Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Наурызбай ауданындағы Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аю бейнесінде жасалған алтын мүсінше табылды. Ғалымдардың болжамынша, бұл бұйым бас киімге тағылатын әшекей ретінде қолданылған.
Алдын ала зерттеулер бойынша, оба біздің заманымызға дейінгі IV–III ғасырларға жатады.
© Photo : Пресс-служба акима АлматыАлматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды
© Photo : Пресс-служба акима Алматы
"Мамандардың айтуынша, Қазақстанда бұған дейін аю бейнесіндегі мұндай алтын мүсіншелер кездеспеген. Бұл олжа Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықтарды зерттеуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Қазба барысында сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ғылыми өңдеуден кейін аса құнды жәдігерлерді Алматы музейінде көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 19:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















