Рэп орындайды, әділетсіздікке қарсы тұрады : Алдар көсе мюзиклі жаңаша сипатта қойылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Алдар көсе» мюзиклі қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдар көсенің хикаясы мюзиклде жаңаша өрбиді. Қойылымда ұлттық дәстүр, тапқыр әзіл, әсем ән мен көркем би қатар үйлесім тапқан.
Мюзикл режиссері – Есләм Нұртазин, композиторлары – Ербол Нариманұлы мен Ақжол Өмірзақов. Қойылымды Ефрат Шәріпов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин және Әннас Бағдат жазған.
Жаңаша сипаттағы қойылымда Алдар көсе ән айтып, би билеумен қатар, рэп те орындайды. Кейіпкер ақылы мен тапқырлығының арқасында түрлі сынақтан өтіп, әділетсіздікке қарсы тұра білді.
Ұлттық нақышта безендірілген сахнада заманауи үлгідегі жарық қойылды. Сонымен бірге өнерпаздар көркем костюмдерде өнер көрсетті.
Бәйтерек, тайқазан, алып, айдаһар бейнелері, музыкалық нөмірлер мен «Қара жорға» биі оқиғаның мазмұнын толықтыра түсті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, мюзикл қазақ фольклорын жас ұрпаққа кеңінен танытуға бағытталған. Заманауи сахна өнері мен ұлттық мұра ұштасқан қойылым жас буынның мәдениетке қызығушылығын арттыруды көздейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 22:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















