Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Жамбыл облысында “Таза Қазақстан“ экологиялық акциясы аясында “Бірге таза қала үшін!“ акциясы өткізілді

Жамбыл облысында “Таза Қазақстан“ экологиялық акциясы аясында “Бірге таза қала үшін!“ акциясы өткізілді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

12 қазанда "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы Көшек батыр және Желтоқсан көшелерінде "Бірге таза қала үшін!" тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Көшек батыр және Желтоқсан көшелері – қалалық көлік қозғалысы мен қоғамдық өмірде маңызды орын алатын аумақтардың бірі. Бұл көшелер тұрғындардың жұмысқа, оқу орындарына, сауда орындарына және басқа да әлеуметтік нысандарға қатынауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аумақта сауда, қызмет көрсету, демалыс және медициналық қызмет көрсету орындары орналасқан.

Экологиялық акция барысында белсенді жастар көше бойын тазалап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, тұрғын үйлер маңындағы тұрмыстық қалдықтар мен шашылған қоқыстар жиналып, аумақ тазартылды. Бұдан бөлек, көше бойындағы арық-атыздар тазаланып, ретке келтірілді.

Ізгі бастамаға ұйытқы болған Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбектің айтуынша, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып саналады.

"Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына баса назар аударып, тазалық шараларының жүйелі түрде жүргізілуін назарда ұстап отыр. Президент бастамасын тараздық жастар да қолдап, апта сайын ұйымдастырылатын тазалық шараларына белсене қатысып келеді. Бүгін де қала орталығындағы маңызды орындардың бірін тазалап жатырмыз. Бұл – өзіміз күнделікті жүріп-тұратын аумақтардың бірі. Сондықтан туған қаламыздың тазалығына өзіміз жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек. Екіншіден, тазалық шараларының тәрбиелік мәні зор. Осындай жұмыстар арқылы қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға үлгі көрсетіп, олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырамыз деп ойлаймын. Тәрбиенің бастауы тазалық сақтаудан басталатынын нақты іспен көрсетіп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын табады", – деді Азамат Лесбек.

Акцияға 50-ден астам белсенді жасқатысты. Нәтижесінде тұрғын үй аумағынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылып, көше бойы тазартылды.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігі

Айта кетейік, осындай экологиялық шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылуда. Еріктілер мен жастар аудан орталықтарындағы саябақтар мен аллеяларды, көшелерді, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындардың аумақтарын тазалау жұмыстарына белсенді қатысуда.

Акция аясында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалық сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына ықпал етеді.

Жалпы, "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың түп жасыл желек отырғызылып, 5,9 мың шақырым көше жолдары тазартылған. Сонымен қатар 1 210 шақырым арық жүйелері мен каналдар ретке келтіріліп, саябақтар мен скверлердің 804,8 мың шаршы метр аумағы абаттандырылған. Нәтижесінде 13 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған.

"Таза Қазақстан" акциясы аясындағы мұндай бастамалар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын нығайтуға да зор үлес қосуда.

Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:36
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 20:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see136

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see124

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары