Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын азаматтарымыз ерекше ықыласпен қабылдады. 

Президент Жолдауында қамтылған маңызды игі бастамалар мен нақты мақсат-міндеттер қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқанын көріп отырмыз. 

Шын мәнінде, Мемлекет басшысының жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы Жолдауы ел тарихының жаңа, сапалы кезеңіне жол ашады және туған Отанымыздың алдағы он жылдықтардағы даму бағытын айқындайды. 

Оның алғышарттары белгілі. Қазақстан әлемдегі ахуалдың күрделілігіне, болжамсыздығына қарамастан, өткен жеті жылдың ішінде түбегейлі реформаларды батыл жүзеге асырды. 

Осы уақыт аралығында мемлекеттік басқарудың архитектурасы ғана емес, тұтас саяси жүйе, қоғамдық этика мен сана өзгерді. Азаматтарымыз мемлекет ісіне белсенді түрде араласып, мемлекеттік шешімдерге тікелей ықпал ете бастады.  Жаңа қоғамдық келісім әлеуметтік-экономикалық өсімнің мызғымас іргетасы болып отыр.

Президент Тоқаевтың стратегиялық көрегендігі Қазақстанды халықаралық аренада беделді орта держава және жаһандық диалогтың мойындалған орталығы деңгейіне көтерді. 

Табанды, ымырасыз өзгерістер логикасы Әділетті, Қуатты, Таза және Прогрессивті Қазақстанды құрудың негізіне айналды. 

Осының бәрі ең алдымен халқымыздың қалтқысыз таңдауының, береке-бірлігі мен ұлттық рухының беріктігінің арқасы деп білеміз. 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жаңа жоспарларымыз бен іс-қимылымыздың доктринасы.  

Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. 

Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр.

Президент 2027 жылды  Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Осы бастаманың аясында бүкіл еліміз бойынша инженерлік, жол-көлік, медициналық және мәдени нысандар бой көтереді. Бұл – коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртудың бұрын-соңды болмаған жобасы. 

Мемлекет басшысы Жолдауында еліміздің индустриялық-технологиялық тұрғыда жедел дамуына қажетті тетіктер әзірлеу қажеттігіне баса назар аударды.  Алдымызда энергетикалық дербестік пен транзиттік тасымалды арттыру, ауыл шаруашылығын жандандырып, елімізді Еуразияның көлік-логистикалық орталығына айналдыру сияқты кешенді мақсаттар бар.   

Президент цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту бағытында нақты шаралар бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Технологиялық жаңғыру еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың табысын өсіруге тікелей әсер етеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың ең өзекті мәселелерін де толықтай қамтыды. 

Кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, салық және қаржы жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инфляцияны тежеу, әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мен инклюзивті білім беруді дамыту бастамалары азаматтардың көңілінен шығып отыр.  

Қазақстан Республикасының Құрылтайы Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын толық қолдайды және оны заңнамалық, сараптамалық және қоғамдық тұрғыда ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмылдырады. 

Қадірлі қазақстандықтар!

Президенттің Жолдауы халқымыздың талап-тілегімен толық үйлесім тауып отыр. 

Ендігі міндетіміз – осы іс-шараларды ел болып еңсеру. 

Ұлы мақсаттар қай кезде де ұлы бірлікті талап етеді. 

Мемлекет басшысы айтқандай, «Дәл осындай жауапты кезеңдерде ұлттың мінезі айқын көрінеді. Енжарлық пен бейқамдық танытқан ел тарихта жеңімпаз ұлт болмайтыны анық».

Жеңімпаз ұлттың, жасампаз ұлттың күші – береке-бірлікте!

Сондықтан осындай тарихи сәтте біз әр азаматты, тұтас қоғамды болашақ үшін, мемлекетіміздің өркендеуі үшін бірігуге, игі істерге тізе қосып, атсалысуға шақырамыз! 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see124

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see121

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see119

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see118

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see116

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see116

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see116

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see116

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see116

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see115

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see115

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see113

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see113

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see113

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see113

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары