Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қағидалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдар даярлайтын денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындауға және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті Ұлттық үйлестіруші кадрлық жағдайды талдау негізінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді болжам кезеңдеріне медициналық кадрларға сандық және сапалық қажеттілікті есептеу арқылы айқындайды:

қысқа мерзімді кезең – 1 жыл; орта мерзімді кезең – болжам қалыптастырылатын жылды қоса алғанда, кемінде алты жыл; ұзақ мерзімді кезең – болжам қалыптастырылатын жылды қоса алғанда, 2050 жылға дейін.

Қысқа және орта мерзімді болжам не үшін пайдаланылады? Олар:

медициналық кадрларды даярлауды жоспарлауға; мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға; денсаулық сақтау саласындағы жаңа және жаңғыртылатын нысандарды кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлауға; кадрларды қайта бөлу және қайта даярлау қажеттілігін анықтауға; кадр тапшылығын азайту шараларын әзірлеуге пайдаланылады.

Ал ұзақ мерзімді болжам кадр саясатын, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мен білім беру мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ демографиялық өзгерістер мен медициналық технологияларды енгізудің салдарын бағалауға қолданылады.

Кадр қажеттілігі қалай болжанады?

Кадрларға қажеттілік болжамы мына факторларды ескере отырып, кадр саясатын стратегиялық жоспарлау үшін пайдаланылады:

демографиялық өзгерістер; аурушаңдық құрылымының өзгеруі; медициналық технологиялардың дамуы; медициналық көмек көрсету моделінің өзгеруі; денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуы; медициналық кәсіптердің құрылымы, мазмұны мен құзыреттерінің өзгеруі.

Кадрларға қажеттілік республикалық және өңірлік деңгейде медициналық қызметкерлер санаты, мамандықтары және медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша айқындалады.

Қажеттілікті анықтау үшін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйелердің, мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарының, Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесінің (кәсіптік тіркелім), медициналық ұйымдардың цифрлық ресурстары мен есептік деректерінің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен статистика саласындағы уәкілетті органның деректері пайдаланылады.

Сонымен қатар заңмен алуға тыйым салынбаған өзге де ақпарат ескеріледі.

Қандай көрсеткіштер есепке алынады?

Кадр қажеттілігін есептеу кезінде:

халықтың болжамды саны; халықтың жыныстық және жас ерекшеліктері бойынша құрылымы; туу және өлім көрсеткіштері; аурушаңдық және аурулардың таралу көрсеткіштері; халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігі; медициналық көмектің көлемі мен құрылымы; қабылдау, ауруханаға жатқызу, операция, диагностикалық, профилактикалық, оңалту және басқа да медициналық қызметтер саны; денсаулық сақтау ұйымдары желісінің құрылымы мен қуаты; қолданыстағы және жоспарланатын денсаулық сақтау нысандары; өңірлердің медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу нормативтері; жүктеменің нормативтері мен ұсынылатын көрсеткіштері; медицина қызметкерлерінің нақты жұмыс уақыты; жұмыс уақыты мен медициналық қызмет көрсету ұзақтығы; нақты жұмыспен қамтылу және қоса атқару коэффициенті; дәрігерлер, мейіргерлер, кеңейтілген практикадағы мейіргерлер және басқа да қызметкерлер санаттары арасында функциялардың бөлінуі; өңірлік ерекшеліктер мен медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігі; халықтың тығыздығы; қала және ауыл халқының арақатынасы; медициналық көмектің көлік тұрғысынан қолжетімділігі; жаңа технологияларды енгізу және медициналық көмек көрсету моделінің өзгеруі ескеріледі.

Халық тығыздығы төмен және тұрғындар аумақ бойынша кең орналасқан өңірлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілік қызмет көрсетілетін халық санына қарамастан, медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып айқындалады.

Кадр даярлау қажеттілігін анықтау үшін кадрларға қажеттілік медициналық кадрлардың болжамды санымен салыстырылады. Осы салыстыру нәтижесінде кадр тапшылығы анықталады.

Егер белгілі бір мамандық бойынша кадрлардың болжамды профициті анықталса, стратегиялық құжаттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, оқуға қабылдау көлемі қысқартылады немесе мүлдем қалыптастырылмайды.

Жиынтық нәтижелер медициналық қызметкерлердің санаттары мен мамандықтары бойынша республика және өңірлер бөлінісінде қалыптастырылады.

Бастапқы деректердің сапасы, толықтығы және уақыттық қатары ескеріле отырып, Ұлттық үйлестіруші жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы кадрларға жиынтық қажеттілікті қалыптастырып, оны тиісті қаржы жылының 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға ұсынады.

Ұлттық үйлестіруші өткен кезеңдегі көрсеткіштердің нақты мәндерін ескере отырып, кадр қажеттілігі нәтижелерін жыл сайын қайта қарайды.

Кадрларға қажеттілікті айқындау медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін қалыптастыруға негіз болады.

Құжатта медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін есептеу тәртібі де белгіленген.

Бұйрық 2026 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see136

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see134

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see121

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары