Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Күн, жел, судан қуат өндіру ісіне мемлекет дұрыстап ден қойғанын аңғару қиын емес. Мәселен, кейінгі 6 жыл аралықта елдің энергия теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4 есе өсіп, жалпы қуаттың 8 пайызын құрап отыр. Осыны ескеріп, біз саланың көрсеткіштері мен әр өңірдегі даму қарқынына шолу жасап көрдік. 

Биылғы 22 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, Орталық Азия елдерінің алдында тұрған ортақ экологиялық және климаттық сұрақтарды шешуде жасыл энергетика мен экологиялық технологияларға көшудің маңызы зор екенін баса айтты.

– Қазіргі уақытта Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз. Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды. Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды. Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар «таза көмір» технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық. Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз, – деді Президент.

КӨРКЕЙГЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Энергетика министрлігінің дерегінше, бүгінде елімізде жалпы бел­гіленген қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 71 – жел электр станcасы, 54 – күн электр стансасы, 44 – гидроэлектр стансасы және 3 биогаз стансасы бар. Жалпы, осы нысандар былтыр 8,6 млрд кВт/сағ электр энергиясын өн­дірген. 

2025 жылы Қазақстанда 9 ЖЭК іс­ке қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс­тар биыл да жалғасып жатыр. Тамыз айында Энергетика министрлігі ел ау­мағында жалпы қуаты 245 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланғанын мәлімдеген. Оның ішінде 4 жел электр стансасы, 5 күн электр стансасы және бір гидроэлектр стансасы бар. Осылайша, жыл аяғында жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 8,8 млрд кВт/сағ-қа жетпек. Бұған қоса, жақын аралықта қуаты 3,6 ГВт болатын шамамен 100 жобаны іске асыру жос­парланған екен. Тағы 4 ірі жоба пы­­­­сықталып жатыр.

Айтпақшы, салаға инвесторлардың қы­зығушылығы мол екенін тілге тиек еткен жөн. Қазір Қазақстан нарығына TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықара­лық компаниялар келді. Олардың заманауи технологиялар мен инвестициясы нысандардың қуатын көбейтуге септеспек. 

Алдағы жылға да жоспар көп. Ве­до­мство 2027 жылы елде 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жос­парланғанын жария етті. Атап айт­қанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғысын, «МАЭК» ЖШС-да қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, «Бас­куат Энергопром» ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қон­дырғысын, сондай-ақ Kazakhmys Energy ЖШС-да қуаты 70 МВт болатын бу-газ қондырғысын іске қосу жоспарланған. Бұлар газға қатысты. Ал жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуатына тағы 570 МВт қосылмақ. Олардың қатарында Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр стансасы, Қызылорда облысындағы жалпы қуаты 70 МВт болатын 3 күн электр стансасы, Ақтөбе облысындағы әрқайсысының қуаты 100 МВт болатын 2 жел электр стансасы, Қызылорда облысындағы қуаты 50 МВт жел электр стансасы, Түркістан облысындағы қуаты 50 МВт жел электр стансасы мен Абай облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын 2 жел электр стансасы бар.

«ТАЗА КӨМІРДІҢ» ТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Жаңартылатын энергия көздері, «жасыл» энергетика секілді тақырыптарды қозғағанда бір дүниені түсінген абзал: сала қанша дамып, қуат үле­сі артқанымен, көмірден таяу арада бас тарта алмаймыз. Әрине, экологтар көмірден қуат алуды аса құптамайды, одан шығатын зиянды қалдықтың қор­шаған ортаға зияны көп екенін жиі естиміз. Алайда биыл бұның да ше­шімі табылғандай болды. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев «таза көмір» технологиясын ұсынып, соның негізінде жоба әзірлеуді тапсырды.

Президент тапсырмасынан кейін 2026-2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Жобаның бастапқы құны 8 трлн теңгеден асады деп бағаланып отыр. Оның аясында 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа энергия көздерін іске қосу жоспарланған, оның ішінде 8 жаңа электр стансасын салу және жұмыс істеп тұрған 11 стансаны жаңғырту бастамасы бар. Үкіметтің талпысына қарасақ, 2027 жылы елдегі энергия тапшылығы мәселесі толық шешілуге тиіс. Ал 2029 жылға қарай Қазақстан тұрақты электр энергиясы профицитіне шығуды көздеп отыр.

Рас, әлемде электр қуатын алудың бірнеше дәстүрлі тәсілі бар: көмір, газ, күн, жел, тіпті ағын суды пайдалану жолы белгілі. Балама тәсіл көп болғанымен, мемлекеттер табиғи ресурс пен географиялық орналасуына қарай тиімді әдістің біріне басымдық береді. Қазақстан да осы жолды ұстанып отыр, елдегі энергия қуатының 60 пайыздан астамы көмірдің үлесінде. Бұрынғы 70 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда біршама ілгерілеу бар. 

Қалай алғанда да, көмірді өндіру жеңіл, тасымалдау оңай, шығыны аз. Оның үстіне, сарапшылар елдегі анық­талған көмір қоры 300 жылға жететінін болжап отыр. Егер барлау жұмыстары жүріп жатқан болса, қор көрсеткіші бұдан да еселене беруі мүмкін. Сондықтан көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарын шет­ке ысыра алмаймыз. Әрбір шаңырақтағы жарықты дәл осы «қара алтын» қамтамасыз етіп отыр.

Дегенмен мемлекет бір бағытпен шектеліп отыр­ған жоқ. Көмірден басқа энергия көздерінің жиынтық үлесі 40 пайызға таяп қалды. Кәсіпорындар көбейіп, дата-орталықтар бой кө­теріп, жасанды интеллект тех­нологиялары еніп жатқан тұс­та бұл көрсеткіштерді үлкен жетіс­тікке балар едік. 

Сұраныс бұл деңгейде тұрмайтыны тағы бар, Энергетика министрлігінің болжамынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 30 пайызға артып, шамамен 150 млрд кВт/сағатты құрайды. Ал қазір елде өндірілетін электр энергиясының қуаты – 123 миллиард кВт/сағ. Бұл есептерге қарап, мемлекеттің энергетика саласындағы саясатын құптамасқа шара жоқ. Дәстүрлі көмір генерациясынан бастап, жаңартылатын энергия көздерін жаңғырту бастамалары жалғасын таба бергені  жөн.

Мадияр ТӨЛЕУ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2026 06:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see133

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары