Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жанна Елеусіз — қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасы бар, лирик ақын және журналист.
Ол 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген.
1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Әдеби ортада өзін көп көрсетпейтін, жұмбақ әрі тұйық мінезімен танымал ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан «ақсүйек поэзия» деп жоғары бағаланған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 16:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















