Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Әкесінен және туған үйінен айырылды: павлодарлық Ясминнің анасы алғаш рет отбасылық трагедия туралы айтып берді

Әкесінен және туған үйінен айырылды: павлодарлық Ясминнің анасы алғаш рет отбасылық трагедия туралы айтып берді

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Павлодарда әкесінен, кейін баспанасынан айырылған 17 жастағы Ясминнің оқиғасы кейінгі күндері Қазнеттегі ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Қыздың анасы Анар Нұрмашова алғаш рет көпшілік алдына шығып, Tengrinews.kz тілшісіне отбасында не болғанын және қызы екеуі қазір қалай күн кешіп жатқанын айтып берді. Әйел не дегенін және жанжалдағы екінші тараптың ұстанымы туралы толығырақ осы материалдан оқыңыз.

Алдымен не болғанын еске салайық. 12 қыркүйекте Павлодар облысында Ертіс өзенінде бес ер адам мінген қайық аударылып кеткен. Төрт адам аман қалды, ал бесіншісі хабар-ошарсыз кетті. Оның мәйіті тек 18 қыркүйекте табылды.

Қаза тапқан адам кәсіпкер Икрам Нұрмашов болып шықты. Артында әйелі мен 17 жастағы қызы қалды. Қайғылы оқиғадан кейін қыз Instagram-да бейнеүндеу жариялап, әкесінің туыстарымен арадағы жанжал және анасы екеуін өз үйлерінен қалай күштеп шығарғаны туралы айтып берді.

Біз бұл дау туралы бұған дейін де жазған едік. Отбасы көп жыл бойы тұрып келген үй құжат бойынша қыздың әжесіне - қайтыс болған ер адамның анасына тиесілі екені анықталды. Енді жылжымайтын мүліктің тағдыры сотта шешілмек. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Бірақ осы уақыт ішінде отбасы қандай жағдайларды бастан өткерді? Оқиғадан кейін анасы мен қызы қалай өмір сүріп жатыр? Өз аузынан есту үшін Tengrinews.kz тілшісі қыздың анасы Анар Нұрмашовамен сөйлесті.

"Күйеуімді жоқтап, анасымен бірге жыладым"

Анар Нұрмашова күйеуі жоғалып кеткенін 12 қыркүйекте кешке естіген. Сол түні әйелдің үйіне оның жақындары мен Астанадан күйеуінің туыстары - анасы мен әпкелері келген. Олар алты күнге созылған іздеу жұмыстарын бірге бастаған.

Анардың айтуынша, іздестірудің алғашқы күндері үйге келгенде күйеуінің анасы Светланамен бірге жылап отырған. Алғашқы күндері ортақ қайғы мен үміт оларды біріктіргендей көрінген.

"Іздестіру кезінде күн сайын үйге келіп, жылайтынмын. Өз анаммен емес, күйеуімнің анасымен бірге жыладым. Ол үйде күтіп отыратын, ал біз таңнан қараңғы батқанша жерде де, әуеден де іздеу жүргіздік", - дейді Анар.

Күйеуімен 20 жылдық отасқан өмірінде, кез келген отбасындағыдай, енесімен түсініспеушіліктер болып тұрған. Бірақ айтарлықтай үлкен жанжал туындамаған: ешкім бірін-бірі қорламаған, ал күйеуі кез келген түйткілді шешуге тырысатын.

Бірақ іздеудің соңғы күндері енесі Икрамның өліміне келінін кінәлай бастаған.

"Әрине, бұл еш қисынға келмейді. Бірақ оның да өз қайғысы болғанын түсінемін. Әркім өз ауырпалығын әртүрлі өткереді ғой. Мәселені басқадан кінә іздеу арқылы ақтағысы келген шығар, білмеймін. Мен ешқандай жауап бермеуге, ұрыспауға тырыстым", - деді әйел.

"Мәйітханадан мұрагерлікті рәсімдеуге барамыз": жанжал неден басталды?

18 қыркүйекте күйеуінің мәйіті табылып, сараптамаға мәйітханаға жеткізілді. Анар құжаттарды рәсімдеуге барғанда, ол жерде енесі мен қайнысы жүрген.

Алғашқы ашық жанжал осы мәйітханада болған. Анар Нұрмашованың айтуынша, енесі оны: "Бұл жерде не істеп жүрсің, не жоғалттың?" деген сөздермен қарсы алған.

Бұл Анар үшін күтпеген жағдай болды.

"Мен таңғалып: "Қалай не істеп жүрмін? Мен жарымын ғой" дедім. Ол кісі: "Кет бұл жерден, саған мұнда істейтін ештеңе жоқ", - деп жауап берді. Бірақ мен бәрібір көз жеткізу үшін олар қарап шыққанша күттім. Сосын анамыз маған келіп: "Қазір бізбен бірге нотариусқа барасың", - деді. Мен: "Не үшін?" - деп сұрадым. Ол мұрагерлік мәселесі бойынша екенін айтты. Шынымды айтсам, мұндай істерден ештеңе түсінбеймін. Сондықтан: "Мен сіздермен ешқайда бармаймын. Оның үстіне, қандай мұрагерлік туралы сөз болуы мүмкін? Біз оны әлі жерлеген де жоқпыз, мәйітті таптық, әлі жер қойнына тапсырмадық", - дедім. Бұл мен үшін шок болды", - деп бөлісті Анар Нұрмашова.

Кейін енесі мен қайнысы құжаттарды рәсімдеу үшін бәрібір нотариус тапқан. Ал Анарға заңгер жалдауға тура келді - енді оларды мұраны бөлісу күтіп тұр.

Икрам Нұрмашовтан қандай мұра қалды?

Анардың айтуынша, отасқан жылдары күйеуі екеуінде жиналғаны ортақ үй, пәтер, екі көлік пен бизнес.

Ол енесі мән-жайды ашып айтпай, тек тез арада нотариусқа баруды талап еткенін айтады. Жесір қалған әйелді туыстарының қайғылы жағдайдан кейін мүлікті қайта рәсімдеуге неге асыққаны таңғалдырған.

"Күйеуімді әлі жерлемедік, 40 күні де өткен жоқ. Ол кезде мұндай нәрсе ойымда да болған жоқ, сондықтан бұл мен үшін ауыр соққы болды", - деп түсіндірді ол.

Ясмин мен анасы үйден қашан қуыла бастады?

Үлкен жанжал жерлеу күні, астан кейін бірден басталған. Үйде енесінің туыстары мен таныстары жиналған.

Әйелдің айтуынша, ол көрші бөлмеде болғанда, енесі дастарқан басында қонақтардың көзінше оған және оның туыстарына тіл тигізе бастаған.

"Жерлеу күні алғашқы жанжал шықты. Мен бәрі неден басталғанын естіген де жоқпын. Бірақ көрші бөлмеде болған қызым бәрін естіпті. Ол шыдай алмай, қонақтардың алдына шығып, мені қорғай бастады. Біз махаббатпен өсірген, ешқашан ешкіммен сөзге келмеген балам өмірінде бірінші рет: "Әже, мен анамды қорғаймын, оған тиіспеңіздер. Мен әкемнің қолымен анамды қорғаймын" деді".

Анардың айтуынша, кәмелетке толмаған Ясминге марқұм әкесінің анасы мен қарындастары тап берген. Олар балаға айқайлап, бөлмеден қуып шықпақ болған.

Бұған Ясмин былай деп жауап берген:

"Мен неге кетуім керек? Бұл – біздің үйіміз. Сіздер қайғырып отырсыздар, бірақ мен әкемнен айырылдым. Бірігудің орнына неге жанжал шығарып жатсыздар?"

Анардың сөзінше, қара шаңырақтан кету туралы талап сол кезде қойылған.

Енесі жылжымайтын мүлік өз атына рәсімделгенін мәлімдеген, бірақ отбасы үйді 2020 жылы сатып алған, ал құжаттандыру мәселелерімен марқұм Икрамның өзі айналысқан.

"Ол маған ылғи: "Жан, уайымдама, ештеңені ойлама. Бәрін өзім шешемін" дейтін. Күйеуім бәрін өзі реттейтін. Мен тіпті үйде шамды да бұрап көрмеппін. Ол бәрін өзі істейтін. Оның бойында сондай ер азаматқа тән қасиет бар еді", – деп бөлісті әйел.

Анар күйеуі жоғалып кеткен күнгі соңғы хат алмасуларын бөлісті.

Анар Нұрмашованың күйеуімен соңғы хат алмасуы. Скриншотты материал кейіпкері ұсынды

"Күйеуімді өз үйімде жоқтауға мүмкіндік береді деп үміттендім"

Анар өзара келіспеушіліктерге қарамастан, қайғылы оқиғадан кейінгі 40 күнге дейін қызы екеуі үйреншікті ортада, Икрамның естеліктері қалған үйде бола аламыз деп ойлаған.

Жесір әйел үнсіз шыдап, күйеуінің туыстарымен бірге барлық қажетті еске алу рәсімдерін (жұмалық, қырқы) өткізуге дайын болған.

"Өкінішке қарай, бұл біздің қоғамда сирек кездесетін жағдай емес, нағыз әлеуметтік мәселе – ер адам қайтыс болғаннан кейін жесірі мен балалары осындай күйде қалады. Бірақ мен соңына дейін бізге өз үйімізде оны жоқтауға мүмкіндік береді деп үміттендім. Олай болмады", – дейді Анар.

"Үйден кетіңдер. Кетіңдер"

Жерлеуден кейінгі оқиғалар тез өрбіді. Анар шаруаларымен шығып кеткенде, Ясмин үйде жалғыз қалатын. Қыз өз бөлмесінен шығуға қорыққан.

Шиеленіс алғашқы жұмалықтан кейін бірден шегіне жетті – сол кезде туыстары анасы мен қызын көшеге шығарып жіберуге ашық әрекет жасай бастаған.

Сол күні үйге оралған Анар мен қызына тұрғын жайды босату туралы тікелей талап қойылған.

"Олар: "Кетіңдер, кетіңдер!" деп айқайлады. Балағат сөздер жауа бастады. Бәрі Ясминнің төмен түсіп, әжесінен тәтелерінің бірі қайда екенін сұрауынан басталды. Оған жауап ретінде әжесі кенеттен немересіне зекіп: "Маған неге жабыстың? Кет бұл жерден!" - деді. Айқайды естіген бойда мен де төмен түстім. Енеме бірден қыздары қосылып, бәрі жабылып бізге айқайлай бастады. Мен Ясминге: "Жоғары шығайық" дегенімде, тәтелері: "Қайдағы жоғары? Бұл жерден мүлдем кетіңдер!" - деп айқай салды", - деп бөлісті Анар.

Осы жанжалдың кадрлары кейін Ясмин әлеуметтік желіде жариялаған атышулы видеоға кірген.

Үйдің құлпын ауыстырып, жесір әйел мен қызын далада қалдырған

Сол жанжалдан кейін Анар мен Ясмин үйде бір түн ғана қонды. Келесі күні Анардың туыстары оны еске алу асына шақырды. Анасы мен қызы туыстарының үйінде қонып қалған.

Келесі күні үйге оралғанда, ішке кіре алмады – құлып ауыстырылған.

"Қызым екеуміз қақпа алдында қырық минуттай тұрдық. Қақпаның пультін басамын – істемейді, домофонға қоңырау шаламын – тым-тырыс. Не болып жатқанын мүлдем түсінбедік. Телефондарына хабарластық, бірақ ешкім тұтқаны көтермеді", – деп баяндайды Анар.

Қырық минуттан соң күйеуінің туыстарының бірі шығып, есікті ашқан. Оларды заттарын алу үшін ғана ішке кіргізген.

"Сол кезде де мен жанжал шығармадым. Үндемей кіріп, қызыма тым болмаса мектеп заттарын алуды айттым. Бәрі осыған дейін барады деп соңына дейін сенбедім, үйге қайта оралармыз деп үміттендім. Біраз киім-кешек, оқулықтар мен тіс щеткаларымызды тез жинап алып, кетіп қалдық. Кейін келіп, бәрін реттейміз деп ойладым. Бірақ бізді үйден қуып шығады деп ойламаппын", – деді әйел.

"Олар киімдерді қытай сөмкесіне салып, гаражға лақтырып тастаған"

Келесі күні ол жалдаған заңгермен бірге үйге барып, бейбіт сөйлесіп, қырқына дейін сонда қалудан үміттенген.

Алайда есік тағы жабық болды. Маманның қатысуымен де үйге кіру мүмкін болмады – келіссөздер тағы бір жарым сағатқа созылды. Ішке кіріп, заттарды алу үшін учаскелік инспекторды шақыруға тура келді.

"Енем, қайын інім мен қайын сіңлілерім заттарымызды үлкен қытай сөмкелеріне өздері салып, гаражға лақтырып тастапты. Осы қоқыстың арасында қызымның әкесі сатып алып берген үй жануары – шиншилла да жатты. Енем: "Сендердің мұнда болуға құқықтарың жоқ. Кіруге де құқықтарың жоқ, бұл – жеке аумақ, менің меншігім, менің үйім" – деді", – деп бөлісті Анар.

"Күйеуіме 20 жыл сеніп келдім": неге үй ененің атына рәсімделген және сотта не болып жатыр?

Отбасы тұрған үй заңды түрде Икрам Нұрмашовтың анасына тиесілі екенін алдыңғы материалымызда жазған едік. Бірақ неге баспана әйелдің енесінің атына ресімделді?

Анар 2020 жылы отбасы сонда көшіп барған кезде құқықтық мәселелермен айналыспағанын, жылжымайтын мүлік кімнің атына рәсімделгені туралы ойланбағанын да айтады.

"Пікірлерде: "Әйелі расында соншалықты аңқау болды ма?" деп жазып жатады. Бірақ бұны түсіну үшін менің өмірімді сүру керек. Мен күйеуіме шексіз сендім. Біз 2006 жылдан бері 20 жыл бірге өмір сүрдік, бұл - менің де, оның да жалғыз некесі, Ясмин - біздің жалғыз қызымыз. Күйеуім бұл біздің үйіміз деп айтты, менде ешқандай сұрақ та туындамады. Өкінішке қарай, қазір ол арамызда жоқ, сондықтан ол құжаттарды неге бұлай рәсімдегенін сұрай алмаймын".

Анар барлық жиналған мүлік – некеде тұрған жылдары күйеуімен бірге жасаған ортақ еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті:

"Біз жолымызды бір бөлмелі пәтерден бастағанбыз. Бүгінде бар жиған-тергеніміз – некеде тұрғанда тапқан ортақ мүлкіміз. Иә, менің табысым азырақ болды, бірақ біз әрдайым бір-бірімізге демеу болдық. Мен де жұмыс істедім, үйде бос отырған жоқпын".

Қазір жесір әйел сот арқылы әділдікке қол жеткізуге тырысып жатыр. Отбасының қорғаушылары үйді сатып алу мәмілесін көзбояушылық деп тану туралы талап арыз берді.

"Үйдің ақысын жолдасым төледі. Анамсында ондай қаражат жоқ. Астанадағы пәтерді де, інісіне де пәтерді жолдасым сатып әперді. Оның үй сатып алатындай мүмкіндігі болған жоқ", – деді әйел.

Алғашқы сот отырысы онлайн форматта өтті, бірақ жауапкер тарап – енесі мен оның туыстары байланысқа шыққан жоқ.

"Мұның бәрі – Ясминге үлкен соққы"

Әңгіме соңында біз Анардан Ясминнің қазіргі жағдайы қалай екенін сұрадық.

Оның айтуынша, болған жағдай қызға ауыр соққы болды. Ол әжесіне қатты бауыр басқан еді, ал әжесі оны немерелерінің ішінен үнемі ерекшелеп, өзінің сүйіктісі әрі "гауһарым" деп атайтын.

"Оның тіпті Instagram-дағы барлық нигі, поштасы – бәрі әрдайым "Светлана Ясмин" болатын. Күйеуім кеткеннен кейін, әрине, ол мұның бәрін өзгертіп үлгерді. Сондықтан бұл Ясминге ауыр соққы болды. Ол мұндай болады деп күтпеген де, ойламаған да еді", – деді Анар Нұрмашова.

Болған жағдайдан Ясмин оқитын мектеп те хабардар болды. Анасының айтуынша, сыныптастары оқиғаны өзара талқылап, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бөліскен. Олар қызға қолдау көрсетіп, жігерлендіруге және оның жалғыз емес екенін сездіруге тырысқан. Алайда каникул аяқталғанымен, Ясмин әзірге сабаққа барған жоқ.

Анар қызының қоғамда үлкен резонанс тудырған бейнеүндеуіне қатысты бөлек пікір білдірді.

Қыз бұл видеоны демалыс кезінде анасына айтпай түсірген. Ол оны кешкі уақытта 500-ге жуық оқырманы бар парақшасында жариялады. Отбасы бұл ролик желіде тез тарап, қоғамда үлкен резонанс тудыратынын күтпеген.

"Оның мұндай ауқымға ие боларын елестеткен де жоқпыз. Бір тәуліктің ішінде қаншама адам үн қосты. Кішкентай қыздың бір ғана видеосы. Осыншалықты көп пікір жазылып, оның бүкіл әлемге тарайтынын ойламаған едік. Дүниенің түкпір-түкпірінен көптеген адам хат жазды. Адамдарға шексіз алғыс айтамын, бұл біз үшін орасан зор қолдау. Себебі алғашқы күннен бастап туған-туыстарым демеу болды, бірақ мүлдем бейтаныс жандардың көмегі - үлкен демеу. Баршаңызға алғысым шексіз. Жақсы адамдардың көп екенін білетінмін", – деп түйіндеді Анар.

"Назарды ұлымның қазасынан басқа жаққа аудару": жанжалдың екінші тарабы не деп жауап берді?

Tengrinews.kz қаза тапқан кәсіпкердің туыстарымен – анасымен және қарындастарымен бірнеше рет байланыспақ болды, алайда олар ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпады.

Кейін редакция таратылым түрінде отбасының БАҚ-қа арналған үндеуін алды. Онда екінші тарап әлеуметтік желілердегі қудалау туралы мәлімдеп, келінін кәмелетке толмаған қызын пайдаланды деп айыптады. Төменде алынған үндеу мәтінінің бір бөлігін ұсынамыз:

"Интернетте бізге және отбасымызға қарсы қудалау жүріп жатыр. Күнәсіз немеремізді пайдаланды, бірақ жанашыр жандардың кеңесімен Павлодар облысының прокуратурасына арыз түсірдік. Онда немеремізді қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауды: кәмелетке толмаған баланы ақша жинау науқандарына одан әрі тартудан толықтай оқшаулауды, оның жеке басын әлеуметтік желілерде жаппай талқылауды тоқтатуды, оған көрсетіліп жатқан сыртқы психологиялық қысымды тыюды, сондай-ақ оның суреттері мен бейнежазбаларын үшінші тұлғалардың қылмыстық мақсатта пайдалану қаупінен қорғауды сұрадық. Ең бастысы – оны буллингтен арашалау".

Tengrinews.kz тілшісі қаза тапқан ер адамның анасы Светланамен сөйлесіп, қалыптасқан жағдайға қатысты отбасының ұстанымын егжей-тегжейлі баяндап беруін сұрады. Алайда ол бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Әйел таралған мәліметтерді назарды ұлының өліміне қатысты тергеуден басқа жаққа аудару үшін жасалған тапсырыспен жазылған жарияланым деп атады.

Светлананың айтуынша, отбасы прокуратура мен қорғаншылық органдарына тиісті арыздарды жолдаған. Бұған кәмелетке толмаған немересінің тағдырына деген алаңдаушылық себеп болған, өйткені ол қыз баланы осы жанжалға әдейі тартып жатыр деп есептейді.

Анар Нұрмашованың заң кеңесшісі Серік Берқамалов отбасы ешқандай ақша жинау жарияламағанын хабарлады. Оның айтуынша, алаяқтар Telegram-канал ашып, Ясминнің есімін пайдаланған. Анар мен оның қызы әлеуметтік желілерде ешқандай қаражат жинап жатпағанын және оны жоспарламағанын айтып, ескерту жариялады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Serik Berkamalov (@serikberkamalov) жарияланымы

Сондай-ақ заңгер отбасын қорғау үшін барлық қажетті шара қабылданғанын атап өтті. Қазір Анар мен Ясмин қауіпсіз жерде.

Айта кетейік: Біз екінші тарапқа өз ұстанымын толығырақ баяндауға мүмкіндік беруге дайынбыз. Дауға қатысушылар тарабы редакциямен Tengrinews.kz Telegram-боты арқылы байланыса алады: @tengri_infobot.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:23
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары