Сот екі ірі компанияны қазақстандыққа зейнетке шыққанша ай сайын 177 мың теңге төлеуге міндеттеді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жамбыл облысында үстіне шатыр құлап, салдарынан мүгедек болып қалған әйелдің талап арызы бойынша сот шешімі шықты. Оқиға болғанына үш жылдан аса уақыт өткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылы мамырда Жамбыл ауданы Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ мен "Қазақтелеком" АҚ-ға тиесілі ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Шатыр әйелдің үстіне құлап, салдарынан ол ауыр жарақат алып, 1-топтағы мүгедек болып қалған.
2024 жылғы қазанда Жамбыл аудандық сотының шешімімен "Қазпошта" АҚ-дан зардап шеккен әйелдің пайдасына 8,5 миллион теңгеден аса материалдық шығын (кейін бұл сомма 4,3 миллионға дейін қысқартылған), сондай-ақ, 10 миллион теңге моральдық зиян ретінде өтемақысы өндірілген.
"Іс алғаш рет қаралғаннан кейін жәбірленуші емделуге, көшуге және денсаулығын қалпына келтіруге байланысты шығынды әлі де өтеп жатқанын алға тартып, сотқа қайта жүгінді. Ол медициналық көмекке, дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді сатып алуға, сондай-ақ, қосымша емге кеткен шығындарын растайтын құжаттарды ұсынды", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.
Бұдан бөлек, әйел жарақат салдарынан жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылғанын айтып, ай сайын 218 мың теңге көлемінде жоғалтқан табысын өндіріп беруді сұраған.
Жамбыл аудандық соты емделуге кеткен шығындар өтелуге тиіс деген қорытындыға келді.
Оқиғаға дейін талап қоюшы әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген, оның ай сайынғы табысы 189 мыңнан 218 мың теңгеге дейін жеткен.
"Еңбекке қабілетін 90 пайыз жоғалтқанын ескеріп, сот ай сайын өтелуге тиіс табыс мөлшерін 177 мың теңге деп белгіледі. Жауапкерлер бұл соманы әйел зейнет жасына жеткенге дейін ай сайын төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, "Қазпошта" және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамдарынан ортақ жауапкершілік тәртібімен 1,4 миллион теңгеден аса материалдық шығын мен мемлекеттік баж өндірілді", – деп мәлімдеді сот өкілдері.
Жауапкерлер шешімге наразылық білдіріп, апелляцияға бергенімен, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.
Бұған дейін азамат шектен тыс күйзеліске түскені үшін өтемақы өндіріп алғанын жаздық.
Тағы оқыңыз: Үш сағат жұмысқа келмегені үшін жұмыстан шығарылған қазақстандық 2,3 миллион теңге өндіріп алды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 17:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















