Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Жасанды интеллект журналистиканың жаңа тынысы

Жасанды интеллект журналистиканың жаңа тынысы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жасанды интеллект – бүгінгі заманның ең үлкен жаһан жаңалығы болуымен қатар, медиа саласының дамуына тегеурінді ықпал етіп отырған шешуші факторға айналды. Кейбір сарапшылар ЖИ журналистиканың жаназасын шығарады десе, өзгелері ақпарат тасқыны өрістеген дәуірдегі оның деректі саралау, жаңалықты жедел жеткізу, мәтін мен визуалды контентті автоматты түрде өндіру мен өңдеу мүмкіндігін алға тартып, масс-медиа жұмысына жаңа тыныс бергенін айтады. Кеше Астанада «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» деген тақырыппен басталған «Astana Media Week 2025» форумының бірінші күнінде осы өзекті тақырып пленарлық отырыстардың әңгіме арқауына айналды.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Медиафорумның «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және өркендеу» деп аталған алғашқы пленарлық сессиясы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

Дәстүрлі жиын тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналғанын тілге тиек еткен министр алғы сөзінде еліміздің цифрлық трансформация жолымен нық қадам жасап, мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалог алаңы ретінде заманауи медиа ортаны қалыптастырып келе жатқаны айтылған.

«Биылғы медиа-аптаның күн тәртібіндегі маңызды тақырыптың бірі – жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі. «Artificial Intelligence» (AI) технологиялары бүгінде көптеген БАҚ-та виртуалды жүргізушілер мен цифрлық ассистенттер құру, аударма, субтитр жасау, контентті автоматтандыру және де­ректерді визуализациялау үшін кеңі­нен қол­данылып жүр. Бұл сала масс-медиа алдында тың мүмкіндіктер ашып қана қой­май, журналистерге жаңа талап жүктейді. «Astana Media Week» аясындағы пікірта­лас­тар саланың өзекті мәселелерін шешудің конст­рук­тивті жолдарын анықтауға мүмкіндік бере­ді деп сенемін», делінген А.Балаеваның құттық­тауында.

Сессия модераторы, «Euronews»-тің еліміздегі бюро же­тек­­шісі Боян Бркичтің айтуын­ша, Қазақ елі заманауи мемлекет ретінде жан-жақты дамып, өркен­деп келеді. Қоғамның қай саласын алсаң да, ілгерілеу мен жағымды өзгерістер бар. Бір кем дүние – еліміздің қол жеткізіп жатқан осы жетістіктерін әлем­де көп адам біле бермейді. Олқы­лықтың орнын толтыру үшін «Euronews» телеарнасында Қазақ­стан туралы үш бағдарлама, атап айтқанда, қазақтың тарихы мен мәдениетін, туристік, көз тартар орындарын паш ететін Modern nomads (Заманауи көшпелілер), қазақтан шыққан танымал тұлғалар туралы сыр шертетін Voices from Central Asia (Орталық Азиядан жеткен үндер) сериалдары, сондай-ақ East-West Connect (Батыс пен Шығыс байланысы) экономикалық бағдарламасы беріліп келеді. Б.Бркич әлемнің 160 еліндегі «Euronews» көрермендері қазақ елі туралы бағдарламаларды тамашалап отырғанын жеткізді.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов медиа құралдарының заманауи цифрлық ортаға бейімделуі жайын­да әңгіме қозғай келе, хабар тарату мен ақпарат беру­дің мультимедиалық және интерак­тивті тәсілдері жөнінде әңгіме айтты.

«Бірінші мәселе – цифрлық ортаға бейімделу. Бұл өте өзекті. Екінші бағыт – цифрлық дәуірдің басталуымен жалған ақпараттар мәселесі жаңа қарқын алатыны сөзсіз. Осыған орай мен әріптестерімізден бұл мәселеге айрықша назар аударуларын сұрағым келеді. Үшінші мәселе – жасанды интеллект элементтерін қолдану. Қазір көптеген ақпарат құралдары өз өнімдерін дайын­дауға ChatGPT секілді ЖИ мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Бұл кемшілік емес, керісінше заман көшіне ілесу деу­ге болады», деді вице-министр.

Сондай-ақ Қ.Ысқақов БАҚ қандай жаңа технологияны пай­даланса да, ең басты мақсат қо­ғам­ның сеніміне ие болу және бәсе­кеге қабілеттілікті арттыру екенін жеткізді. Бұған қоса министрлік тарапынан медиа саласын реттеуші орган ретінде жасанды интеллектіге қатысты бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын, соның ішінде «Жа­санды интеллект туралы» заң Сенатқа жеткенін айтты.

«Жетінші арна» телеарна­сының бас директоры Илхам Ибрагимовтің айтуынша, ChatGPT немесе басқа да ЖИ өнім­дерінің ешқайсысы қан­­ша­лық­ты дамыса да, бәрібір журналист интеллектісін алмастыра алмайды. Өйткені олардың ұсынатын ақпараттарының 20 пайызы – қате.

«Егер сіз бір ақпаратты бірне­ше ЖИ-ден сұрасаңыз, олар бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі мәлімет береді. Сондықтан мен оны телеарнаның эфиріне немесе басқа БАҚ-қа шығаруды қол­дамаймын. Тағы бір айта кете­тін мәселе бар. Қазір кейбір медиа өкілдері ЖИ арқылы көп жоба­ны жасауды бастап кетті. Алайда әріптестеріміз ЖИ-ға жазы­лу үшін көбірек ақша салып жатыр. Яғни біз ЖИ адамды алмас­­тырады, маман саны қыс­қа­рып, қаржы жағын үнемдейміз дейміз. Алайда оған жазылу ақы­сымен бәрібір сол қаражат шығын болып кетіп жатыр», деді ол.

Алғашқы панельдік сессия барысында «Euronews» телеар­на­сының халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтье, Өзбекстан Ұлттық медиа қауым­дастығы бас директорының орынбасары Санжар Устабобоев, Түрік Радио телевизиялық кор­порациясының (Түркия) Қазақ­стандағы өкілдігінің директоры Мехмед Заһид Чалышкан да сөз алып, ойларын ортаға салды.

Форумның «Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы» атты екінші панель­дік сес­сиясында осы тақы­рып одан әрі жалғасын тапты. «Atameken business» серік­тес­ті­гінің бас директоры Қанат Сахарияновтың айтуын­ша, жасанды интеллектінің дамуы мен медиа саласына енуін екі дең­­гейде қарастырған дұрыс. Бірін­ші деңгей – соны жасаушылар. Оларға біздің ешқандай да қатысымыз жоқ, бұл ойыннан мүлдем тыспыз. ChatGPT секілді ЖИ иелері өз өнімдерін қалай жасайды, қалай дамытады, қандай алгоритмдерді пайдаланады – оны өздері біледі. Біз тек дайын дүниені пайдаланамыз.

«Мені екінші деңгей көбі­рек қызықтырады. Яғни енді біз қолымызға тиген ЖИ мүм­кін­діктерін қалай пайдаланамыз деген сұрақ маңызды. Бұл жерде ұлттық мүдде мен қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орында тұруға тиіс. Шын мәнінде бұл деңгейде елімізде көп жұмыс атқарылып жатыр. ЖИ дамуы – Мемлекет басшысының тікелей назарында тұрған мәселе. Өздеріңіз білесіздер, оның кейінгі Жолдауы да жасанды интеллектіге арналды. Жақында елімізде суперкомпьютер жұмысын бастады. Президент биыл БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Астанада Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық кеңес құруды ұсынды. Мұның бәрі мемлекет тарапынан ЖИ дамуына ең жоғары деңгейде көңіл аударылып отырғанын көр­сетеді», деді ол.

Сондай-ақ Қ.Сахариянов журналистер мен блогерлер қауымынан күтілетін келесі мәселе – қазақтілді контенттің көлемін арттыру екенін жеткізді. Оның айтуынша, сол арқылы біз белгілі бір деңгейде цифрлық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Өйткені қазақтілді контент көп болған сайын ЖИ алпауыттары елімізге немқұрайлы қарамайтын болады.

«Цифрландыру саласының дамуы үшін үш нәрсе керек. Біріншісі – заманауи технология. Екіншісі – қазақ тіліндегі мәліметтер базасы. Үшіншісі – осының бәрін игеретін білікті кадр. Сондықтан енді мемлекет тарапынан, әсіресе қазақтілді жур­налистердің біліктілігін арт­тыруға көп қаржы салуымыз керек», деді ол.

Сессия барысында ЖИ көме­гімен жасалған өнімдерге (видео, сурет, т.б.) арнайы таңба қою мәселесі де көтерілді. Қ.Сахарияновтың айтуынша, әзірге таңба қоюға қажеттілік жоқ. Өйткені ЖИ өнімдері қоғамда бүлік туғызу, фейк тарату секілді жағымсыз үрдістерге бастау болған емес. Дегенмен ол алдағы уақытта заман талабына орай таңба қою мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін екенін жасырмады.

Медиафорумның алғашқы күні «Медиаэтика – сенімнің іргетасы: редакторлар манифесі» атты медиа менеджерлер отырысы, «Салалық журналистика мамандарын даярлаудың өзекті тәсілдері» атты дөңгелек үстел және «Төлен Әбдік феномені» атты классикпен кездесу өтті.

Айта кетейік, дәстүрлі «Astana Media Week» 2025 үш күнге жалғасады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары