Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандағы мемлекеттік наградалар қатарын музыка және бейнелеу өнері саласының үздіктеріне арналған екі жаңа марапатпен толықтыру ұсынылды. Құрылтайда қаралған заң жобасы отандық мәдениет пен өнерге үлес қосқан азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауды көздейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Нақты айтсақ, депутаттар «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізуді ұсынды. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.

Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасына негізделген. Президент ұлттық мәдениетті дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттаудың заңнамалық негізін қалыптастыру қажет екенін айтқан еді.

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ләззат Жылқыбаева заң жобасының мақсаты отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде тану екенін айтты.

«Елдің басты байлығы – өз ісіне адал, қоғам мен мемлекет дамуына еңбегімен үлес қосатын азаматтар. Сондықтан қоғамға пайдалы еңбек мемлекет тарапынан лайықты бағалануға тиіс», – деді депутат.

«Шәмші Қалдаяқов» медалі кімдерге беріледі?

Заң жобасына сәйкес, «Шәмші Қалдаяқов» медалі отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан, жемісті қызмет атқарып, ерекше еңбек сіңірген азаматтарды марапаттауға арналған.

Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталатын медаль музыка саласындағы шығармашылық еңбекті мемлекеттік деңгейде бағалауға бағытталған. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың туындылары ұлттық музыканың дамуына ықпал етіп, қазақ мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды.

Құрылтай депутаты Дихан Қамзабек жаңа марапаттың мәні бір тұлғаның есімін ұлықтаумен ғана шектелмейтінін түсіндірді.

«Шәмші Қалдаяқов – қазақ ән өнерінің рәмізіне айналған бірегей тұлға. Оның шығармалары халықтың жүрегіне жол тауып, талай буынның рухани әлемін байытты. Сондықтан Шәмші Қалдаяқов есімімен аталатын медаль – жалғыз тұлғаны ұлықтау емес, ұлт музыкасы мен ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындауға мүмкіндік береді», – деді депутат.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақан Әбдуәлиевтің пікірінше, жаңа марапаттар ұлттық өнердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға мүмкіндік береді.

– «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағының енгізілуі – ұлттық өнерге көрсетілген құрмет, шығармашылық адамдарына берілген үлкен қолдау. Мұндай марапаттар өнер иелерінің еңбегін бағалап қана қоймай, олардың жауапкершілігін арттырып, жас буынға үлгі-өнеге болады.

Шәмші – қазақ ән өнеріне өзіндік жаңалық әкелген, халықтың жүрегінен мәңгілік орын алған композитор. Оның әндерінің өміршеңдігі – шынайылығында, ұлттық болмысымызбен біте қайнасқан табиғатында. Композитор атындағы медаль осы мұраны дәріптеп, ән өнеріндегі дәстүр сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді, – дейді Ақан Әбдуәлиев.

«Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағын енгізу де ұсынылды

Заң жобасында «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу де көзделген. Бұл атақ бейнелеу өнері саласында жоғары кәсіби шеберлік танытып, үздік туындылары арқылы отандық көркем мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткерлерге берілмек.

Бейнелеу өнері ұлттық мәдениетті танытуда, тарихи және рухани құндылықтарды көркем шығармалар арқылы жеткізуде маңызды орынға ие. Жаңа құрметті атақ осы саладағы азаматтардың кәсіби жетістіктері мен шығармашылық үлесін бағалаудың тағы бір тетігі болмақ.

Депутат Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, жаңа марапаттарды енгізу еңбек адамының мәртебесін көтеру және адал еңбекті қоғамның маңызды құндылығы ретінде дәріптеу саясатының жалғасы.

«Мемлекеттік наградалар – Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» идеясын дәріптеудің маңызды тетігі. Олар еңбекқор, жауапты әрі жасампаз азаматтарды қоғамға үлгі ретінде танытады», – деді депутат.

Белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жайық Елесұлының айтуынша, жаңа құрметті атақ өмірін бейнелеу өнеріне арнаған азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.

«Президентке қазақстандық суретшілерге көңіл бөліп, олардың еңбегін бағалауға мүмкіндік беретін бастама көтергені үшін алғыс айтамын. Бүгінде өмірін сурет өнеріне арнап, шығармашылығымен ұлттық мәдениетке үлес қосып жүрген азаматтарымыз аз емес. Сондықтан «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағының енгізілуі – өнер адамдарының еңбегін бағалауға бағытталған маңызды қадам.

Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» деген сөзі бар. Суретшілер де айналамыздағы әсемдікті өз туындылары арқылы көрсетіп, қоғамның эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлес қосады. Алайда ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек етіп, көрмелерге қатысып, өнерге өмірін арнағанымен, мемлекеттік марапатқа ие болмай жүрген суретшілер де бар. Олардың еңбегі тек Суретшілер одағының мүшесі деген мәртебемен шектеліп қалмауға тиіс. Өнер адамдарының еңбегін дер кезінде бағалау – ұлттық мәдениетке деген құрметтің көрінісі», – деді ол.

Өнерге құрмет – ұлт рухы мен жасампаздығына көрсетілген құрмет

Мемлекеттік марапаттар қатарының толығуы мәдениет пен өнер саласындағы еңбекті тану мәселесін күн тәртібіне шығарып отыр. Себебі марапатқа үміткерлердің кәсіби жетістіктігін, ұлттық мәдениетке қосқан үлесін және шығармашылық қызметінің нәтижесін лайықты бағалау маңызды.

Осы ретте Дихан Қамзабек заң жобасының маңызына тоқталып өтті.

«Біздіңше, осы заң жобасының басты ерекшелігі – жаңа марапат енгізуде ғана емес. Бұл – талантымен ел руханиятын байытқан композиторлар мен суретшілердің еңбегін қастерлеудің, шығармашылығын ұлықтаудың жөні. Өнерге көрсетілген құрмет – ұлт рухы мен жасампаздығына көрсетілген құрмет. Талантты өнер адамдарының еңбегін лайықты бағалау – өткенге тағзым, бүгін мен келешекке өнеге», – деді депутат.

Осылайша, заң жобасы музыка мен бейнелеу өнері саласындағы азаматтарға арналған екі жаңа марапатты мемлекеттік наградалар жүйесіне енгізуді көздейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 17:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see136

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see134

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see125

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see123

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see114

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see111

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see108

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see108

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see107

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see106

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары