Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Мәңгі ел туын тіккен Алтын Орда

Мәңгі ел туын тіккен Алтын Орда

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Суретке анықтама: Арғұн ханның 1289 жылы 11 мамырда француз королі ІV Филиппке жазған хатының тұпнұсқасында «Мәңгі Тәңірінің күші» сөздерімен басталған

Аcылында, Шыңғыс хан­ның қоластына әр­түрлі өңірлер­ден топ­­тасқан көшпелі әскери жасақ­тардың қоғамдық-саяси және мәдени даму деңгейі Ұлы дала­да­ғы ежел­ден қалыптасқан түркі мемлекет­­терінің өркениеттік болмысымен салыс­тырғанда өзге­ше болатын. Сон­дықтан Алтын Орда өзінің шынайы келбетін жаугершілік дәстүрден емес, Дешті Қыпшақ кеңістігіндегі түркілік мемлекеттік тәжірибе мен жергілікті өркениеттік негізден тапты. Оның басқару жүйесі, тілі, мәдениеті мен рухани дүниесі уақыт өте келе түркілік сипатқа толықтай бейімделіп, кейінгі Қазақ хандығының қалыптасуына берік негіз қалады.

Ең бастысы, Шыңғыс хан өзі құрған империясының мемлекет­тік идеологиясы етіп, бес ғасыр бұ­рын ІІ Түрік қағанатының жария ет­кен «Мәңгі ел» идеологиясын алуы болды. Бұл ұғым VIII ғасыр­да­ғы Көк Түрік бітіктастарында елдің тұтастығы мен мемлекет­тің мәңгілігін аңсаған асқақ мұрат ретінде көрініс тапса, кейінгі дәуір­лерде де Ұлы дала­дағы мем­лекеттік сана­ның асыл арқауына айналды.

Шыңғыс ханның жорықтары қарса­ңында қоластындағы ру-тай­палар мен Дешті Қыпшақты мекен­деген түркі жұртының дү­ние­танымы мен рухани құнды­лықтарында да ортақ сипаттар басым еді. Солардың өзегінде көне дәуірден жалғасқан Тәңірге табыну дәстүрі жатты. Француздың белгілі зерттеушісі Жан-Поль Ру бұл дүниетанымдық жүйені «тенгризм» деп сипаттайды. Көк Тәңірді күллі жаратылыстың иесі деп таныған түркі-моңғол халықтары Көк Аспан мен қара Жерді қасиетті ұғым ретінде қастерледі.

Бұл рухани сабақтастық көне жазба мұралардан да анық бай­қа­лады. Орхон бітік­тастарындағы: «Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде қара Жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жарал­ған» деген әйгілі жолдар мен «Құпия шежіредегі» Шыңғыс ханға қатыс­ты «Көкте – Тәңір, жерде – қа­ған» деген тұжырымдардың астарынан ортақ дүниетаным мен мемлекеттік танымның сабақ­тас­тығы аңғарылады. Демек, Алтын Орданың рухани кеңістігі – тек әскери жеңістердің жемісі емес, Ұлы далада ғасырлар бойы қалып­тасқан түркілік дүниетаным мен мемлекеттік дәстүрдің заңды жалғасы.

Алтын Орда дәуірінде орта­ғасырлық түркілердің «Мәңгі ел» идеясы ресми түрде «Мәңгі Тәңірінің күші» атауымен көрініс тапты. Мұны сол дәуірден жеткен тарихи деректер дәлелдейді. Атап айтқанда, «Мәңгі Тәңірінің күшімен...» деген сөздер Күйік ханның мөрінде, Арғұн ханның Франция королі IV Филипке жол­даған хатында, сондай-ақ Алтын Орда ханы Өзбектің елшісінің өкілеттігін растаған құжаттарында кездеседі.

Сондықтан Шыңғыс ханның қол­астындағы ру-тайпалар мен Орталық Азияны мекендеген түр­кі халықтары бір империяның құрамына біріккен кезде ортақ дүниетанымдық кеңістікте өмір сүрді. Осы ортақ рухани-идеялық негіз олардың империялық мемлекет құрғанда да сақталып, Түрік қағанаты мен Алтын Орда дәуірінде «Мәңгі ел» мұраты мемлекеттік идеологияның өзегіне айналды. Сонымен қатар қазіргі ғылыми айналымда қолданылатын «моңғол» терминінің де тарих сахнасына осы «Мәңгі ел» идеясымен сабақтас кезеңде шыққаны жөнінде пікірлер айтылады.

Мұндай тұжырым жасауға бір­неше тарихи фактор негіз болады.

Біріншіден, Шыңғыс ханның қол­астындағы ру-тайпалардың басым бөлігі бұрын ІІ Шығыс Түрік қағанатының құрамына кіріп, қағанат жариялаған «Мәңгі ел» идея­сымен танысып қана қоймай, оны мемлекеттік мұрат ретінде қабылдаған.

Екіншіден, ІІ Шығыс Түрік қаға­на­ты­ның «Мәңгі ел» идео­ло­­гиясы­ Өтүкен­мен тікелей байланыстыры­лып жария­ланғаны белгілі. Орхон бітік­тастарындағы: «Өтүкен жынысында отырсаң, Мәңгі ел тұтып отырар ең» деген жолдар – осының айқын дәлелі. Ал «Құпия шежіреде» Шыңғыс хан Тұғрыл хан мен Жамұқаға ризашылы­ғын біл­діре отырып: «Аспан мен ­Жер бізге күш-қуат берді, құді­рет­ті Тәңірі жар болды, ­ал Жер-Ана Өтүкенді кеудесіне көтерді», дейді.

Үшіншіден, «Алтын тобчыда» Шыңғыс хан Тәңіріге тағзым етіп: «Өзіңнің өсиетіңмен Өтүкен­де менен жоғары ешкімді қойған жоқсың. Менен биік тек менің бөркім ғана!» дейді (XI тарау). Бұл дерек Шыңғыс ханның Өтүкен­нің түркі мемлекетшілдік дәстүрін­­дегі ерекше ­орнын және оның «Мәң­гі ел» мұраты­мен сабақтастығын жақсы білгенін аңғарта­ды. Сон­дай-ақ шығармада: «...алты ұлы­сы шашу-таралғыдан тартып, қисап­сыз көп дүние-мүлік тарту етіп, қадір тұтады, елшілері келіп сиынады, Мәңгі жердің мәртебесі артады» деген жолдар да кездеседі.

Осы мәселеге қатысты белгілі моң­ғолтанушы С.Дулам Өтүкенді ежелгі дүниетанымдағы киелі ке­ңістік әрі біріккен мемлекеттің рәмізі ретінде бағалайды. Ғалым­ның пайымдауынша, Өтүкен кейін біріккен Моңғол мемлекетінің қасиет­ті рәмізіне айналған. Бұл пікір де Өтүкен ұғымының «Мәңгі жер», «Мәңгі мемлекет», яғни «Мәң­гі ел» идеяларымен астасып жат­қанын көрсетеді.

Белгілі тарихшы Л.Н.Гумилев те мем­лекеттердің өзін мәңгілікпен байланыстыра атауы тарихта жиі кездесетін құбылыс екенін атап өтеді. Ол «Каспий маңындағы мың­жылдық» атты еңбегінің «Инер­циялық фаза – Мәңгі ел» бөлімін­де: «Римдіктер астанасын «Мәңгі қала», ал түркілер өз державасын «Мәңгі ел» деп атады», деп жазады. Кейбір тарихшылар Хубилай хан таққа отырғаннан кейін қытай ақсүйектерінің қолдауына ие болу мақсатында «Яса» заңынан ауыт­қып, «Мәңгі ел» ұлысының атауын қытайша «Юань» деп өзгертке­нін айтады. Сонымен бірге, бірқа­тар зерттеушілер қытай тілін­дегі «юань» атауының мағына­лық тұрғыдан «мәңгі» ұғымымен сабақтас екенін де алға тартады.

«Монгол» атауының этноним емес екендігін бірқатар тіл маманы да алға тартады. Ортағасыр­лық этнонимдердің сөзжасам­дық құрылымын зерттегенде көптік мәнді білдіретін -ар/-ер, -ир, -т, -с сияқты қосымшалар­дың кеңінен қолданылғаны бай­қалады. Мәселен, татар, жалайыр, авар, оғыз, икірас, сұлдұс, қият, қоңырат, дулат, оймауыт, арулат, чаншиут, керейіт секілді атаулар осы үлгіге жатады. Ал «Монгол» терминін­дегі -л аффиксі көне этнонимдердің құрылымында кездеспейтіндіктен, оны кейбір зерттеушілер этноним емес, жасанды саяси атау – политоним ретін­де қарастырады. Сонымен қа­тар Б.Я.Владимирцов пен Ф.Д.Лессинг моңғол тіліндегі «mongke» сөзінің «мәңгі» мағынасын білдіретінін көрсеткен. Бұл пікірді қолдай отырып, Г.Клаусон мен Г.Й.Рамстедт аталған сөздің моңғол тілі­не түр­кі тілінен енгенін айтады. Бел­­гілі тарихшы Л.Н.Гумилев те Түрік қаға­наты­ның мемлекеттік құрылымына талдау жасай отырып, оның беріктігін әскери және әлеуметтік жүйенің тұ­тас­тығымен байланыстырған. ­Ға­лым­ның пікірінше, түркілер өз ме­м­лекетінің тұрақтылығын өзгелерден айрықша көрсету мақ­сатында оны «Мәңгі ел» деп атаған.

Осы көзқарасты түркі-моңғол тарихы мен дүниетанымын зерттеуші татарстандық ғалым Р.Н. Безертинов те қолдайды. Оның пайымдауынша, орда біртіндеп хандыққа, ал хандық қағанат­қа ұласты. Түркілер өз мемлекетін «ел» немесе «іл» деп атап, оны уақытша әскери бірлестіктерден жоғары қоя білді. Сондықтан да мемлекет тұрақтылы­ғы­ның нышаны ретінде «Мәңгі ел» ұғы­мы қалыптасты. Ғалымның пікірінше, «Мәңгі ел» құру идеясы түркі дүниесінің бүкіл тарихын көктей өтіп, ондаған империялар мен хандықтардың дүниеге келуіне рухани негіз болды.

Сонымен қатар бұл идеология түркі-моңғол халықтарының этникалық және өзге де ерекше­ліктеріне қарамастан, оларды ортақ саяси кеңістікке бірік­тіретін бірегейлік тұғыры қызметін атқа­руға тиіс болды. Мұны Мөңке хан­ның грамотасынан да аңғаруға болады. Рубрук­тың ­аудармасында: «Біз – моал­дар (моңғолдар), наймандар, меркіт­тер, мұсылмандар атынан франк королі Людо­викке, басқа патшаларға, дінбасы­ларға және ұлы франк халқына Мөңке ханның өсиетін жеткіземіз», – делінеді.

Осы тұрғыдан алғанда, В.Бар­тольд­тың «Моңғол» атауы Шыңғыс хан дәуі­рінде алдымен мемлекет атауы ретінде қолданылып, кейін ғана халық атауы­на айналды» деген тұжырымы назар ауда­ру­ға тұрарлық. Дегенмен бұл пікірді толықтыра түсетін тағы бір көзқарас бар. Оған сәйкес, Шың­ғыс хан империясы кезеңін­де «моңғол» атауы этнонимнен гөрі саяси атау – политоним ретін­де қолданылып, империялық мем­­лекеттік идеологияның мазмұ­нын біл­дірген. Бұл идеология жаңа­дан қалыптасқан құбылыс емес, ежелгі түркі дүниетанымы негізінде орныққан Түрік қағанатының «Мәңгілік ел» мұратының жалғасы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар зерттеушілер «моңғол» терминінің де «Мәңгі ел» идея­сымен сабақтас екенін алға тартады.

Сонымен, VIII ғасырдың басында ІІ Шығыс Түрік қағанаты жариялаған «Мәңгі ел» мұраты, Қарахан мемлекеті тұсында әл-Фараби негіздеген мәңгілік туралы саяси-философиялық ойлар және Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» көрініс тапқан мемлекеттік басқару мен құқық­тық қағидалар кейін Шыңғыс хан құр­ған Алтын Орданың идеология­лық кеңістігінде жаңа сипатпен жалғасын тапты. Ұлы империя­ны қалыптастыру барысында Шың­ғыс хан мен оның ізбасар­лары өздері­не дейінгі түркі мемлекет­тері­нің басқару тәжірибесін, сон­дай-ақ түркі ойшылдары қалыптасты­р­ған мемлекетшілдік қағидала­рын тиім­ді пай­даланды. Соның нәти­жесінде Алтын Орда дәуірінде қалалар өркендеп, мемлекеттік басқару жүйесі жетіліп, Еуразия кеңістігінде өркениеттік дамудың жаңа кезеңі қалыптасты. Мұны бүгінгі зерттеушілер де Алтын Орданың тарихи жетістіктерінің бірі ретінде
бағалайды.

Осылайша, түркілердің «Мәңгі ел» идеясы Алтын Орданың ұлық ұлыс­тарында тарихи сабақ­тастықпен жал­ғасып, XV ғасыр­да Орталық Азиядағы дер­бес хан­дықтардың қалыптасуына рухани және саяси негіз қалады. Кейін бұл үдеріс ұлттық мемле­кет­­тердің дүниеге келуіне ұла­сып, сол дәуірдегі қоғамдық даму­дың табиғи әрі өркениеттік заңды­лығын айқындады.

Сатай СЫЗДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атынағы ЕҰУ Ортағасырлық деректану ҒЗО директоры, ҰҒА құрметті академигі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see139

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see138

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see136

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see133

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see129

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see121

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see120

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see117

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see116

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see115

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see114

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see112

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see111

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see110

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see108

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары