Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сәрсемалиевтің анасы сотта отбасы, келінінің ауруы және жанжалдар туралы айтып берді

Сәрсемалиевтің анасы сотта отбасы, келінінің ауруы және жанжалдар туралы айтып берді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Күдіктілер орындығында отбасының бұрынғы күйеу баласы, яғни кіші қызының күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев отыр. 29 мамырда сотта айыпталушының ата-анасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакция сотқа іс бойынша куәгер ретінде қатысқан Сұлтан Сәрсемалиевтің анасының жауаптарын жариялайды. Әйел өз сөзінде ұлының отбасылық өмірі, келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы, сондай-ақ келінінің туыстарымен арадағы кикілжіңдер туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл жайттар кейінгі қайғылы оқиғалардың өршуіне әсер етуі мүмкін.

Үлкен махаббат пен алғашқы түсініспеушіліктер

Айыпталушының анасының айтуынша, оның ұлы мен келіні Ақбаян 2018 жылы неке қиған. Жас жұбайлар Махамбет ауданында күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған. Сотталушының анасы алғашқы жылдары отбасындағы қарым-қатынас тұрақты болғанын, ұлы жұмыс істеп, отбасын асырағанын алға тартады.

Алғашқы жанжал 2022 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева аяғы ауыр кезінде болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ол балаларын алып, уақытша төркініне кетіп қалған. Кейін ерлі-зайыпты қайта қосылып, Атырауға көшіп келген.

Сұлтанның анасының сөзінше, ұлы соңына дейін отбасын сақтап қалуға тырысып, жұбайына қолдау көрсеткен.

Ауыр дерт және емнің салдары

Айыпталушының анасы отбасы өміріндегі елеулі өзгерістер 2024 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева пневмониямен қатты ауырған кезде басталғанын айтады. Оған күрделі ота мен ұзақ емделу қажет болған.

Сәрсемалиевтің анасы сотта сол кезеңде Ақбаянның аяғы ауыр болғанын хабарлады. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін шұғыл түрде кесар тілігін жасауға мәжбүр болған. Сәби аман қалғанымен, анасының жағдайы асқынып, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты ауыр зардаптар болған.

"Оның жай-күйінде ауытқулар басталды, айтқан нәрсесін ұмытып қалатын болды. Бір нүктеге қарап, қатып тұрып қалатын кездері болды. Келінімнің жағдайы нашарлаған соң, баланы аман алып қалу үшін кесар тілігі отасын жасау туралы шешім қабылданды. Ота сәтті өтті - анасы да, баласы да аман қалды", - деді сотталушының анасы сотта.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, кейіннен келінінің денсаулығы айтарлықтай нашарлап, өзіне-өзі қараудан қалған. 2025 жылы Ақбаянға І топтағы мүгедектік тағайындалған.

Ақбаян Мұқанғалиева / ІІМ видеосынан кадр

Туыстар арасындағы жанжалдар

Сотталушының анасы Ақбаянның денсаулығы сыр берген тұста, отбасында келін жағының туыстарымен арадағы түсініспеушіліктер күшейгенін айтты. Ол Сәрсемалиевтің қайын ата-енесімен арадағы кикілжіңді, сондай-ақ балаларға күтім жасау мен емдеу мәселелеріне қатысты келіспеушіліктерді ерекше атап өтті.

Кейіннен, сотталушының анасының айғақтарына сүйенсек, Ақбаянның ата-анасы оны Атыраудан алып кеткен. Бұл оқиға кейінгі жағдайлардың өршуіне шешуші әсер еткен.

Сотта әкесін көрген Сұлтан Сәрсемалиев көзіне жас алды

Айта кетейік, 29 мамырда сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің әкесі де жауап берді. Әкесі сот залына кіргенде, сотталушы қатты толқып, көңіл-күйінің өзгергені байқалды. Туысы түсінік беріп жатқанда ол көз жасына ерік берді, бірақ судья Зарема Хамидуллинаның денсаулығы туралы сұрағына "бәрі жақсы" деп жауап берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы

Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев төрт адамды - бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс 2025 жылы ұзаққа созылған отбасылық жанжал негізінде жасалған. Іс материалдары бойынша, ол қаза тапқандардың денесін жалдамалы үйдің ауласына және марқұм ерлі-зайыпты тұрған үйдің сарайына көміп, жасыруға тырысқан.

28 мамырда Атырауда бұл іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сотта прокурорлар кісі өлтіру жағдайлары мен мәйіттерді және айғақтарды жасыру әрекеттерін қоса алғанда, оқиғаның егжей-тегжейін жариялап жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары