Тоқаев пен Бельгияның корольдік жұбы Ұлттық балаларды оңалту орталығында болды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев король Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты. Бельгия королі мен патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды. Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.
Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі.
Король Филипп пен патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады.
Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 19:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















