Қазақстандық футболшы Еуропаға жол тартты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
31 жастағы қазақстандық орталық қорғаушы Тимур Рудосельский мансабын Еуропада жалғастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол Чехияның «Варнсдорф» клубымен келісімшартқа қол қойды.
Transfermarkt дерегінше, келісім 2026 жылдың 31 наурызында рәсімделген. Футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылған.
Қазіргі таңда «Варнсдорф» Чехия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсетеді.
Бұл – Рудосельскийдің шетелдегі кезекті тәжірибесі. Ол бұған дейін Қазақстан, Армения және Израиль чемпионаттарында ойнаған.
Әр жылдары қорғаушы «Қайрат», «Жетісу», «Қайсар», «Оқжетпес», «Тұран» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар Арменияның «Лори», «Севан», «Нораванк», «Алашкерт», «Вест Армения» және Израильдің «Хапоэль Петах-Тиква» командаларында өнер көрсетті.
Футболшының соңғы клубы қарағандылық «Шахтер» болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Сәуір 2026 10:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















