Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Еуропамен өзара іс қимылдың жаңа стратегиясы. Тоқаев Euronews үшін мақала жазды

Еуропамен өзара іс қимылдың жаңа стратегиясы. Тоқаев Euronews үшін мақала жазды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің келесі кезеңін қалыптастыруға бағытталған негізгі мақсаттарды айқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Брюссельге ресми сапармен барған Мемлекет басшысының авторлық мақаласын Euronews басылымы жариялады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің келесі кезеңін қалыптастыруға бағытталған негізгі мақсаттарды айқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Брюссельге ресми сапармен барған Мемлекет басшысының авторлық мақаласын Euronews басылымы жариялады.

Мақалада Қазақстан Президенті Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан бергі кейінгі он жыл ішінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналғанын атап өтті. Қазақстанда мыңдаған еуропалық компания табысты жұмыс істеп жатыр, бұл Еуропа үшін де, Қазақстан үшін де тиімді, өйткені мұндай өзара іс-қимыл экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Тоқаев әлем қарқынды өзгеріп жатқан жағдайда бұл үлкен жетістікпен шектеліп қалуға болмайтынын айтты.

"Мен Брюссельге айқын ұмтылыс және нық сеніммен оралдым: бүгінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің маңызы бұрынғыдан да зор. Сондықтан оны нығайту қажет", - деп есептейді Қазақстан Президенті.

Серіктестер үшін негізгі мақсаттар?

Тоқаев үш негізгі стратегиялық мақсатты атады:

Тұрақтылықты нығайту Барлық саладағы өзара байланысты кеңейту Азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

"Бұл қажеттілік, өйткені бұрынғы геосаяси алғышарттар бұдан былай жұмыс істемейді. География мен күш қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қайта жанданған бәсекелестік сауда, технология және инвестиция ағындарының бағыттарын жедел өзгертіп жатыр. Жаһандық жеткізу тізбектері қайтадан осал болып қалды. Сауда-экономикалық өзара тәуелділік ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің тұтқынына айналып барады", - деп жазды Тоқаев мақаласында.

Мемлекет басшысы мұндай жағдайда елдердің не бәсекелес блоктарға жабылып қалуына, не өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негізделген жаңа серіктестіктер құруына болатынын атап өтті. Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мұны жақсы түсінеді: біздің географиялық орналасуымыз құрлықтардың тоғысқан жерінде, ал біздің сыртқы саясатымыз оларды байланыстыруға бағытталған.

"Жол белгісіз болған сайын, сенімді серіктің құны арта түседі"

Мақалада Президент серіктестер арасындағы байланыстырушы рөл экономикалық қуатпен барған сайын нығайып келе жатқанын да көрсетеді. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсіп, ІЖӨ 306 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, ХВҚ-ның World Economic Outlook болжамына сәйкес, 2026 жылы ІЖӨ 360 миллиард АҚШ долларынан асады деп күтіледі. Тоқаев анағұрлым ірі және серпінді Қазақстан Еуропа үшін Еуразияның қақ ортасындағы мықты серіктес болатынын атап өтті.

"Әрбір саяхатшы түсінеді: жол неғұрлым белгісіз болса, сенімді серіктердің құны соғұрлым жоғары болады. Әлеміміз белгісіздікке толы болған сайын, Қазақстан мен Еуропа қазірдің өзінде осындай жолсеріктерге айналды. Біздің халықаралық ынтымақтастыққа деген теңгерімді, прагматикалық және сындарлы көзқарасымыз өзгеріссіз қалады. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына бұрынғыдай берікпіз. Біз диалог пен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге басымдық беруді жалғастырамыз. Біздің келіспейтін тұстарымыз бар, бірақ біз бір-бірімізді жақсы танимыз", - деді Тоқаев.

Энергетикалық қауіпсіздік - сенімнің үлгісі

Сондай-ақ Қазақстан Президенті энергетикалық қауіпсіздік Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара сенімнің айқын мысалы екенін атап өтті.

"Өзара тәуелділік тұрақтылықты нығайтады. Мәселен, энергетика саласында сенімділік қысқа мерзімде стратегиялық маңызға ие болды. Бүгінде Қазақстан Еуропалық Одақтың мұнай мен мұнай өнімдері импортының қажеттілігін – 13 пайызға жуық, ал табиғи уран жеткізілімін 16 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Энергетикалық қауіпсіздік біздің өзара сеніміміздің, тұрақтылықты нығайтуымыздың және тіпті тұрақсыз әлем жағдайында да міндеттемелерімізді орындау қабілетіміздің айқын мысалы болып табылады. Дәл осындай тәсілді ауыл шаруашылығында неге қолданбасқа? Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлемде барған сайын маңызды стратегиялық мәселеге айналып барады. Қазақстан әлемдегі ең ірі астық өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі болып табылады және әртараптандыруды қажет ететін еуропалық нарықтар үшін айтарлықтай әлеуетке ие", - деп жазды Қазақстан Президенті мақаласында.

Тоқаев еуропалық білім, технология және инвестициялар Қазақстанда терең өңдеуді және қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал ете алады деп есептейді.

Оның пікірінше, тұрақты өсуге бағытталған жаһандық экономикалық көшу де бұрын-соңды болмаған өзара іс-қимыл деңгейін талап етеді. Маңызды шикізат материалдары, жаңартылатын технологиялар, энергия тиімділігі және жаңа өнеркәсіптік экожүйелер болашақтың бәсекеге қабілеттілігін жедел қалыптастырып жатыр.

"Егер Еуропа сараптама, технологиялар және инвестициялармен жауап берсе, бұл ретте Қазақстан айтарлықтай ресурстар мен өнеркәсіптік әлеуетті ұсына алады. Біздің екі экономикамыз да өседі және екеуі де тұрақты бола түседі", - деді Тоқаев.

Қауіпсіз көлік бағыттары мен стратегиялық магистральдар

Сонымен қатар мақалада Қазақстан Президенті экономикалық қарым-қатынасты дәстүрлі "инвестиция орнына шикізат ресурстары" моделінен әр кезеңде құндылық тудыратын - терең өңдеу, технологиялар трансферті, зерттеу саласындағы ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорындар арқылы жүзеге асатын серіктестікке көшіруді ұсынды.

"Өзара байланыс мәселесін қарастырайық. Қазақстанда біз Жібек жолы секілді қауіпсіз әрі тиімді көлік маршруттары әрдайым стратегиялық күретамыр болғанын түсінеміз. Дәл сондықтан біз Еуропа мен Азия арасындағы Орталық дәлізді дамытып жатырмыз, ол ЕО-ның Global Gateway стратегиясымен табиғи түрде үйлеседі. Дегенмен, өзара байланыс дегеніміз тек тауарларды шекара арқылы тезірек өткізу емес. Орталық дәлізді еуропалық нарықтар мен экономикалық орталықтарды Орталық Азия ресурстары, оның дамып келе жатқан өнеркәсіптік базасы және логистикалық әлеуетімен байланыстыратын жаңа жүйенің негізі ретінде қарастырған дұрыс", - деп есептейді Қазақстан Президенті.

Оның пікірінше, сауда логистикасы тарихи тұрғыдан елдер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып - нарықтарды біріктірді, инвестицияларды ынталандырды, кәсіпкерлікті қолдады және қоғамдарды жақындатты.

Технология - экономикалық бәсекеге қабілеттілік кілті

Тоқаев мақалада жасанды интеллект, инновациялық экожүйелер және цифрландыру тақырыбына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұлар қарқынды түрде экономикалық бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық тұрақтылықтың негізгі факторларына айналып отыр.

"Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, деректерге негізделген басқаруды дамыту және жасанды интеллектке инвестиция құю арқылы барынша цифрлы мемлекетке айналу бойынша өршіл мақсаттар қойды. Біз технологиялық прогрестің инклюзивті, қауіпсіз және адамға бағдарланған болуын қамтамасыз ету үшін еуропалық технологиялық компаниялармен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруға ниеттіміз. Ең алдымен, шынайы стратегиялық серіктестік азаматтарға нақты пайда әкелуі тиіс. Виза режимі мәселесінде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді, бұл сапарларды қолжетімді әрі ыңғайлы етіп, барлық тараптың студенттеріне, зерттеушілеріне, кәсіпкерлеріне және отбасыларына практикалық пайдасын тигізеді", - деп жазды Президент мақаласында.

Сондай-ақ Тоқаев білім, ғылым және инновация саласындағы межені биіктетуге шақырды. Ол Қазақстанның Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламаларына қатысуы қолда бар мүмкіндіктер ауқымын қазірдің өзінде көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Уақыт ешкімді күтпейді. Қазақстан Еуропалық Одақпен әріптестігінің келесі онжылдығына үлкен жаңғыру кезеңінен өтіп жатқан мемлекет ретінде қадам басып отыр. Біз тұрақтылық ең алдымен ел ішінен басталатынына сенеміз. Тәуелсіздік алғаннан бері қабылданған ең ауқымды өзгерістердің бірі – жаңа Конституция болды. Ол заң мен тәртіпке негізделген, адам құқықтары мен бостандықтары толық сақталатын әділетті елде өмір сүргісі келетін жаңа буынның талап-тілегін көрсетеді. Сонымен қатар Конституция саяси және экономикалық реформаларды бекітті. Бұл реформалар мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға және олардың жұмысын тиімді етуге бағытталған. Оның негізі – "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан серіктестер мен инвесторлардың елімізден тек жаңа нарықтарды емес, сонымен қатар тұрақты ережелерді, түсінікті әрі болжамды экономикалық саясатты, әділ және ашық басқару жүйесін көргенін қалайды. Яғни, инвесторлар Қазақстанда жұмыс істеу қауіпсіз, шарттары түсінікті және заң талаптары бәріне бірдей қолданылатынына сенімді болуы керек.

"Өткен онжылдық бізге серіктестікті табысты дамытуға қабілетті екенімізге сенімділік берді. Келесі онжылдыққа көз жібере отырып, мен серіктестігіміз маңызды нәтижелер беруі тиіс екеніне сенімдімін. Жақсы жаңалық - Еуропа мен Қазақстанда осы серіктестікті нығайту үшін қажетті құралдар мен ресурстардың көпшілігі қазірдің өзінде бар. Қалғанын бірге құрамыз", - деп түйіндеді Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары 22 және 23 маусым күндері жалғасады. Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 15:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары