Тоқаев Қазақстандағы стратегиялық көлік жобаларының іске асырылу барысы туралы айтты
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мемлекет басшысы өңір елдерінің шекара маңында құрылған сауда-логистика кешендері мен өнеркәсіп кооперациясы орталықтары ынтымақтастыққа мол мүмкіндік ашатынын атап өтті.
"Қосылған құнның өңірлік тізбегін құру үшін жақын арада оларды бір-бірімен байланыстыру қажет. Жалпы, елдерімізде инвестиция, энергетика, өндіріс салалары мен басқа да стратегиялық бағыттарда өзара ықпалдастыққа жағдай жасалған", – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келеді. Бұл өңірлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
"Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады. Бұл – өте маңызды, тіпті стратегиялық сипаты бар бағдарлар. Қытайды Каспий теңізімен және Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды", – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту тұтас аймақтың транзиттік рөлін күшейтетініне сенім білдірді.
"Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға баса мән беріледі. Соңғы жылдардың динамикасы Орта дәлізге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан Солтүстік – Оңтүстік бағыты да Қазақстан үшін өзекті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады
10 Ақпан 2026 10:34
Аягөз Бақты теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы талқыланды
17 Ақпан 2026 13:01
Жаңаөзендегі жаңа ГӨЗ: стратегиялық жобаның құрылыс барысы туралы есеп
03 Наурыз 2026 16:29
“Ойланып толғанып жүруге уақыт аз“ Тоқаев Трамптың стратегиялық бастамасы туралы айтты
28 Қараша 2025 14:46
Қағазсыз және кезексіз: Тоқаев Қазақстандағы алғашқы толық цифрлық қала туралы айтты
02 Шілде 2026 15:45
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 14:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















