Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Оқырманға жол тартты

Оқырманға жол тартты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 23 мамыр күнгі №95 (31075) санында «Орасан ойдың Олжасы немесе бір дана кітап туралы» атты мақала жарық көрген еді. Аталған жарияланымда Олжас Сүлейменов туралы танымдық кітаптың бар болғаны бір данамен жарық көргені жазылған болатын.

«Орасан ойдың Олжасы» атты бұл кітапқа Халық жазушысы, Қа­зақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты, классик ақын Олжас Сүлейменовтің шығар­машылығы мен қайраткерлігіне қатысты белгілі ақын-жазушылардың, әдебиет зерттеушілердің жазған еңбектері топтастырылған. Қайсар ақынның болмысын көпке танытатын құнды еңбекті қазақтың аймаңдай ақын қызы, белгілі ғалым Жанат Әскербекқызы мен «Egemen Qazaqstan» газетінің Әлеумет және спорт бөлімінің меңгерушісі Жомарт Оспан құрастырған.

Олжас Сүлейменов өлеңдерін орыс тілінде жазғанымен, ұлттың рухын әлемге танытты. Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанда ақынның қаламынан туған «Адамға табын, Жер, енді!»  поэмасы дүниені дүр сілкіндірді. Тілтанушы ғалым ретінде көне түркі тілін зерттеп, Батыс ғалымдарының қасаң теорияларына соққы берді. Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабына «ұлтшылдық», «пантюркизм» сияқты айыптар тағылып, 8 жыл бойы жарық көрмеуі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде ақынды жастардың іздеуі ақын тұлғасының ұлт үшін асқақ екенінің айғағы.

Осындай тұлға туралы Әбіш Кекілбаевтың «Жыр мерейі», Сайын Мұратбековтің «Халқын асқақтатқан ақын», Мырзатай Жолдасбековтің «Елінің елшісі, ұлтының ұяты», Мұрат Әуезовтің «Мәңгілік демі – тәңірдің лебі», Нұрлан Оразалиннің «Прометейтекті тұлға», Тұрсын Жұртбайдың «Ұлтының көк семсері», Асқар Егеубаевтың «Ғарыш поэзиясы», Сауытбек Абдрахмановтың «Ер», Сейдахмет Құттықадамның «Олжас феномені немесе рух құйыны», Дархан Қыдырәлінің «Білге ақын» сынды қырыққа жуық қаламгердің танымдық эсселері мен сұхбаттары енген еңбекті авторлар түрлі баспаға ұсынғанымен, өкінішке қарай, кітапты басып шығаруға ынталы жанашыр азаматтар табылмаған.

Қаншама архив ақтарып, тер төгіп еңбектенген авторлар Олжастай ақын­ның бекзат болмысы мен азаматтық асқақ тұлғасын жан-жақты танытатын кітапты бір данамен шығарып, ол туралы ел газеті «Егеменге» мақала жария­ла­ған еді. Бұл материал сол сәтінде оқыр­ман тарапынан резонанс туғызып, редакциямызға бірнеше азамат хабарласты. Солардың бірі белгілі журналист, «Egemen Qazaqstan» газетінің бұрынғы бас редакторы Жанболат Аупбаев білек сыбана іске кірісіп, кітаптың қалың оқырманға жетуіне барын салған.

– «Орасан ойдың Олжасы» атты кітап құрастырып шыққан соң, бірқатар азаматқа, ақын-жазушы ағаларымызға көрсеттік. Түрлі баспаға ұсынып та көрдік. Бірақ көп азамат талабымызды құптағанмен, басып шығаруға ынталы бола қоймады. Әркімнен қаржы сұрап, сұрамсақтану ыңғайсыз болғандықтан, өз қаржымызға бір дана кітап шығарып, газетке мақала жаздық. Материал жария­­ланысымен талай азамат хабарласып, жанашырлық танытты. Солардың бірі – қаламгер Жанболат Аупбаев ағамыз. Ол кісі «Үш қиян» баспасының директоры Махмұт Қосмәмбетовке қолқа салып, «Орасан ойдың Олжасы» атты кітабымыздың оқырманға мол таралыммен жетуіне жол ашып берді, – дейді еңбектің авторы Жомарт Оспан. Осылай газетімізде жарияланған мақала бір дана тара­лыммен шыққан кітаптың көкжиегін кеңітіп отыр.

Бір айта кетерлігі, жинақ мемлекеттік тапсырыспен жарық көрмегеннен кейін еліміздегі кітапханаларға жетпейтіні анық. Алдағы уақытта тиісті, жауапты орын­дар ынта-ықылас танытып, «олжас­тану» бағытындағы құнды еңбекті еліміз­дің бүкіл кітапханаларына тарататындай мүмкіндік  туғызса құба-құп болар еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары