Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Туризмнің жаңа тынысы

Туризмнің жаңа тынысы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жылдарға жіліктеп қарасақ, 2019 жылға дейін келіп-кету ырғағы бірқалыпты болған. Алайда 2020-2021 жылдарда ко­ро­навирус пандемиясы саяхатшылар санын күрт түсіріп жіберді. Тек 2022 жыл­дан бері шектеулер жойылып, жаңадан әуе бағыттары ашылып, визасыз режим кең­ейген соң барып қозғалыс қайта жанданды.

Жалпы, 2019-2025 жылдары еліміздің кіріс туризмі біршама құбылды. Ұлттық банктің төлем балансына үңілсек, 2019 жылы «Саяхаттар» бабы бойынша туристік қызметтер экспорты шамамен 2,5 миллиард долларды құрапты. Пандемияда құлдыраған бұл сома 2022 жылдан бастап қайта кө­теріліп, былтыр шетелдік саяхатшылардың ел ішінде қалдырған тікелей шығыны 2,9 миллиард доллардан асты.

Қонақүй, мотель, демалыс база­ларының қызмет көрсету көлемі де өсті. 2019 жылы олардың табысы 120,5 миллиард теңге болса, 2025 жылы рекордтық 350 миллиард теңгеге дейін шарықтады. 

Туризмнің экономикаға қосқан үлесі ұлғайды. 2019 жылы саяхат саласының ЖІӨ-дегі салмағы 1,6-1,8 пайызды маңайласа, 2025 жылға қарай 3,1 пайызға мықтап орнықты. Инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған инвестиция мөлшері де едәуір артты.

Былай қарасақ, табыс 2-3 еседей көбейген сияқты. Бірақ мұны талдағанда инфляцияны да ұмытпау керек. Өйткені 2019 жылы доллар орта есеппен 382 теңгеге бағаланса, 2025-2026 жылдары 500-540 теңге төңірегіне бір-ақ тоқтады. Сонымен қатар соңғы жеті жылда жиынтық инфляция 70 пайызға жетті. Сондықтан теңгемен есептелген 2,5 еселік өсімнің долларға шаққандағы баламасы 15-20 пайызға тең десек, шындықтың ауылынан алыс қонбаймыз.

Қазынаға қомақты қаржыны Азия, Парсы шығанағы, Еуропа елдерінен арнайы келетін туристер әкеледі екен. Осы орайда Қазақстан бұл бағытта бірқатар реформаны жүзеге асырған. Қазір 80-нен астам мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим жұмыс істейді. Қытаймен өзара 30 күндік визасыз қатынайтын келісім жасалып, Үндістан, Иран, Таяу Шығыс, ЕО-мен де шарттар жеңілдеген. «Ашық аспан» режимінің ұзартылуы да оң әсер етті. Осы ашықтықтың арқасында шығыстан ағылған саяхатшылар легі бірнеше еселеніп, Азия аймағы Қазақ­станның негізгі туристік донорына айналды.

Логистика жағынан да ілгерілеу бар. Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жаңа халықаралық терминалдар іске қосылып, Инчхон, Милан, Франкфурт, Дубай, Доха, Бейжің, Дели сынды ірі мегаполистерге тікелей рейстер ашылды. Алматы, Маңғыстау, Бурабай, Түркістан өңірлерінде экотуризм мен тау-шаңғы инфрақұрылымы жаңғыртылды. Мысалы, Алматыдағы «Шымбұлақ», Түркістандағы «Керуен-сарай» кешені, Маңғыстаудағы заманауи ризорттар ең талғампаз деген саяхатшылардың да көзі тоятын, көңілі толатын қызмет түрлерін ұсына алады.

Еліміздің туристік әлеуеті халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отыр. 

Lonely Planet басылымы Қазақстанды әлемдік Best in Travel рейтигіне енгізсе, The New York Times газеті Алматыны саяхаттау ұсынылатын ең үздік қалалар тізіміне кіргізді. Condé Nast Italia рейтингінде «Шымбұлақ» кешені бесінші орында тұрса, Wanderlust журналы Катонқарағайды жаһандық жасыл туризм тізімінің көш басына шығарды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Туризм мен саяхатты дамыту индексінде Қазақстан 119 елдің ішінде 52-орынға жайғасқан. Бұл көрсеткіштер бағаның бәсекеге қабілеттілігін, табиғи ресурстардың байлығын, eQonaq жүйесі тәрізді цифрлық шешімдердің тиімділігін айқын аңғартса керек.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:46
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2026 04:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары