Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ақ Ирий құпиясы: Алтын Орда дәуіріндегі өндіріс орталығының ізі табылды

Ақ Ирий құпиясы: Алтын Орда дәуіріндегі өндіріс орталығының ізі табылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікірінше, нысан қорғаныс қызметімен қатар діни рәсімдер өткізуге, шаруашылық жүргізуге, сауда қатынастарын дамытуға және шекаралық бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылған.

Археологтар бұл нысанда 22 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы кезеңде өңірді мекендеген тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер анықталды.

Биыл ғалымдар қалашық аумағынан табылған сүйек пен көмір үлгілеріне жүргізілген радиокөміртектік сараптама нәтижелерін алды. Зерттеу Литваның Вильнюс қаласындағы арнайы зертханасында жүргізілді. Органикалық материалдардың жасын анықтауға мүмкіндік беретін С14 радиоактивті изотопы бойынша жүргізілген сараптама қалашықтың Алтын Орда дәуіріне жататынын растады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлы дала көшпелі өркениетінің тікелей мұрагері екенін және Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеудің маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Ақ-Ирий қалашығында жүргізілген зерттеулер орта ғасырларда Солтүстік Қазақстан өңірінде сауда-саттық пен өндірістің дамығанын көрсетеді.

Биылғы археологиялық маусымның олжалары металл балқыту үшін пайдаланылған пеш құрылымдары болды. Бұл сол кезеңдегі металлургиялық өндіріс технологияларының жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар ет дайындауға арналған ірі құрылыстар анықталды. Археологтар өндірістік нысандардан күйдірілген кірпіштің сынықтарын, металл өңдеудің іздерін тапты. Ал жекелеген шұңқырлардан жануарлардың сақталған қаңқалары мен балық сүйектері табылды.

Солтүстік Қазақстанның белгілі археологы, профессоры Анатолий Плешаков бірегей ескерткішті 1968 жылы ашқан.

«Алғашқы болжамдарымыз бойынша бұл аумақтағы алғашқы қоныс ерте темір дәуіріне жатады. Кейін бұл жер Алтын Орда дәуірінде қайта игерілген. Біз темір балқытуға арналған ерекше пештерді анықтадық. Әзірге олардың үшеуі ғана зерттелді. Сонымен қатар өзен жағалауынан өте ірі құрылыстарды таптық. Зерттеу нәтижесінде олардың ет ыстауға арналған нысандар екені анықталды. Осындай ауқымды құрылыстарды Еуразия кеңістігі бойынша ғылыми еңбектерден де, халықаралық конференциялар материалдарынан да кездестірген емеспін. Болжам бойынша мұнда үлкен әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ет дайындалған. Яғни бұл өзіндік ортағасырлық «ет комбинаты» болған», - дейді Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков.

Археологтардың айтуынша, қазба барысында ұсақ тұрмыстық заттар көп табыла қойған жоқ. Бұл тұрғындардың қонысты асығыс тастап кетпей, өздеріне қажетті мүліктерін алып кеткенін аңғартады. Дегенмен олардың бұл жерден не себепті көшкені әзірге белгісіз. Зерттеу барысында тұрмыстық бұйымдар, сүйек қалдықтары, қыш және керамикалық ыдыстардың сынықтары, жебе ұштары, сондай-ақ антропоморфтық өрнектермен безендірілген әшекей бұйымдар табылды.

Экспедиция құрамында университеттің 20-дан астам бірінші курс студенті жұмыс істеді. Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа мектеп оқушылары мен студенттер үшін экскурсиялар ұйымдастырылады. Жастардың тарихи мұраға деген ерекше қызығушылықтары ғалымдарды Ақ-Ирий қалашығының аумағында тарихи-туристік кластер құру идеясын әзірлеуге ынталандырды. Бұл бастаманы жүзеге асыруға дамыған инфрақұрылым, нысанның Петропавл қаласына жақын орналасуы және Есіл өзенінің бойындағы көркем табиғи орта қолайлы мүмкіндік береді. Ашық аспан астындағы мұражай құру мәселесі пысықталып жатыр.

Қозыбаев университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының бітіруші студенті Мария Чмир осы жоба тұжырымдамасын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке таныстырды:

«Бұл нысан халықаралық деңгейдегі тарихи-мәдени орталыққа айналуы тиіс. Біз аумақтың басты жоспарын әзірледік. Жоба аясында «даладағы қазба жұмыстары» форматындағы экскурсиялар өткізуді ұсынамыз. Қазіргі таңда меймандар мұражайдағы дайын экспонаттарды ғана емес, нақты уақыт режимінде жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерді көруге қызығушылық танытады. Сонымен қатар мұнда музей павильондарын, «Темір дәуіріндегі түн» этно-аймағын және ежелгі обсерваторияның реконструкциясын ұйымдастыруды ұсынамыз», - дейді Мария Чмир.

Айта кетейік, «Ақ-Ирий» қалашығы Солтүстік Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енгізілген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 13:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары