“Ұнамаса кетіңіздер“: Ақтөбедегі колледжде жанжал шықты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтөбеде "Болашақ" жекеменшік колледжінің төңірегінде дау өршіп тұр. Студенттердің айтуынша, мұнда оқу ақысы ескертусіз көтерілген, кей жағдайларда баға екі есеге жуық өскен. Енді бір жылдық оқу үшін 550 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді. Ал оқудан кетпек болғандарға, білім алушылардың сөзіне қарағанда, құжаттарын ақысын төлемей қайтаруға асығар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жансая Дауылбаева - көпбалалы ана. Оның қызы колледжде "Емдеу ісі" мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. Әйелдің айтуынша, бірінші курстан кейін оқу ақысы көтерілген, бірақ айтарлықтай емес. Биылғы оқу жылында бағаның күрт өскені соншалық, оның басшылыққа қояр сауалдары көбейген.
Жансая Дауылбаева. Фото Tengrinews.kz
"Бірінші курста оқу ақысы 300 мың болды, екінші курста 370 мыңға көтерді. Ал биыл 550 мың теңге қылды. Бірден 180 мың теңгеге өсті. Мен көпбалалы анамын, басқа балаларым да оқуға түскелі жатыр, ұлым ҰБТ-ға дайындалып жүр. Қосымша сабақтарға барады, олар да ақылы", - дейді Жансая Дауылбаева.
Көпсалалы колледжде медицина мамандары, педагогтер мен психологтар даярланады. Сондай-ақ жұмыс істей жүріп, негізгі қызметінен қол үзбей білім алғысы келетіндер үшін кешкі бөлім де бар. Көптеген студент үшін оқу орнын таңдаудағы басты себеп осы кешкі формат болған еді.
Фото Tengrinews.kz
Енді, студенттердің айтуынша, оларға жоғары оқу орнымен бірдей ақы төлеуге тура келіп отыр, ал басында олар мүлдем басқа шығындарды жоспарлаған болатын. Студенттер мен олардың ата-аналарын әсіресе бағаның өскені туралы тек 6 қазанда - оқу жылы басталғаннан кейін ғана хабарланғаны ашуландырады.
"Ешқандай алдын ала ескерту болған жоқ. Олар мұны құрал-жабдық сатып алу, мұғалімдердің жалақысын көтеру қажеттілігімен түсіндіріп, инфляцияға сілтейді. Бірақ ресми инфляция 9,8 пайыз болса, бізде баға 93 пайызға өсті. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз, өйткені мұндай бағаға колледжде емес, университетте оқуға болады", - дейді студент Динара Қойшығұлова.
Алайда, студенттердің айтуынша, колледжден кету де оңай болмай шықты. Олар басқа оқу орнына ауысу қосымша шығындар мен уақыт жоғалтуға әкеп соғады деп қауіптенеді. Кейбір білім алушылар құжаттарын алмақ болғанда, олардан алдымен оқу ақысын төлеуді талап еткенін айтады.
Фото Tengrinews.kz
"Біз бұл колледжді дәл осы кешкі оқу нысаны болғандықтан таңдадық. Бұл өте ыңғайлы: жұмыстан кейін сабаққа келуге болады. Бірақ 550 мың теңге деген - тым көп. Оның үстіне келесі жылы тағы да баға өседі деп отыр. Бізге: "Ұнамаса - кетіңіздер" деді. Басқа жаққа ауысайық десек, құжаттарымызды бермей жатыр. Алдымен 275 мың теңге төлеуімізді талап етеді. Бұл заңды ма?" - деп наразылығын білдірді студент Фарида Сатикова.
Фарида Сатикова. Фото Tengrinews.kz
Колледж әкімшілігі бағаның өскенін жоққа шығармайды. Оны шығындардың артуымен және оқу орнының жекеменшік болғандықтан өзін-өзі қамтамасыз етуі керектігімен түсіндіреді. Басшылықтың мәліметінше, тек қызметкерлердің жалақысына ай сайын шамамен 70 миллион теңге жұмсалады. Сонымен қатар колледжді ұстау және құрал-жабдықтарды жаңарту сияқты басқа да шығындар бар.
Бұл ретте оқу орнының әкімшілігі бағаның бәріне бірдей көтерілмегенін алға тартады. Кейбір мамандықтарда баға 50 мың теңгеге артса, медициналық бейіндегі мамандықтарда оқу ақысы айтарлықтай қымбаттаған.
"Бағаның өскені рас. Бұл қазіргі нарықтық жағдайларға байланысты. Біз жекеменшік колледж болғандықтан, өзімізді өзіміз қаржыландырамыз. Студенттер оқуға түскенде, біз оларға екі тілде шарт береміз. Барлық шарттар тиісті тармақтарда жазылған", - деп түсіндірді "Болашақ" жоғары көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сондай-ақ колледждегілер оқудан ауысуды ұйғарғандарға құжаттарын беруге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ ол үшін 1 қазаннан бергі оқу кезеңінің ақысы төленуі тиіс. Осылайша, жаңа тарифтермен келіспейтін студенттер енді шартты қандай жағдайда бұза алатынын анықтауы керек. Білім алушылар өз құқықтарын қорғауға бекініп отыр және прокуратураға шағым түсірмек.
Министрге қазақстандық жоғары оқу орындарындағы оқу құны туралы сұрақ қойылды
Бұдан бұрын ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қазақстандық жоғары оқу орындарындағы оқу құнына қатысты сұрақ қойылған болатын. Журналистер кейбір ұлттық университеттердегі бағаның шетелдік біліммен теңесіп қалғанына және оқу сапасының мұндай бағаға қаншалықты сәйкес келетініне қызығушылық танытқан еді.
Министр бұған жауап ретінде мемлекеттің білім гранттарының санын көбейтуді және оқу ақысын төлеудің баламалы тәсілдерін дамытуды жалғастырып жатқанын айтты. Соның ішінде "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қаражаты мен жеңілдетілген білім беру несиелері бар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 16:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















