Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Алтын Орда медиа назарында

Алтын Орда медиа назарында

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Еуразия ұлттық университетінің Жур­налистика және әлеуметтік ғылымдар жо­ғары мектебі ұйымдастырған байқаудың басты ерекшелігі – Алтын Орда тарихын дәстүрлі ғылыми зерттеулер шеңберінен шығарып, әлеуметтік желілер арқылы қалың көпшілікке таныстыру. Байқауға 16 жастан асқан Қазақстан азаматтарымен қатар елімізде тұратын шетел азаматтары да қатысуға мүмкіндік алды. Жас авторлар TikTok, YouTube және Instagram платформа­ларында Алтын Орда дәуіріндегі тарихи оқиғалар мен тұлғалар, мемлекеттілік дәс­түрлері және ұлт тарихындағы маңызды кезең­дер туралы жұмыстарын жариялады.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Еуразия ұлттық университетінің басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі про­ректор Ардақ Бақытұлы байқаудың тарихи сананы жаңғыртудағы маңызына тоқталып, мұндай бастамалардың жастардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыра­тынын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Семейде сөйлеген сөзінде Алтын Орда тарихын терең зерт­теудің маңызына ерекше назар аударған еді. Осы бағыттағы жұмыстар еліміздің ғылыми және білім беру мекемелерінде жүйелі түрде қолға алынып келеді. Соның бір көрінісі – биыл Еуразия ұлттық университетінде Алтын Орда өркениеті кафедрасының ашылуы. Ал бүгінгі байқау жастардың төл тарихымызға үңіліп, тың идеялар ұсынуына мүмкіндік берді. Қазылар алқасының ай­туын­ша, әр қатысушы өзіндік ізденісі мен білімін көрсете білді. Сондықтан бұл бай­қауға қатысқан жастардың барлығын жеңімпаз деп есептеймін, – деді проректор.

Жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Тілеген Садықұлы да сөз сөйлеп, Алтын Орда тарихының қазақ мемлекет­тілігінің қалыптасуындағы орнына назар аударды. Ғалымның айтуынша, тарихи мұраны зерттеумен қатар оны көпшілікке дұрыс әрі түсінікті жеткізу де маңызды міндеттің бірі.

– Алтын Орда тарихы бүгін ғана көте­ріліп отырған мәселе емес. Қазақ мемле­кеттілігінің тарихи бастаулары туралы сөз болғанда, ең алдымен осы дәуірге назар аударамыз. Ғылыми орта Алтын Орданың қазақ мемлекеттілігімен сабақтастығын жақсы біледі. Сондықтан жас журналис­тердің осы тақырыпқа қалам тартып, тарихи мұраны жаңа қырынан танытуға ұмтыл­ғанына қуаныштымыз, – деді ғалым.

Расында, бүгінгі ақпараттық кеңістікте тарихи тақырыптарды насихаттаудың сипаты өзгерді. Бұрын ғылыми еңбектер мен арнайы басылымдар арқылы таралған тарихи мәлі­меттер қазір әлеуметтік желі­лердегі қысқа бейнероликтер, подкасттар, деректі жобалар мен танымдық жазбалар арқылы миллиондаған аудиторияға жол тартып отыр. Алайда ақ­паратты жылдам әрі тартымды ұсыну оның тарихи дәлдігіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда байқау қатысушыларына қойылған басты талаптың бірі – дерекке сүйену, тарихи оқиғаларды бұрмаламай жеткізу.

ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры Нұржан Қуантайұлы байқаудың жас жур­налистер мен шығармашылық орта өкілдері үшін жаңа мүмкіндік болғанын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық техно­логиялар қарқынды дамыған кезеңде журналистиканың мазмұндық сапасын арттыру және жаңа медиа мүмкін­діктерін тиімді пайдалану айрықша мәнге ие.

– Смартфон мен әлеуметтік желі күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі кезеңде журналистиканың сапалы мазмұнын сақтап, оның қоғамдық маңызын арттыруымыз қажет. Осы орайда Алтын Орда тақырыбына арналған бай­қау­дың орны ерекше. Бұл жоба тек журналис­тика саласындағы жастарды ғана емес, тарих ғылымына, гуманитарлық бағытқа және журналистиканың жаңа жанрларына қызығушылық танытқан талапты өрендерді біріктірді, – деді Нұржан Қуантайұлы.

Байқау «Үздік TikTok ролигі», «Үздік YouTube-жоба», «Үздік подкаст» және «Үздік тарихи пост» атты төрт номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар тарихи оқиғаларды баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланып, Алтын Орда дәуірінің саяси, мәдени және рухани мұрасын қазіргі аудиторияға түсінікті тілмен жеткізуге ұмтылды. Бірі қысқа бей­неролик арқылы тарихи тұлғалардың өмір жолын таныстырса, енді бірі деректі және талдамалық материалдар негізінде мемле­кеттілік дәстүрлерінің сабақтастығын ашуға ден қойды.

Ұсынылған жұмыстарды тарих ғылымы­ның өкілдері мен медиа саласының зерттеу­шілерінен құралған қазылар алқасы сара­лады. Бағалау барысында тарихи дәйектілік пен деректілікке, шығармашылық ерекше­лікке, тақырыптың ашылу тереңдігіне, тех­никалық орындалу сапасына және ауди­тория­мен байланыс деңгейіне басымдық берілді. Бұл талаптар байқаудың тек көрілім жинауға немесе әлеуметтік желідегі таны­малдыққа емес, ең алдымен мазмұнды әрі са­палы тарихи материал әзірлеуге ба­ғыт­талғанын аңғартты. Марапаттау рәсімінде төрт номинация бойынша үздік деп та­нылған авторларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. 

Сымбат Бауыржанқызы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары