Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бірақ барлық өңірдегі газ инфрақұрылымы қысқы жағдайда жұмыс істеуге сақадай-сай болғанымен, бұл әрбір үйдегі газ жабдықтары толық жаңартылып, жөнделді дегенді білдірмейді екен. Өйткені ол әрбір отбасы мен жергілікті әкімдіктің мойнындағы жауапкершілік. Тиісінше, әр шаңырақтағы газ жабдықтарының қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. 

Сақтық – өмір қалқаны

QazaqGaz Aimaq АҚ-ның ақпаратына жүгінсек, өткен айда бүкіл Қазақстан бойын­­­ша 6 мыңнан астам маман күндіз-түні жұмылдырылып, шамамен 77 мың ша­қырым газ тарату желісі қысқы жұмысқа әзір етілген. Жұмыс барысында газ реттеу пункт­тері мен шкафтарына техникалық қыз­мет көрсетіліп, жөндеу жүргізілген. Мұ­ның сыртында газ құбырлары жаппай ас­паптық тексеруден өткізіліпті. Жалпы дайындық жұмыстары 30-ға жуық тех­ни­калық іс-шараны қамтыды. Компания жұ­­­мыс мұнымен бітпейтінін, мамандары тұр­ғындарға табиғи газды қауіпсіз әрі үнем­­ді пайдалану ережелерін түсіндіру жұ­мыстарын жалғастырғанын жеткізді. 

Әйткенмен, сарапшылардың түсін­діруін­ше, газ және газ жабдықтарын пай­да­лану кезіндегі қауіпсіздікке қарапайым тұ­тынушылар да жауапты. ТЖМ Өртке қар­сы қызмет комитеті төрағасы орын­ба­са­рының міндетін атқарушы Руслан Қай­рақбаев мемлекеттік бақылау және қадаға­лау қатаң түрде Кәсіпкерлік кодекстің та­лап­тарына сәйкес жүзеге асырылатынын ес­ке салды. Тексерушілер әрбір үйді аралай ал­майды. 

«Тексерулер шеңберінде тұрмыстық газ бал­лонын, ішкі газ жабдықтарын пай­да­ла­ну мәселелері қаралмайды. «Газ және газ­бен жабдықтау туралы» заңға сәйкес, тұр­мыстық тұтынушылардың газ жаб­дық­тарын қауіпсіз қолдану талаптарының сақ­талуын әкімдіктердің тұрғын үй инс­пек­циялары бақылауға тиіс. Бұдан өзге, өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарда тұр­мыстық газ жабдықтарын пайдалануды рет­тейтін нормалар қамтылмаған. Соның сал­дарынан бұл мәселе азаматтық қорғау ор­ганының тексеру нысанасына кірмейді», – деді Р.Қайрақбаев. 

QazaqGaz Aimaq АҚ мәліметіне сәйкес, мысалы, өткен жылыту маусымындағы 32 мыңнан астам шағым-өтінімнің көпшілігі үйлердегі ішкі газ жүйелері мен жабдық­та­рына қатысты болыпты. Жарылыс, газдан улану сияқты газды тұрмыстық мақсатта пай­далану кезінде жиі кездескен жаза­тайым оқиғаларға негізінен қауіпсіздік та­лаптарын сақтамау, газ жабдықтарын өз бе­тінше орнату немесе орнын ауыстыру, са­пасыз, тіпті қолдан жасалған құралдарды пайдалану себеп болыпты. 

«Заңнамаға сәйкес, газ жабдықтарының иелері оның қауіпсіздігі мен техникалық жағ­дайына өздері жауапты. Бұған қоса, олар газ жабдықтарына уақытылы техни­ка­лық қызмет көрсетуге міндетті. Ал газ та­ратушы ұйым тек даладағы, үйдің қақ­па­сына дейінгі, сыртқы газ желілеріне жауап береді», – деді Энергетика министр­лі­­­гінің Газ өнеркәсібі департаментінің ди­рек­торы Асқар Қонақбаев. 

Сондықтан әкімдіктер газ-техникалық инс­пекцияларды құруға кіріскен. Бұл үй ішін­дегі газ жабдықтарының қауіпсіздігіне ба­қылауды күшейтуге, жазатайым оқиға­лар­дың санын азайтуға мүмкіндік беруге тиіс. 

Осы орайда ТЖМ «Ата-анаңның үйін тек­сер!» республикалық акциясын өткізіп жа­тыр. «ТЖМ барша азаматты қауіпсіздікті өз үйінен бастауға шақырады: ата-анаңыз­дың үйіне барып, жағдайды тексеріп, қа­жет болса жабдықтарға техқызмет көр­се­ту­ге көмектесіңіз», – делінген хабарламада. Акцияға өзі қатысып, үлгі көрсеткен ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел бас­қару орталығының бастығы Азамат Жүні­сов Алматыдағы анасының үйіне барып, газ жабдықтары мен желдету жүйесінің жа­рамдылығын тексерді. Газ қызметінің ма­мандарымен бірге табиғи газды анық­тайтын газ талдағышты ауыстырды. 

Бұдан басқа, өрт қауіпсіздігінің рес­публикалық профилактикалық айлығы ая­сында әкімдіктер мен волонтерлер бір­лесіп, тиісті мамандарды тартып, осал от­ба­сылардың баспанасында газ бен жану өнім­дерінің қауіпті концентрациясын анық­тайтын 24,7 мың датчик орнатқан. ТЖМ газ жабдықтарын жөндеу мен орна­туды тек білікті мамандарға сеніп тапсыруға кеңес берді. Өз кезегінде жаңа жылыту мау­сымы басталғалы ТЖМ қызметкерлері ша­мамен 13 мың датчик орнатты.

Қауіпсіздікке жүйелі бақылау қажет

Газ жабдық­та­рын пайдалану­дың қауіп­сіздігі проблемаларына Құрылтай депу­тат­тары да назар ау­­­дар­тып отыр. «Әді­­лет» пар­тия­сы фракция­сы­ның мүшесі Бе­ға­лы Ера­лиев Пре­мьер-ми­нистр­­дің орын­­­ба­­са­рына жол­да­ған сауалында газ жаб­­дық­тарын пай­­­даланудың қауіп­сіздігін кү­­шей­­тудің маңы­зына екпін түсірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанатын «Заң мен Тәртіп» қағи­даты азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қор­­ғауға ерекше мән береді. «Әділет» пар­тиясы үшін азаматтардың өз үйінде қауіпсіз өмір сүруі маңызды. Алайда жылыту мау­сы­мы басталған сайын газды қауіпсіз пай­далану мәселесі өзекті болады. Әсіресе кө­п­пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерішілік газ жабдықтарының жай-күйі алаңдатады. Себебі бір пәтердегі газ жабдығының ақауы басқа тұрғындардың да өміріне қауіп төн­дірмек», – деді депутат. 

Оның пікірінше, ескі, көпқабатты үй­лер­дегі түтін шығару және желдету арна­ла­рының уақытында тексерілмеуі мен та­за­ланбауы иіс газынан улану қаупін арт­тыра­ды. Бұл жұмыстарға жауапты тарап­тар­дың міндеттерін, бақылау тәртібін нақ­тылау қажет. Себебі QazaqGaz мәлі­ме­тінше, соңғы бес жылда табиғи газды пай­далану кезінде иіс газынан 1 337 адам зар­дап шегіп, оның 294-і қайтыс болған.

Депутаттың мәліметі бойынша «Газ жә­не газбен жабдықтау туралы» заңда газ жаб­дықтарына міндетті техникалық қыз­мет көрсету көзделгенімен, кейбір ұйым нақты жұмыс атқармай, тексеруді қағаз жү­зінде рәсімдеп, тұрғындардан ақы алу­мен шектеледі екен.

Бұл жерде тағы бір проблема бой көр­се­теді. Кейбір тұрғын қызмет көрсетуге шарт жасасудан, ақы төлеуден немесе ма­мандарды үйіне кіргізуден бас тартады. Әш­кереленген ақауды жою талабы да орын­далмай жатады. Сондықтан тұрғын­дар­ға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, олар­ды уақытында тексерту және анық­талған ақауларды жою қажеттігін түсіндіру жұ­мыстарын күшейту керек.

– Бұдан бөлек, газ жабдықтарына қыз­мет көрсету мен жүргізілген тексерулердің цифрлық есебі толық жолға қойылмаған. Со­ның салдарынан анықталған ақаулар­дың жойылғанын және атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесін бақылау қиын, – деді Бе­ғалы Ералиев.

Осыған байланысты «Әділет» пар­тия­сы­ның фракциясы газ жабдықтарына қыз­мет көрсететін ұйымдардың жұмыс са­­па­сы мен алынатын төлемдердің негіз­ді­­лігіне талдау жүргізуді, сондай-ақ үстірт-фор­малды тексерулердің алдын алу және нақ­ты атқарылған жұмыстарды растау те­тік­терін күшейтуді ұсынды. Сонымен бірге газ жабдықтарына техникалық қызмет көр­сету мен жүргізілген тексерулердің бірың­ғай цифрлық есебін енгізу де өзекті. Сонда жауапты ведомстволар мен ұйымдар ат­қарылған жұмыстар, анықталған ақау­лар, оларды жою мерзімдері және жауапты тұл­ғалар туралы мәліметті бір жерден кө­ріп-біліп, тиісті шара қабылдап отырар еді.

Бір үйдегі газ ақауы бір отбасының ғана емес, тұтас тұрғын үйдің тағдырын өзгертуі мүм­кін. Сондықтан газ қауіпсіздігі – әр­кім­нің жеке шаруасы емес, баспана қо­жайыны, газ операторы, жергілікті атқа­ру­шы орган­дар мен жауапты ведомство­лар­дың ортақ жауапкершілігі.

Айхан ШӘРІП

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары