Рамазан Әйнегов триатлоннан жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта бағындырды. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті. Екеуі де жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.
Португалиялық Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Люксембург өкілі Эмиль Ванолст (53:23) күміс жүлдеге қол жеткізді.
ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны екіге жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 23:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















