Директордың әйелі еден жуушының шелегін теуіп жіберді: Ақтаудағы мектепте жанжал шықты
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтауда жекеменшік екі мектептің құрылтайшысы Халеф Челикке қатысты дау туындады. Әлеуметтік желілерде оның жұбайы мектептердің бірінде еден жуушы пайдаланған су толы шелекті теуіп жатқан видеосы тарады. Бұдан бөлек Челикке қатысы бар тағы бір мектептің бұрынғы қызметкерлері жалақының кешіктірілуіне және еңбек шарттарын рәсімдеудегі қиындықтарға шағымданды. Tengrinews.kz екі оқиғаның да мән-жайын анықтап, білім басқармасынан жауап алды.
Әйел неге еден жуушының шелегін тепті?
Маңғыстау облыстық білім басқармасы видеодағы әйел жекеменшік мектеп иесінің жұбайы екенін және ол сол білім беру мекемесінде жұмыс істегенін растады. Ведомство мәліметінше, оқиға 16 қазанда болған. Дауға еден жуушының оқу орны директорының кабинетін жинаудан бас тартуы себеп болған.
"Жиналған мәліметтерге сәйкес, мектеп қызметкерлерінің бірі техникалық қызметкерден директордың кабинетін жинауды сұраған. Алайда еден жуушы тапсырманы орындаудан бас тартып, дөрекі сөздер айтып, кабинеттен шығып кеткен. Мұндай әрекетке ашуланған мектеп қызметкері еден жуушының су толы шелегін теуіп жіберіп, су төгілген... Педагогикалық әдеп нормаларын сақтамағаны үшін қызметкерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беріліп, онымен еңбек шарты бұзылды және ол жұмыстан босатылды", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Сондай-ақ өңірдің білім басқармасы оқиғаның мән-жайына құқықтық баға беру және тиісті шаралар қабылдау үшін Ақтау полиция басқармасына ресми хат жолданғанын хабарлады. Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарласты. Олар жауап беруге уәде етті.
Мұғалімдер жалақы төленбегенін айттыЧеликтер отбасына қатысты оқиға мұнымен біткен жоқ. Әлеуметтік желілерде тағы бір жекеменшік мектеп - "Ақтау зияткерлік мектебі" бұрынғы қызметкерлерінің шағымы пайда болды. Оның да құрылтайшысы Халеф Челик екені белгілі болды. Педагогтер жалақы кешіктірілгенін, ал еңбек шарттары бірнеше рет жасалған өтініштен кейін ғана рәсімделгенін айтып шағымданды.
Білім басқармасы не деп жауап берді?"Тамыздан бастап біз мектепті ретке келтірдік: парталарды тасыдық, оларды бірінші қабаттан екінші және үшінші қабаттарға көтердік. Алайда бізге тамызға жалақы төленбейтіні бірден айтылды. Біз келістік. Қыркүйек келіп, сабақ басталды. Бірақ қолымызда еңбек шарттары болған жоқ. Көптеген өтініштен кейін ғана, қыркүйектің аяғына қарай бізге шарттар рәсімделді. (...) Ал біздің құрылтайшымызға бәрібір болды. Әңгіме Халеф Челик туралы болып отыр. (...) Біз де өзімізді алданғандай сезіндік. Соған қарамастан, жұмыстан кетуге мәжбүр болдық. Бірақ жұмыстан кеткенімізге бір айдан аса уақыт өтсе де, әлі күнге дейін атқарған жұмысымыз үшін ақшамызды ала алмай жүрміз", - делінген жазбада..
Маңғыстау облыстық білім басқармасы төлем кешіктірілуіне қатысты жағдайдан хабардар екенін растады. Бұл ретте ведомство екі мектептің мемлекеттік қаржыландыру тұрғысынан мәртебесі әртүрлі екенін нақтылады. Сондай-ақ жекеменшік екі білім беру ұйымының құрылтайшысы бір адам екені белгілі болды.
"Ақтау зияткерлік мектебі" білім басқармасынан мемлекеттік білім беру тапсырысын алмайды. "Тұлпар" жекеменшік мектебіне мемлекеттік тапсырыс 2025 жылдың қыркүйегінен бастап беріледі. Білім басқармасы мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдерді кешіктіруге жол берген жоқ. Қаржыландыру ай сайын және толық көлемде жүзеге асырылады. Сонымен бірге жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын, соның ішінде жалақының уақтылы төленуін және зейнетақы жарналарының аударылуын бақылау білім басқармасының құзыретіне кірмейді", - деп жауап берді Маңғыстау облыстық білім басқармасы.
Ведомство жекеменшік мектеп қызметкерлері еңбек құқықтарының сақталуына, соның ішінде жалақы мен зейнетақы жарналарының уақтылы төленуіне жауап бермейтінін атап өтті. Еңбекақысын ала алмаған бұрынғы қызметкерлерге еңбек инспекциясына жүгінуге кеңес берілді. Редакцияда бар мәліметтер бойынша, Халеф Челик пен оның жұбайы Қазақстан азаматтары.
Tengrinews.kz редакциясы қалыптасқан жағдайға байланысты пікір алу үшін Халеф Челикпен байланысуға тырысып жатыр.
Ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша, Халеф Челик (Halef Çelik) - Қазақстанда танымал педагог, білім беру саласындағы кәсіпкер және жекеменшік оқу орындарының негізін қалаушы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:110
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 20:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















