзгерген естеліктерді еске түсіруі мүмкін.

– Кино мен кітаптың айырмашылығын оқырман мен көрермен жақсы түйсінеді деп ойлаймын. Өйткені екеуі де мен үшін бірдей қымбат. Бірі оң қолым болса, екіншісі – сол қолым. «Махаббат бекеті» әуелі кітап болып жазылды. Повесть жарық көргеннен кейін 1993 жылы оны экранға шығардық. Кітаптың тұсаукесеріне ұйытқы болған «Атамұра» корпорациясына алғысымды білдіремін. Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген жақсы сөз бар. Сол айтқандай, Рақымғали бауырым кейінгі жылдары жазған әңгіме-повестерімді жинақ етіп, оқырманға ұсынып отыр. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш, – деді театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов.

Кітаптың атауы да оқырманды ойға жетелейді. «Махаббат бекеті» бір сәтке тоқтап, өткенге көз жүгіртетін, сезім мен сағынышқа қайта оралатын ме­кендей әсер қалдырады. Адам өмірінде де осындай аялдамалар аз емес. Бірі жаңа үмітке жол ашса, енді бірі жүректе мәңгі сақталатын ес­телікке айналады. 

– Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағын оқып шықтым. Шыны керек, үлкен әсерге бөлендім. Әсіресе, жинақтағы «Гүлназ» («Махаббат бекеті») атты хикаяттың әсері ерекше болды. Біз Талғатты бұған дейін кинорежиссер ретінде танып-біліп келген едік. Ал тамаша прозасын оқып шыққаннан кейін оның пешенесіне жазылған төл өнері – жазушылық екенін көрдік. Прозаик ең алдымен сөз дәмін сезеді. Прозашы Талғат сөз дәмін сезеді. Қазақтың қара сөзінің қадірін кетірмейді. Керісінше, аялап әспеттейді. «Гүлназ» соның нәтижесінде қазақ әдебиетіндегі қайталанбас өнер болып өмірге келген. Жақсы әдебиеттен қашанда жақсы кино шығады. «Махаббат бекеті» – соның айғағы. Кинорежиссер Теменовтің туын желбіреткен кинотуынды, – деді Халық жазушысы Смағұл Елубай.

Аталмыш жинаққа «Гүлназ», «Көктем шықса, көкек келер» атты екі повесть пен «Либерти», «Папасының қызы», «Көке бала» сынды әңгімелер енген. Туынды 2 мың данамен басылып шықты. Жиын барысында жаңадан жарық көрген кітап Ұлттық кітапхананың қорына сыйға тартылды.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2026 05:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары