Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Депутат мандаты үлкен жауапкершілік. Құрылтай депутаты халық алдында қалай есеп береді?

Депутат мандаты үлкен жауапкершілік. Құрылтай депутаты халық алдында қалай есеп береді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Өтініштердің қаралуын бақылаудың ашық жүйесі қажет

Қазақстанның саяси тарихында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында алғаш рет Сенатта депутат болған (2022-2024 жылдары) Ләззат Қалтаеваның айтуынша, депутаттың халықпен кері байланысы тек азаматтарды қабылдаумен немесе кездесулер өткізуімен шектелмеуі қажет.

«Құрылтай депутаты қаралып жатқан заң жобаларының мәнін ең алдымен түсінікті тілмен халыққа жеткізе білуі қажет. Азаматтар заңнамадағы өзгерістердің не үшін ұсынылып отырғанын, олардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін және қоғамдағы қандай нақты мәселелерді шешуге бағытталғанын ұғынуға тиіс. Өз тәжірибемнен айтар болсам, депутаттардың атына азаматтардан өте көп өтініштер түседі», деді ол.

Қос палатадан бір палатаға: 23 тамыз – Құрылтай сайлауы

Оның сөзінше, өтініштердің барлығы бірдей заң шығару қызметіне қатысты болмайды. Сондықтан олардың бір бөлігі құзыретті мемлекеттік органдарға жолданады.

«Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Өтініштерді талдап, қай мәселелердің жүйелі сипат алғанын анықтау маңызды. Себебі дәл осындай талдаулар – заңнамалық деңгейде шешуді қажет ететін түйткілдерді көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өтініштің жай ғана жолданғаны емес, оның қалай қаралғаны, мәселенің шешілген-шешілмегені және қабылданған шешімнің азаматқа нақты көмектескен-көмектеспегенін бақылау да депутат жұмысының маңызды бөлігі», деді Ләззат Молдабекқызы.

Сондай-ақ сарапшының айтуынша, азаматтардың өтініштерін қарау барысын бақылаудың ашық жүйесі қажет.

«Әр адам өзінің өтініші қайда жіберілгенін, қандай шаралар қабылданғанын және оның немен аяқталғанын көре алуы керек», деді ол.

Ел болашағы үшін Құрылтай сайлауының маңызы зор

Депутаттың бастамалары қоғамға нақты бір өзгеріс әкелуі керек

Ләззат Қалтаева депутаттық мандаттың зор жауапкершілік екенін, депутат азаматтардың мәселесін жеткізуші ғана емес, сол мәселелердің шешімін іздеп, заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуы керек екенін тілге тиек етті.

«Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғауда ерекше маңызды. БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі ретінде мен мұндай мәселелерге әлеуметтік көмек тұрғысынан ғана емес, ең алдымен адам құқықтары тұрғысынан қарау қажет деп санаймын. Мүгедектігі бар адамдар білім алуға, еңбек етуге, денсаулық сақтау қызметтеріне, көлікке, ақпаратқа, сот төрелігіне және қоғамдық-саяси өмірге тең дәрежеде қол жеткізуі керек. Осындай өзгерістерге қол жеткізу үшін депутаттың кәсібилігімен қатар, өз ұстанымына берік болуы және табандылық танытуы аса маңызды», деді сарапшы.

Л. Қалтаеваның пікірінше, депутаттың қызметі тек депутаттық сауалдардың немесе сөйлеген сөздерінің санымен бағалануы жеткіліксіз. Ең бастысы – оның бастамалары қоғамға қандай да бір нақты өзгеріс әкелуі қажет.

«Бүгінде қоғам депутаттың сөзінен гөрі нақты нәтижесін көргісі келеді. Сол себепті депутаттың қызметі барынша ашық әрі түсінікті болуы қажет. Азаматтар оның қандай заң жобаларын қолдағанын, қандай түзетулер ұсынғанын, қандай депутаттық сауалдар жолдағанын және олардың нәтижесі қандай болғанын білуге тиіс», деді Л. Молдабекқызы.

Құрылтай: Заң шығарушы биліктің жаңа конституциялық моделі

Депутаттардың есеп беруінің бірыңғай стандарттарын енгізу қажет

Айта кеткен жөн, көптеген елдерде депутаттар сайлаушылармен тұрақты түрде кездесіп, өз қызметі туралы жүйелі түрде есеп береді және әрбір маңызды заң жобасы бойынша өз ұстанымын түсіндіреді.

«Менің ойымша, Қазақстанға да депутаттардың есеп беруінің бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Есеп – өткізілген іс-шаралардың тізімін ғана емес, нақты нәтижелерді де көрсетуі керек», деді Ләззат Қалтаева.

Ол сондай-ақ заң жобалары әзірленіп жатқан кезеңде қоғамдық талқылауларды кеңінен өткізу маңызды екенін атап өтті.  

«Әсіресе бұл адам құқықтарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына қатысты мәселелерде өте өзекті. Себебі шешімдер адамдардың қатысуымен қабылданғанда ғана олардың тиімділігі артады», деді Л. Молдабекқызы.

Құрылтай сайлауына қатысудың маңыздылығы және азаматтардың белсенділігі

Оның пікірінше, депутат қоғамда үні жиі естілмей қалатын азаматтардың да мәселесін тыңдай білуі керек, халыққа қолжетімді болып, қабылданған шешімдердің мәнін түсіндіріп отыруы маңызды.

«Менің түсінігімде, «Біз туралы бізсіз ештеңе қабылданбауы керек» қағидаты ерекше маңызға ие. Бұл – тек мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына ғана емес, жалпы азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуына қатысты әмбебап қағида деп санаймын», деді Ләззат Қалтаева.

Бұдан соң, сарапшы халықтың сенімі депутатқа қалай қалыптасатыны туралы сөз етті.

«Құрылтай депутаты өз мандатын – мәртебе деп емес, халық алдындағы күнделікті жауапкершілік ретінде қабылдауы маңызды. Халықтың депутатқа деген сенімі – оның айтқан сөзінен емес, мәселені тыңдап, жан-жақты зерделеп, жүйелі шешім ұсынып, нәтижесіне дейін бақылап, кейін қоғам алдында ашық есеп бере алуы арқылы қалыптасады», деп түйіндеді Ләззат Қалтаева.

Сайлауға қатысу – азаматтық парыз: Құрылтай – халықтың жаңа таңдауы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 17:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары