Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Отырарда Алтын Орда дәуіріне жататын мешіттің орны табылды

Отырарда Алтын Орда дәуіріне жататын мешіттің орны табылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Түркістан облысындағы ортағасырлық Отырар қаласынан Алтын Орда дәуіріне, XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға тиесілі мешіттің орны табылды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа нысан солардың барлығынан ерте, яғни бүгінге дейін Отырардан анықталған ең көне мешіт болып отыр. Бұған қоса археологтар Отырардың қазба тарихында бұрын кездеспеген тас төселген көше тапты.

Зерттеу Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен, Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және тарауын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Қазба жұмыстарын жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Мұхтар Қожа бастаған археологиялық экспедиция жүргізді.

2025 жылы экспедиция Отырардың рабад бөлігінен екі бөлмесінде де михрабы бар тұрғын үй кешенін тапты — екі михрабтың да бағыты Меккеге, құбылаға қаратылған, бұл үй салынған кезден-ақ ескерілген. Ғылыми әдебиетте бұған дейін Орталық Азия аумағында тұрғын үй ішінен михраб табылғаны тіркелмеген. Мерзімін нақтылау үшін тандыр ішінен алынған ағаш күлі Түркиядағы зертханаға жіберіліп, радиокөміртекті талдау нәтижесінде кешеннің VIII ғасырдың ортасына тиесілі екені анықталды.

Биылғы далалық маусым Отырардың шахристан бөлігінде 2026 жылғы 1 маусымда басталып, шілденің аяғына дейін жалғасты. Экспедиция мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, доцент Бақдәулет Сыздықовтың айтуынша, ауданы 100 шаршы метр (10×10 метр) қазба орнында репер нүктесінен есептегенде 3,5 метр тереңдікке дейін қазба жүргізіліп, бес құрылыс кезеңіне жататын қабаттар анықталды.

Жоғарғы қабаттардан тұрғын үй мен шаруашылық бөлмелері, құмыра күйдіретін пеш орындары, қыш төселген көшелер шықты. Төртінші қабаттан дахма үлгісіндегі ұжымдық жерлеу орны ашылды. Мұндай жерлеу түрінің аналогтары Самарқандтағы Шайбанилер әулетінің жерлеу орындарынан белгілі. Ал ең төменгі, бесінші қабаттан Алтын Орда кезеңіне тиесілі мешіттің қабырғалары мен соған алып келетін тас көше табылды.

– Ғимараттың мешіт екенін көрсететін бірнеше белгі бар. Бірінші белгісі – ашылған қабырғалардың бағыты михраб жасалатын бағытпен, құбылаға қаратып салынған, мұны азимут өлшемі растайды. Екінші белгісі – ғимараттың ішінен және айналасынан мұсылмандық жерлеу орындары көп анықталды. Алтын Орда дәуірінде мешіттердің ішіне және сыртына адамдар жерлейтін болған. Алтын Орда дәуірінің қалаларында мешіт маңына адам жерлегені басқа зерттеулерде де тіркелген. Үшіншіден, мешіттің маңыздылығын көрсететін нәрсе — ғимараттың есігіне дейін таудан арнайы әкелінген үлкен тастармен көше төселген. Әйтпесе, барлық жерде үлкен таудың тасынан көше жасай бермейді, – деді жоба жетекшісі, профессор Мұхтар Қожа.

Табылған сүйектерден антропологиялық және генетикалық зерттеулерге сынама алынып, зерттеу аяқталған соң олар жақын маңдағы зиратқа қайта жерленеді.

Профессор Мұхтар Қожа қазірге дейін нысанның бір бөлігі ғана ашылғанын атап өтеді: ғалым ашылған тұсты мешіттің алдындағы аула деп болжайды, ал михрабы бар негізгі қабырға әлі жер астында жатыр.

Ғалымдардың болжамынша, көшеге төселген тастар Түркістанның арғы жағындағы Қаратаудан жеткізілген.

Тас көшенің жалғасында, қаланың биік бөлігіне көтерілетін тұста күйдірілген кірпіштен қаланған тепкішек-саты ашылды. Мұндай құрылыс та Отырарда алғаш рет табылып отыр. Профессор Мұхтар Қожаның бағалауынша, тепкішек кейінгі кезеңге — XV–XVI ғасырларға тиесілі. Яғни Алтын Орда дәуірінде тастан төселген бұл көше бірнеше ғасыр бойы қолданыста болып, кейін биіктеу мақсатында кірпіштен тепкішек (баспалдақ) жасалған.

Қазба барысында араб жазуы бар мөр-жүзік, терезеге орнатылатын сырлы панджара, күмбездің ұшына қойылатын қубба, сырлы сиясауыттың бөлігі, есік топсалары, сүйектен жасалған құралдар және теңгелер табылды. Жазуы бар мөр-жүзік Отырардың қазба тарихында алғаш рет кездесіп отыр. Мөрдегі жазуды тереңірек зерделеумен бірнеше маман айналысып жатыр. Сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің күміс және мыс теңгелері, Әмір Темір заманының теңгелері, ортасында тесігі бар қытай теңгелері табылған. Бұл жәдігерлер Отырардың Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталықтарының бірі болғанын айғақтайды.

– Біздің мақсатымыз — ислам дінінің Қазақстан жеріне енуі мен таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде анықтау. Былтыр қаланың рабад бөлігінен михрабы бар үйлерді таптық, биыл қаланың нақ ортасынан мешіттің орнына жеттік. Тас көшені де, тепкішегі бар көшені де табатынымызды күтпедік, өзіміз таңғалдық. Отырар XIII ғасырда жойылып кетпеген, кейін де бұл жерде үлкен құрылыстар салынған. Алтын Орда дәуірі — қала мәдениетінің гүлденген кезеңдерінің бірі, – деді экспедиция жетекшісі, профессор Мұхтар Қожа.

Ғалымдар ашылған нысанның туристік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Келушілер тас төселген көше, тепкішек жолмен жүріп, ортағасырлық қала мәдениетін тікелей сезінеді. Қазіргі уақытта нысанның төбесін жауып, консервациялау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Қосымша қаражат бөлінсе, осы қазбаны жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Ғалымдар келесі жылғы далалық зерттеудің бағытын биылғы нәтижелерді толық талдағаннан кейін айқындайтынын айтады. Табылған жәдігерлерге түрлі талдау жасалып, содан кейін ғылыми айналымға енеді.

Ғылыми жобаға отандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар тартылған: Ұлыбританияның Кембридж университеті Король колледжінің оқытушысы, британиялық археолог, PhD доктор Кэти Кэмпбелл (Dr. Katie Campbell) қатысып жатыр. Жоба орындаушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаев бастаған ғылыми топ шетелдік және отандық архивтерден деректер жинақтап, талдау жасауда.

Зерттеу жұмыстарында заманауи әдістер қолданылады. ҚР Ұлттық музейінің Мәдени мұраны ғылыми цифрландыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері Әли Әлімбекұлының айтуынша, қазба аймағы тахеометр және дрон арқылы түсіріліп, 3D-моделі мен ортофотопланы жасалады. Негізге 2003 жылы ЮНЕСКО мамандары Отырарда белгілеген координаттық нүктелер алынған — осының арқасында сол жылдан бергі барлық қазба материалдары бірыңғай жүйеде біріктіріледі.

Зерттеу жұмысының нәтижелері 2026 жылғы 28–29 қыркүйекте Ұлыбританияның Кембридж қаласында өтетін халықаралық конференцияда таныстырылмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 07:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары