Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Жаңа экономиканың өзегі жасанды интеллект пе?

Жаңа экономиканың өзегі жасанды интеллект пе?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл өзгеріс экономиканың да жаңа бағытын айқындады. Еліміз де осы көштен қалмай, жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға кірісті.

Өнім жөніндегі менеджер, сарапшы Шыңғыс Ерболаттың айтуынша, осы уақытқа дейін әлем экономикасының өсуі көбіне халықтың қанша ақша жұмсайтынына байланысты болды. Егер сауда бәсеңдеп, тұтыну азайса, орталық банктер несие пайызын төмендетіп, мемлекеттер халықтың шығынын арттыруға түрлі қолдау шараларын қабылдайтын. Алайда қазір жағдай өзгеріп келеді. Әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі – «BlackRock Investment Institute» жүргізген зерттеу экономиканың жаңа кезеңге өткенін көрсетеді.

«Мәселе халықтың қанша тауар сатып алатынында емес. Ең үлкен түйткіл – сол сұранысты өтейтін мүмкіндік жеткілікті ме, жоқ па?» деген сауал. Әңгіме электр энергия­сы, өндіріс орындары, көлік пен логистика, инфрақұрылым, мамандар мен инвестиция жайында болып отыр. Дәл осы факторлар бағаның өзгеруіне, инвестицияның көлеміне әрі қаржы нарығының бағытына көбірек ықпал ете бастады. Көпшілік жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттырып, шығынды азайтады деп есептейді. Расында, болашақта солай болуы мүмкін. Бірақ оған ауқымды дайындық қажет. Жасанды интеллект өздігінен пайда болмайды. Оны іске қосу үшін қуатты деректер орталықтары, серверлер, жартылай өткізгіштер, жаңа электр стансалары мен электр желілері салынып, мыңдаған инженер мен білікті маман даярлануы керек. Мұның бәрі қомақты қаржы мен көп ресурсты талап етеді. Сондықтан жақын жылдары жасанды интеллект бағаны арзандатпайды. Керісінше, құрылысқа, жабдыққа және электр энергиясына сұранысты арттырып, инфляцияның күшеюіне әсер етуі мүмкін», дейді сарапшы.

Бұл үрдісті халықаралық зерттеулер де қуаттайды. «MarketsandMarkets» компаниясының болжамынша, әлемдік жасанды интеллект нарығы 2026 жылғы 602 млрд доллардан 2033 жылға қарай 3,64 трлн долларға дейін ұлғаяды. Ал McKinsey сарапшылары генеративті жасанды интеллект жыл сайын әлемдік экономикаға 2,6-4,4 триллион доллар көлемінде қосымша құн әкелуі мүмкін деп есептейді. Дегенмен бұл нәтижеге жету үшін бұрын-соңды болмаған көлемде инфрақұрылымдық инвестиция қажет. Сондықтан АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ секілді жетекші мемлекеттер жасанды интеллектіні жай ғана цифрлық жаңалық емес, елдің болашақтағы экономикалық дамуы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық сала ретінде қарайды. Сол себепті олар қуатты есептеу чиптерінің экспортына шектеу қойып, деректер орталықтарын салуға қомақты қаржы бөліп жатыр. Өйткені жаңа заманда есептеу қуаты неғұрлым жоғары болса, жаңа технологияларды жасау мүмкіндігі де соғұрлым артады.

Егер бірнеше жыл бұрын инвесторлар жаңа бағдарламалар мен цифрлық сервис­терге қызықса, қазір капитал мүлде басқа бағытқа қарай ығысты. Әлемнің ең ірі корпорациялары енді жасанды интеллектінің өзін емес, соған қажетті инфрақұрылымды тұрғызуға миллиардтаған доллар құйып жатыр. Бұл үрдіс жаңа технологиялық кезең­­нің басталғанын аңғартады.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«EconomyKZ» сарапшысы Әлен Серік мұны «SVB Asset Management» компаниясының 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған есебімен байланыстырады. Оның айтуынша, биылғы алғашқы тоқсан АҚШ-тағы инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар нарығы тари­хындағы ең белсенді кезеңдердің біріне айналды. Қаңтар айында жаңа облигациялар шығару көлемі 217 млрд долларға жетіп, рекорд орнатқан. Ақпанда тағы 193 млрд долларлық облигация орналастырылған.

«Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал күр­деленіп, мұнай бағасы көтеріліп, қаржы нарығы құбылған наурыз айының өзінде компаниялар қарыз тартуды тоқтатқан жоқ. Бір қарағанда мұндай белсенділік тосын көрінуі мүмкін. Әдетте пайыздық мөлшерлеме жоғары кезде бизнес қарыз алуды қысқартады. Қазір керісінше, ірі корпорациялар миллиардтаған доллар тартып жатыр. Мұның ең жарқын мысалы – «Amazon» компаниясының 37 миллиард долларлық облигация шығаруы. Бұл тоқсандағы ең ірі мәміле болды. Қаражаттың басым бөлігі жасанды интеллектіге қажет инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталған. Мұндай көлемдегі инвестиция жаңа өнім шығаруға емес, болашақ экономиканың өндірістік негізін қалыптастыруға жұмсалып жатыр. Сондықтан бүгінгі өзгерісті кезекті технологиялық цикл деп емес, жаңа индустриялық кезеңнің басталуы деп қабылдаған жөн», дейді А.Серік.

Әлемде жасанды интеллектіге қажет инфрақұрылымға инвестиция еселеп өсіп жатқан тұста еліміз де бұл үдерістен тыс қалып отырған жоқ. Биылғы ­ма­­усымда еліміз «Firebird» компаниясы мен «Nvidia» корпорациясымен жалпы құны 10 млрд долларға дейін жететін келісімдер топтамасына қол қойды. Жоба аясында елімізде жасанды интеллектіге арналған ірі есептеу инфрақұрылымы мен деректер орталықтары салынады. Қазіргі 300 мегаваттық есептеу қуатын кезең-кезеңімен 1 гигаватқа дейін жеткізу көзделген. Ресми болжамға сәйкес, жоба толық іске қосылған соң жылына кемінде 3 млрд доллар экспорттық табыс әкелуі мүмкін.

Қазақстанның бұл бағыты халықаралық ұйымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Жуырда БҰҰ-ның Женевадағы жоғары деңгейдегі пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев еліміздің цифрлық даму стратегиясын таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстан электрондық үкімет моделінен жасанды интеллект кеңінен қолданылатын AI-native nation деңгейіне өтуді көздейді.

Қазір еліміз БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орында тұр. Мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Алдағы стратегиялық жобалардың қатарында Data Center Valley бастамасы, Транскаспий талшықты-оптикалық дәлізін аяқтау, AI-Sana білім беру бағдарламасын дамыту әрі халықаралық alem.ai орталығын қалыптастыру бар. Бізге жасанды интел­лектіні инклюзивті басқару – нақты іс жүзіндегі өзара ықпалдастық. Біз тәжірибе алмасуға, бірлескен қанатқақты жобаларды іске асыруға әрі технологияларды реттеудің үйлесімді тәсілдерін дамытуға дайынбыз», деді Ж.Мәдиев.

Дегенмен халықаралық тәжірибе бір нәрсені анық көрсетеді. Жасанды интеллект экожүйесі тек қуатты серверлерден тұрмайды. Оның табысты болуы ғылыми мектептердің дамуына, венчурлық капиталдың қалыптасуына, университеттердің әлеуетіне, инженерлік кадрларға әрі технологиялық кәсіпкерлікке тікелей байланысты. Сондықтан еліміз қолға алған жобалардың нәтижесі салынатын нысандардың көлемімен емес, сол инфрақұрылым негізінде қанша отандық өнім, қанша жаңа технология және қанша экспортқа бағытталған компания пайда болатынымен өлшенеді.

Әлемдік үрдіске қарасақ, бүгінгі бәсеке енді бағдарламалар арасында емес, сол бағдарламаларды өмірге әкелетін мүмкіндіктер арасында жүріп жатыр. BlackRock зерттеуі жасанды интеллектінің алғашқы кезеңде инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін екенін ескертсе, SVB Asset Management бұл өзгерістің қаржы нарығында әлдеқашан басталғанын көрсетеді. Бірі энергия мен өндірістік қуаттың маңызын алға тартса, екіншісі сол инфрақұрылымды тұрғызуға трил­лиондаған долларлық капиталдың бағыт­талып жатқанын дәлелдейді. Демек, жасанды интеллект бүгінде технологиялық жаңалық шеңберінен шығып, эконо­микалық саясаттың, өнеркәсіптің, энерге­тиканың әрі инвестицияның жаңа өзегіне айналып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары