Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

ТЕАТР АLL : Астанада өткен театр фестивалінде үздіктер марапатталды

ТЕАТР АLL : Астанада өткен театр фестивалінде үздіктер марапатталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада 1-7 қазан күндері аралығында өткен Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақтың Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешеваның 75 жасына арналған «ТЕАТР АLL» IV Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазылар алқасының шешімімен бірқатар театр ұжымы мен өнер майталмандары фестивальдің арнайы аталымдары мен жүлделеріне ие болды.

«Үздік қойылым» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектаклі үздік деп танылды.

«Үздік актерлік ансамбль» номинациясы Б.Кыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жас көрермен театрының «Жәмилә» спектакліне берілді.
«Үздік режиссура» номинациясын Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театрының «Той» спектаклін қойған режиссер Дина Жұмабаева иеленді.

«Үздік ер адам бейнесі» аталымында Музыкалық жас көрермен театрының «Шәкәрім» спектакліндегі Шәкәрім рөлі үшін Аян Өтепберген марапатталды.

«Үздік әйел адам бейнесі» номинациясы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Сотворившая чудо или что такое любовь?» спектакліндегі Анни ролін сомдаған Полина Харламоваға табысталды.

«Үздік актерлік дуэт» жүлдесіне Өзбекстан мемлекеттік драма театрының «Ләйлі мен Мәжнүн» спектакліндегі Ләйлі мен Мәжнүн ролдерін сомдаған Нодир Мухаммаджонов пен Хусния Турамуротова ие болды.

«Үздік сценография» аталымы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклі үшін Қанат Мақсұтовқа берілді.

«Спектакльдің үздік музыкасы» жүлдесін Ақмола облыстық орыс драма театрының «Выстрел на перевале Караш» спектаклі үшін Батырхан Сабыр иеленді.

«Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» аталымында Асанәлі Әшімов театрының «Томирис» спектакліндегі Бақтияр рөлі үшін Мұхтар Қосыбай марапатталды.

«Екінші пландағы үздік әйел адам бейнесі» жүлдесі Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театрының «Той» спектакліндегі Эмма рөлін сомдаған Гюль Зиятоваға табысталды.

Фестивальдің арнайы жүлделері де өз иелерін тапты.

«Асанәлі Әшімов атындағы жүлде» С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық сазды драма театрының «Макбет» спектакліндегі Макбет рөлі үшін Нұржан Бейсбековке берілді.
«Хадиша Бөкеева атындағы жүлдеге» Атырау Жастар театрының «Қаралы сұлу»спектакліндегі Қаракөз рөлі үшін Гүлдана Көшербаева ие болды.
«Құман Тастанбеков атындағы жүлде» «М.Театр» тәуелсіз театрының (Әзербайжан Республикасы) «Овод» спектакліндегі Артур рөлі үшін Зия Агаға табысталды.
«Меруерт Өтекешева атындағы жүлде» Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Анна Каренина рөлі үшін Ақмарал Танабаеваға берілді.

Сонымен қатар фестивальдің кәсіби бағыттағы арнайы аталымдары бойынша да жеңімпаздар анықталды.
«Үздік балетмейстер» аталымының иегері – Астана қалалық циркінің «Contrasst» би театрының «Метамарфозы»спектакліндегі жұмысы үшін Карина Жиренбаева.

«Режиссурадағы жаңа есім» аталымы Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының «Қатынқамал»спектаклі үшін Нұржан Ізтаевқа берілді.

«Үздік эпизодтық роль» (ер адам) аталымында «Қанаттылар» инклюзивті театрының «Абай-ЛА»спектакліндегі Адам рөлі үшін Ислам Мағытанов марапатталды.

Ал «Үздік эпизодтық роль» (әйел адам) жүлдесін Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Танакөз» спектакліндегі Нұргүл апа рөлі үшін Бибігүл Исалиева иеленді.

Фестиваль қорытындысы театр өнеріндегі шығармашылық ізденістердің, халықаралық мәдени байланыстың және кәсіби тәжірибе алмасудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 14:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see132

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see115

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see113

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see110

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары