Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетов Атырау облысына жұмыс сапары барысында бекіре балық өсіру зауытындағы модернизация және реконструкциялау жұмыстарымен танысты.
Төраға мердігер ұйым өкілдерімен, техникалық және авторлық қадағалау мамандарымен, сондай-ақ NCOC компаниясының өкілдерімен кездесіп, мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау барысын талқылады. Ол зауыт аумағындағы өндірістік цех корпусы, Улановский бассейндері, тоғандар, су беретін каналдар және дафния өсіруге арналған бассейндер сияқты нысандарды аралап шықты.
Кездесу барысында мердігерлерге құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейту, белгіленген мерзімдерді сақтау және сапаны тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Атырау бекіре балық өсіру зауытын жаңғырту жобасы бекіре тұқымдас балықтарды өсіру мен молайту өндірісін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және балық ресурстарын сақтау тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Кеше, 18:48
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 21:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















