ЕАЭО мен ЮНКТАД арасындағы 2029 жылға дейінгі ынтымақтастық талқыланды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) арасындағы 2029 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасының жобасын комиссия басшысы Бақытжан Сағынтаев ЮНКТАД-тың уақытша бас хатшысы Педро Мореномен талқылады, деп хабарлады ЕЭК.
© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииБақытжан Сағынтаев ЮНКТАД-тың бас хатшысының міндетін атқарушы Педро Мореномен келіссөз жүргізді

Бақытжан Сағынтаев ЮНКТАД-тың бас хатшысының міндетін атқарушы Педро Мореномен келіссөз жүргізді
© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссии
"Біз сауда, инвестиция, экономика, электронды сауда, бәсекелестік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрақты даму мәселелері бойынша жақсы диалог орнаттық. Сондай-ақ ЮНКТАД-тың комиссияға жүргізетін талдау жұмыстарының маңызы зор екенін атап өткім келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сағынтаевтың айтуынша, ЮНКТАД-пен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары — экономика, инвестиция, сауда, сауданы цифрландыру және аймақтық ұйымдар арасындағы байланысты дамыту.
"2026 жылы ЕЭК пен ЮНКТАД арасындағы ынтымақтастықтың төртінші бағдарламасын іске асыру аяқталады. Қазіргі уақытта 2027-2029 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасы әзірленіп жатыр", - делінген хабарламада.
Ұйым басшыларының пікірінше, жаңа бағдарлама өзара іс-қимылға қосымша серпін беріп, оны жаңа практикалық нәтижелермен толықтыруға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 14:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















